Журналист Думан Мұхаметкәрім Әблязовпен сұхбаттасқаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін

Oinet.kz 23-05-2023 517

Қамауда отырған журналист Думан Мұхаметкәрім 26 мамырда бостандыққа шыққаннан кейін бірден қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ulysmedia.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Screenshot_8.jpg

Ulysmedia.kz тілшісіне бұл туралы адвокат Ғалым Нұрпейісов мәлім еткен.

Думан Мұхаметкәрім мамыр айының басында митингілерге қатысуға қайта шақырғаны үшін 25 тәулікке қамауға алынған болатын. Журналист 26 мамырда түстен кейін босатылуы керек.

Алайда, адвокат Ғалым Нұрпейісовтің сөзінше, журналисті қудалау мұнымен аяқталмауы мүмкін. Оның айтуынша, Думан Мұхаметкәрім ҚР ҚК 405-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қорғаушының айтуынша, бастапқыда қылмыстық іске Думан Мұхаметкәрім қорғану құқығы бар куәгер ретінде тартылған, бірақ енді күдіктіге айналуы ытимал.

"Қылмыстық іс қозғауға не түрткі болды? Думанның Әблязовпен тікелей эфирлері мен сұхбаттары болды, онда өткір сұрақтар мен тақырыптар көтерілді. Енді прокуратура Думанды Әблязов пен ДВК идеяларын алға тартты деп айыптағысы келеді. Думанға кейбір азаматтар бұл тақырыпты беруден бас тарту туралы ұсыныспен шыққан. Бірақ ол бас тартты. Әкімшілік қамауға алу – оның ұстанымын қабылдамаудың бір түрі. Оған 405-баптың ілінуі ақылға сыймайды. Думан ешқандай ұйымның жанашыры, мүшесі емес. Ол тек саяси ақпарат тарататын журналист. 405-баптың көмегімен олар оның аузын жабуға тырыспақ. Әблязов митингілерге шақырған кезде, Думан бұл туралы айтты", - деп атап өтті адвокат.

Нұрпейісовтің айтуынша, 405-бап санкциясы қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салуды көздейді. Басқаша айтқанда, журналист тыйым салынған ұйымның идеяларын алға тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

Думан Мұхаметкәрім  26 мамырда бостандыққа шыққан уақытта оны бірден басқа сотқа алып кетуі ықтимал деп алаңдаулы қорғаушы. Адвокаттың айтуынша, оның тәжірибесінде мұндай жағдайлар болған.

"Сондықтан мен қазір дабыл қағып жатырмын", - деді Нұрпейісов.

Еске салайық, 30 қаңтарда YouTube-тегі «Не дейді» арнасының авторы, қаңтар оқиғасын белсенді жариялаған журналист Думан Мұхаметкәрім Мәжілістегі сайлау додасынан шеттетілді.

20 наурызда Думан Мұхаметкәрім Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырды.

21 наурызда оның 25 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. Қамауда отырғанда журналист аштық жариялады.

15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.

«Батька» сыр берді
Тәліптер Иранға соғыс ашты - БАҚ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу