Ашық сабақ. Физика. Электромагниттің сәулеленудің адам ағзасына әсері

Oinet.kz 09-10-2019 640

Электромагниттің сәулеленудің адам ағзасына әсері
Бұл тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда қоршаған ортаны, адамдарды электромагниттік сәулелену көзі болып табылатын тұрмыстық техникаларсыз елестету мүмкін емес. Бірақ та олардың адам ағзасына тигізіп жатқан әсері қаншалықты екенін көбі біле бермейді...
Бүгінгі қоғамда адамдар радиотехникалық және радиоэлектроникалық құрылғылардың электромагниттік желісі құрамына кіріп, соның қармауында қалып бара жатыр...
Кернеуі жоғары және өте жоғары қуатты электр беру желілері, көптеген қуатты жоғары радио - және теле - хабарлаушы станциялар, ғарыштық ретрансляторлар – осылардың барлығы дерлік электромагниттік өріс ықпалының әсері болып табылады.
Осынау өзекті мәселені шешудегі біздің мақсатымыз экранда көрсетілгендей:
• Тұрмыстық техника және ұялы телефон шығаратын электромагниттік сәуленің адам ағзасына әсері мәселесін зерттеу;
• Күннен - күнге белең алып келе жатқан электромагниттік сәулеленуден қорғану амалдарын қарастырып, оның ішінде Қазақстанда жүзеге асуы мүмкін жолдарын сараптау және адамдар назарына ұсыну.
Ал осы мақсатты іске асыру үшін біз алдымызға келесідей міндеттер қойдық:
 Тұрмыстық техника және ұялы телефон шығаратын электромагниттік сәуленің адам ағзасына әсерін әдебиеттерден зерттеп тану;
 Студенттер арасында әлеуметтік сауалнамалар мен аталған тақырыпта талқылаулар жүргізу;
 осы қауіп жайлы адамдарға ақпарат беру және оның әсерін азайту тұрғысында барынша тиімді ұсыныстар келтіру.
Мақсат міндеттерімізді айқындап алдық, ал енді бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің біріне көшейік. Алдымен электромагниттік өрістің сәулеленудің адам ағзасына әсері туралы айтпас бұрын ең алдымен электромагниттің, электромагниттік өріс/сәулелену деген ұғымдарға тоқтала кетсек.
Электромагниттік өріс электр және магнит өрісінен құралады Ол толқын түрінде таралады.
Электромагниттік сәулелену дегеніміз (электромагниттік толқын) – айнымалы электромагниттік өріс тербелістерінің кеңістікте таралуы (яғни магнит өрісі мен электр өрісінің бір - бірімен әсерлесуі).
Магнит өрісі дегеніміз өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрі
Электр өрісі дегеніміз кез - келген зарядталған денелердің айналасында пайда болатын, материяның ерекше түрі
Электромагниттік сәулелену өзінің көріну жиілігіне қарай инфрақызыл, радиотолқын, көрінетін жарық, ультракүлгін сәулелер, рентгендік және гамма сәулелері.
Электромагниттік сәулелену толқын ретінде таралатындықтан поляризация, толқын ұзындығы және жиілік оның негізгі параметрлері болып саналады.
Электромагниттік өріс кеңістіктің барлық бағытында 3*108 м/с жылдамдықпен электромагниттік толқын түрінде тарайды.
Жоғарыда айтылған анықтамалар мен ережелер бұл электромагниттік сәулеленудің физикадағы түсініктемелері.
Ал қоғамдағы, күнделікті біздің өміріміздегі электромагниттік сәулелену дегеніміз ол күні бойына көз алдымызда болатын тұрмыстық техникамен құралдар, қолымыздан түспейтін ұялы телефон және т. б. Сырт көзге байқалмаса да бұлар адам ағзасына белгілі бір мөлшерде зиян келтіруде.
Дегенмен де бұл орайда жаңаша бір мәлімет бере кетсек:
Жердегі кез - келген ағза сияқты адамның денесінде де өзіндік электромагниттік өріс болады, ол ағзаның барлық жасушаларының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Адамның электромагниттік сәулесін биоөріс (көрінетін бөлігі – аура) деп атайды. Бұл өріс ағзаны кез - келген негативті әсерлерден қорғайтын негізгі қабықша болып табылады.
Адамның биоөрісі бұзылған жағдайда ағзамыздың мүшелері мен жүйелері кез - келген ауру факторының тууына жол береді. Егер бізге электромагниттік өрістен басқа сәулелену көздері әсер етсе, яғни біздің биоөрісімізден қарқындырақ, онда ағзамыз бейберекет күйге тап болады. Бұл дегеніміз денсаулықтың түбегейлі нашарлауының бастамасы.

Ғылыми жетекші: Жилгильдинов Ж. С.
Орындағандар: Толықбаева Е., Калиева Ұ.

Ашық сабақ. Физика. Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс.
Ашық сабақ. Физика.Әлем ғажайыптары. Аспаннан метеорит жерге қанша рет түседі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу