Реферат. Аристотель өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 08-10-2019 626

Аристотель
Бұл кісінің есімі халық арасында бұрыннан-ақ әйгілі. Ол өз заманында адам баласына керек білімнің барлық салалары бойынша қалам тартып, керемет ғылыми тұжырымдар жасаған. Авторлардың біреуі Аристотель 400 кітап жазған десе, енді біреулері 1000 кітап жазған деседі.
Ежелгі грек данышпаны Аристотель б.з.д. 384 жылы Стагир қаласында туған. Әкесі Никомах Македония патшасының тәуібі және досы болған. Аристотельге әкесі жастайынан философия мен медицина бойынша сабақ беріп дайындаған. 17 жасқа толғанда Аристотель Платонның атақты Академиясына шәкірт болады. Міне, осы мектепте ол 20 жыл бойы үзбей оқып, ғылымның барлық саласынан Платон және басқа грек ғұламаларынан тәлім алады. Платон оған Академияның «ақылы» деген атақ берген. Платон қайтыс болғаннан кейін Аристотель Афинадан басқа қалаға кетеді, осы қалада ол 39 жасында үйленеді.

Филология. Реферат. Этнолингвистика – антропоөзектік ғылымдардың бастауы
Реферат. Қазақ тілі - менің тілім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу