Хроника дегеніміз не?

Oinet.kz 07-09-2020 2758

Хроника – журналистиканың ақпараттық жанрларына жататын шағын ақпараттық мақала. Хрониканың басты ерекшелігі ретінде оның басына тақырып қойылмайтындығын айтуға болады. Шағын, кейде тіпті көлемі бірер жол ғана болатын ақпараттық сипаттағы мақалалар. Осындай қысқа сөйлемдерден тұратын бір-екі жолдық хроникалар болған оқиға жайында егжей-тегжейлі емес, тек фактілер келтіріп жазылады. Хроникада Кім? Қайда? Қашан? деген сұрақтарға жауап беріледі. Көптеген газеттерде хроникалар «Жер-жерден», «Қысқаша да бәрі», «Облыс бойынша», «Мәдени хабарлар» т.б. бас тақырыптарға біріктіріліп беріледі. Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы.

Ашық сабақ. География. Күн – жұлдыз. Жарықтың таралуы.
Ашық сабақ. География. Тарауды қайталауға арналған тест тапсырмалары.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу