Toyota Alphard немесе Әзірейіл такси

Oinet.kz 24-07-2022 8712

Осыдан екі күн бұрын інім хабарласып, Ақтөбеден сағат 15:00-де таксимен жолға шығатынын айтты. Ауылдың тұсына шамамен түнгі 00:00, 01:00 шамасында келеді деп үлкен жолдың бойында күтіп алуға шықтым. Сағат 02:00 болды, 03:00 болды әлі жоқ.

Screenshot_5.jpg

Аралдың тұсындамыз деп бір қоңырау шалған. Содан телефоны өшірулі. Ал кеп уайымдайын. Адамға бірінші жаман ой келеді ғой. Құдайдан амандығын тілеп тұрмын қайта-қайта. Ауық-ауық телефон соғамын. Өшірулі. Жол жиегінде аваринка жағып тұрған мені көріп жол полициясы келіп не үшін тұрғанымды сұрап, көмек қажет болса айтыңыз деп жанымда серік болып жарты сағаттай тұрды. (Өмірімде бірінші рет мейірімді полиция көргенім болған шығар) 

Сағат 04:30 да менің көлігімнің алдына көлік кеп тоқтады. Інімнің айтқан нөмірлі қара Toyota Alphard емес, басқа ақ машина. Көліктен түсе сала жүгіріп кеп құшақтап, тірі көрдім-ау сендерді деген інімнің сөзі маған жаман нәрсенің болғанын аңғартты. 

...Інім Ақтөбеден мініп шыққан қара Toyota Alphard жолда 160 км/сағ жылдамдықпен келіп түйеге соғыпты. Шофер алдыңғы терезеден ұшып кетіпті. Артында отырған соң ініме онша зақым келмепті. Көгеріп, іскен жерлері бар екен. Үйге алып келіп іскен жерлеріне салқын мұз басып, жырылған жерлерін спиртпен сүртіп әйтеуір алғашқы көмекті жасап жатырмыз. Анам інімнің аман қалғанына Құдайға шүкір айтып, жеті шелпек пісіріп таратып жіберді.

Бұл мен танитын жандардың басқа-басқа емес, Toyota Alphard көлігімен авария болған бірінші жағдайы емес! 

Құрметті Toyota Alphard айдайтын боқмұрындар мен өздерін керемет шебер шопыр санайтын ағалар! 

Өзіңе сенбесең сонша қатты жылдамдықпен көлік айдамаңыздаршы!

Сенің қолыңда бір үйдің жалғызының, бір үйдің азаматының, бір үйдің арқа сүйерінің, бір үйдің асыраушысының өмірі тұрғанын ұмытпа! 

Түйін:

Арнайы құзырлы орындардан оң жақ рульдегі көліктерге, жоғары жылдамдықпен жүретін жүргізушілерге қала аралық такси болуға заңмен тыйым салуын сұраймын!

Жасұлан Серік, facebook парақшасынан

Біреу тепсе «Кешіріңіз, аға, менің құйрығым сіздің аяғыңызға тиіп кетті», деп тыныш жүретін заман
Басшыға басқа дін керек емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу