Ашық сабақ. Физика. Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс.

Oinet.kz 09-10-2019 1063

Сабақтың тақырыбы: §31. Дыбыс.
§32. Дыбыс сипаттамалары
§33. Акустикалық резонанс.
§34. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық.
§35. Ультрадыбыс


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: дыбыс толқындарын, оның негізгі сипаттамаларын, акустикалық резонанс, жаңғырық, ультрадыбыс тақырыптарын мысалдар арқылы түсіндіріп, білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушыларға білім беру арқылы ғылыми көзқарасын дамыту.
Тәрбиелік: терең ойлауға, ғылымға, білімге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, есептер шығару, тест

Сабақтың барысы:
I. Ой қозғау
а. Ұйымдастыру. (Амандасу, түгендеу)
ә. Физикалық диктант
б. “Ой шақыру” стратегиясы
II. Мағынаны тану
а) Жаңа тақырыпты игерту
б) Бекіту тапсырмалары
III. Ой толғау
а) Есептер шығару
ә) Үйге тапсырма

Физикалық диктант
1. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.
3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын
4. Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
5. Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.
6. Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.
7. Гравитациялық толқын – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын.

“Ой шақыру” стратегиясы
Механикалық толқындар әлемінде біз көрмейтін, бірақ, сол арқылы бір - бірімізбен қарым - қатынас жасап, музыка, радио тыңдайтын толқын түрі бар.
Ол қалай аталады?
(дыбыс)

Дыбыс толқынын тербелістегі дене тудырады.
Тербелістегі дененің айналасында сыртқы ортаның күйі өзгереді (қысымы). Ауаның тығыздалуы және қайта сиреуі нәтижесінде адам құлағының естуін тудыратын дыбыс пайда болады. Сонымен қатар сыртқы ортада тербеліс тудыратын кейбір құбылыстар (жарылыс, жел, найзағай, оқтың ұшуы т. б.) да дыбыс көзі болып табылады.

Адамның есту мүшесіне әсер етіп, дыбысты түйсінуге әкелетін серпімді толқындарды дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар деп атайды.
Адам тербеліс жиілігі 16 – 20 мың Гц аралығын ести алады.

Жиілігі 20 000 Гц - тен жоғары толқындар – ультрадыбыстар, 16 Гц - тен төмен дыбыс толқындары - инфрадыбыстар деп аталады.

Адам жиілігі 16 Гц - 20 000 Гц аралығындағы диапазондағы дыбысты қабылдай алады.
Инфрадыбыстарды адам құлағы естімейді.
Кейбір тіршілік иелері 20 - 30 мың Гц - ке (мысалы, жарқанат 21 мың Гц - ке, дельфиндер - 28 мың Гц – ке) дейінгі тербелістерді қабылдай алады.
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс. жүктеу

Медицина. Реферат. Дәлелді фармакотерапия
Ашық сабақ. Физика. Электромагниттің сәулеленудің адам ағзасына әсері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу