Құжаттарды дайындау және ресімдеудің жалпы ережелері

Oinet.kz 10-10-2019 1894

Сабақтың тақырыбы: Құжаттарды дайындау және ресімдеудің жалпы ережелері
Білімділік. Оқушыларды құжаттарды дайындау және ресімдеудің жалпы ережелерімен таныстыру, бұл құжаттың маңызы туралы алған теориялық білімін нақтылау
Дамытушылық. Сабақта оқушылардың дүниетанымын кеңейту, іздемпаздығы мен белсенділік қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік. Ойларын ерін айтуға, еңбекке, сұлулыққа, таңдап алған мамандықтарын бағалай білуге, жолдастарына көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнектілігі: Мульттимедиалық подиум, үлестірмелі қағаз, үлгілер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
1. Құжаттың орындалғаны және оның iске жiберiлген туралы белгi қандай деректерден тұруға тиiс?
2. Қызмет дәрежелерi тең бiрнеше адам құжатқа қол қоятын кезде олардың қолдары қалай орналастырылады?
3: Құжаттың жобасына ескертпелер мен толықтырулар қайда баяндалады?
4. Барлық жүйедегi құжаттардың мiндеттi реквизиттерiне не жатады?

ІІІ: Жаңа сабақты түсіндіру.
Құжаттарды дайындау мен ресімдеуде келесі деректемелер қолданылады.
Мемлекеттiк 6. 38 - 90 стандарты ұйымдық - өкiмдік құжаттар реквизиттерiнiң мынадай құрамын белгiлейдi:
1 - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
2 - ұйымның эмблемасы
3 - наградалардың бейнелерi*;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары бейнеленедi.
4 - ұйымның коды
5 - құжаттың коды
6 - министрлiктiң немесе ведомствоның атауы;
7 - ұйымның атауы
8 - құрылымдық бөлiмшенiң атауы
9 - байланыс кәсiпорнының индексi, почталық және телеграфтiк
мекенжайы телетайп, телефакс нөмiрi, телефон нөмiр банкiдегi есеп айырысу шотының нөмiрi
10 - құжат түрiнiң атауы
11 – мерзiмi
12 - индекс
13 - келiп түскен құжаттың индексi мен күнiне сiлтемелер
14 - жасалған немесе басып шығарылған жерi
15 - құжатты оқуға шек қою белгiсi
16 - адресат
17 - бекiту жөнiндегi белгi
18 – бұрыштама
19 - мәтінiң тақырыбы
20 - бақылау туралы белгi
21 - мәтін
22 - қосымшалары бар екенi туралы белгi
23 – қолы
24 - келiсiлгенi туралы белгi
25 - рұқсат беру белгiлерi;
26 - мөр
27 - көшiрменi куәландыру туралы белгi
28 - орындаушының тегi және оның телефон нөмiрi
29 - құжаттың орындалғаны және оның iске жiберiлгені туралы белгi;
30 - деректердiң машинкалық жазуға түсiрiлгенi туралы белгі
31 - келiп түскенi туралы белгi

Стандарттарда құжаттың әрбiр реквизитiнiң қатаң түрде белгілі бiр жерде орналастырылуы көзделген және ол реквизиттердегi көрсетiлген нөмiрлердiң ретiне сай болуға тиiс Ұйымдық - өкiмдiк құжаттарды әзiрлеу мен ресiмдеу барысында мiндеттi түрде болуға тиiстi реквизиттердiң құрамы басқа да реквизиттермен толықтырылады.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Мемлекеттiк 6. 38 - 90 стандарты ұйымдық - өкiмдік құжаттар реквизиттерiнiң құрамы қандай?
2. Құжатты ресімдеуге қандай деректемелер қойылады?
Ү. Оқушыларды бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 17 - 20 бет

Құжаттардың бланкілеріне және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар
Құжаттардың міндетті деректемелері және оларды рәсімдеу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу