Балабақша тәрбиеленушілеріне арналған іс-шара сценарийі

Oinet.kz 07-10-2018 1077

Музыка жетекші Капезова Гулдана Нурболатовна

«Балапандай өсіріп, мәпелейді бақшамыз»
Мақсаты: Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан - жақты жетілген парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ал, бүлдіршіннің тілге, білімге, өнерге деген қызығушылығы, оның ойлау танымдық қабілеті балабақшадан қалыптасады. Соның бір айғағы балабақшада жиі өтіп отыратын ертеңгіліктер, әртүрлі сайыстар. Ертеңгілікті өткізу арқылы бүлдіршіндерді өнерге бейімдеп, шығармашылығын шыңдау.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, көрермендер бүгінгі балабақша бүлдіршіндерінің өнерін тамашалауға қош келдіңіздер! Алғашқы сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі ------------------------ береміз.

Жүргізуші: Мәз мейрам бүгін бүлдіршін
Естисің сыңғыр күлкісін.
Естисің тәтті сөздерін
Байқайсың жанған көздерін.

Көрсетер бүгін өнерін,
Бал - бұл жанған ұл - қызың.
Құтты болсын қадамың
Өнерге басар жұлдызым.
Би: «Мысықтар» «Ертегі» ересектер тобының бүлдіршіндері

Жүргізуші: Бала деген болашақтың арайы,
Балабақша сол бастаудың сарайы.
Кіп-кішкене бүлдіршіндер әндерін
Көрермендер өздеріңе арнайды.
Ән: «Сылдырмақ» ІІ кіші сәбилер тобының бүлдіршіні
Жүргізуші: Көйлегінің желегін
Желбіреткен өренім.
Дөңгелетіп билеңдер
Өрлей берсін өнерің.
Би: «Боз жорға» «Ертегі» ересек тобының ұлдары

Жүргізуші: Қазақтың арайланып азат таңы
Тағдырдың артта қалды азаптары.
Үмітін үңілумен өткен жылдар,
Жасампаз жазып жатыр парақтарын.
Көркем сөз. « Мен қазақпын» «Ертегі» тобының бүлдіршіні

Жүргізуші: Бүгін мына айнала,
Неткен ғажап әдемі.
Сұлу қыздар ортада,
Би де билеп береді
Би: «Ханзада мен ханшайымдар» «Ертегі» ересектер тобының қыздары

Жүргізуші: Күндей күліп жүреді,
Әп - әдемі бір өзі.
Малика атты сұлу қыз
«Айгөлек» әнін сізге тарту етеді.
Ән:«Айгөлек» ІІ кіші сәбилер тобының бүлдіршіні

Жүргізуші: Бүгін бәрі ерекше,
Бишілерде өнер көп
«Моряк»биін билейді
Ортамызға қыздар кеп.
Би: «Теңізшілер» «Ертегі» ересектер тобының қыздары
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Ән: «Менің Отаным» І кіші сәбилер тобының бүлдіршіні

Жүргізуші: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Қонақтарды құрметтеп,
Би қимылын жасайық
Би: «Көктем вальсі» «Ертегі» ересектер тобының бүлдіршіндері

Жүргізуші: Бүлдіршінде өнер көп,
Қызығады қонақ кеп
Тыңдайықшы көп қауым,
Ертегіге зер салып
«Түлкі, түлкі, түлкішек» ертегісінен көрініс ІІ кіші сәбилер

Жүргізуші: Күлімде, күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегідей бүгінде
Бұлдіршіндер ән салсын.
Породия Қарақат Әбілдина «Айым болып тудың ба»
Жүргізуші: Мың бұралып би билеп,
Шығамыз біз ортаға.
Бүгінгі той тамаша,
Қуанамыз балаша.
Би: «Үнді биі» ІІкіші сәбилер тобының бүлдіршіндері

Жүргізуші: Ән - көңілдің ажары,
Думан тойдың базары.
Әнге аусын бір мезет,
Көпшілік қауым назары.
Ән: «Ойыншықтар»«Ертегі» ересектер тобының бүлдіршіні

Жүргізуші: Күлімде, күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың көкшіл түгіндей
Мың бұралып, би салсын
«Бипыл» ІІ Кіші сәбилер тобының қыздары

Жүргізуші: Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, қанекей тыңдаңдар
Ұландай батыр баланы
Ән: «Ата мен әжеге тағзым» Маркс Ұлан «Ертегі» ересек тобы

Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Аңызбен ертегідей бізге жеткен
Құрметті бишілерді қарсы алайық
Би: «Ұлттық ойындардан папури» ІІ кіші сәбилер тобының бүлдіршіндері

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Ән: «Ару қыздар» Садыр Еламан «Ертегі» тобы
Жүргізуші: Көңілді өскен баламыз,
Шырқатып әнге саламыз.
Тойымызға сән беріп,
Биде билей аламыз.
Би: «Батырлар биі» І Кіші сәбилер тобының ұлдары

Жүргізуші: Мың бұралып би билеп,
Шығамыз біз ортаға.
Бүгінгі той тамаша,
Қуанамыз балаша.
Би: «16 қыз» «Ертегі» ерсектер тобының бүлдіршіндері

Жүргізуші: Ән көмейден құйылды,
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді - дей отырып бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Назар аударып тамашалауға келгендеріңізге көптен - көп рахмет.
Қош сау болыңыздар!

Қазақ хандығына 555 жыл атты іс-шара сценарийі
Сабақ жоспары. Өзін-өзі тану. Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу