«Батька» сыр берді

Oinet.kz 23-05-2023 685

Соңғы апталарда Белорусьтің президенті Александр Лукашенконың денсаулығы әлемдік ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналды. Келесі жылы жетпіске толатын «Батька» өзінің әріптестері Путин мен Рахмоннан,  Қасым-Жомарт Тоқаевтан кіші.

Screenshot_3.jpg

Бірақ ауру дегеніңіз жас таңдаушы ма еді? «Еуропаның ең соңғы диктаторы» деген лақап аты бар Лукашенко бір құлап, тұрды.  

3 мамырда Лукашенко туралы бейнежазба "Пул первого" деп аталатын телеграм-каналдан көрсетілген. Ол хокей ойынын көруге барған. Алайда президенттің бұл кездегі жүріс-тұрсынан пәлендей  ерекшелік байқалмаған. 

9 мамырда ол Мәскеуде өткен парадтқа барды.  Кейбір ақпарат құралдары әскери шеру кезінде Лукашенконың бір қолының дәкемен оралғанын жария етті. Парадтан кейін басқа президенттер белгісіз солдаттың зиратына гүл қою үшін Александров бағымен жаяу жүрген. Олардың арасында «Батька» болмаған. Кейбір дереккөздері Лукашенконың ол жаққа электромобилмен барғанын хабарлады. Лукашенко сол күні «денсаулығына байланысты» президенттерге арналған дастарханның басынан да көрінбеген.   Ол  асығыс түрде әуежайға барып, Минскіге ұшып кеткен. 

Сол күні президент Минскідегі Жеңіс монументіне гүл қою рәсіміне қатысады.  Лукашенкомен бірге оның үш ұлы да болған. Бірақ президент жылдағыдай жиналғандардың алдында сөз сөйлемеген. Салтанатты шарада Қорғаныс министрі Виктор Хренин сөз алған. Осының бәрі Белурась президентінің денсаулығы туралы әңгімелерді өршітті. 

Белорустық телеграм каналдардың жазуынша, Лукашенко 13 мамырда өзінің президенттік клиникасына барған. Осы күні емханаға баратын жолдар жабылған, көше бойын арнайы жасақ күзеткен. 

Осылайша соңынан түрлі қауесеттер ерген Лукашенко осы аптаның дүйсенбісінде төбе көрсетті. Президент біраз үзілістен кейін Қарулы күштердің орталық командалық пунктіне барған. Ол осы жерде әскерилердің әуе қорғанысына қатысты есебін тыңдаған.  

Александр Лукашенко 2020 жылы Белорустің президенті лауазымына алтыншы мәрте сайланған. Еуродақ пен АҚШ адам құқықтарын бұзғаны үшін оған қарсы әлденеше мәрте санкция салған.    

Шымкентте 72 жастағы қария аурухана терезесінен секіріп көз жұмды
Журналист Думан Мұхаметкәрім Әблязовпен сұхбаттасқаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу