Ашық сабақ. Тарих. Ұлт азаттық қозғалыстың барысы

Oinet.kz 14-01-2020 730

9 - сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §3. Ұлт азаттық қозғалыстың барысы
Сабақтың мақсаты:
 ХХ ғасырдың басында қоғамдық – саяси қатынастардың дамуында үлкен өзгерістер туғызған саяси оқиғалар ахуалын түсіндіру;
 Оқушы санасындағы отаншылдық қасиеттерді оята отырып, Қазақстанның ХХ ғасыр бойындағы қоғамдық өмірдегі орнын көрсету;
 Оқушыларды қоғамдық – саяси өмір дамуының кезеңдерімен, тарихи өзгерістердің қоғамдық қатынастардың дамуына тигізер әсерімен таныстыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақтың жоспары
IV. Сабақты бекіту:
V. Бағалау:
VI. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
 Қозғалыстың себептерін талдап түсіндіріңдер, қозғаушы күштерін дәлелді анықтаңдар.
 Тарихта бұл қозғалыстың ұлт - азаттық қозғалыс ретінде сипатталуына қандай негіз бар?
 1916 жылғы қозғалыстың ХІХ ғасырдағы қазақтар көтірілістерінен айырмашылықтары қандай? Ұлт – азаттық қозғалысының Жетісу және Торғай орталықтарында болған оқиғаларын салыстыра отырып сипаттама беріңдер.
 Патша отаршылдарының көтерісшілерге қарсы күрес тәсілдері мен жазалау шараларына баға беоіңдер.
 1916 жылғы қозғалыстың маңызы туралы өз ойларыңды ортаға салыңдар.
 Қазақ демократтарының ұстанымдарына баға беріңдер.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Ақпан ревалюциясының Қазақстанға ісері.
2. Тыл жұмысындағыоардың қайтіп келуі және олардың ревалюциялық үрдіске ықпалы.
3. 1917 жылғы Ақпан ревалюциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ағымдар.

Сабақты бекіту:
 Ақпан ревалюциясының жеңісін қазақ зиялыларының құптап қарсы алуының себебі неде?
 Ақпан ревалюциясынан кейінгі кезеңдегі Қазақстандағы саяси оқиғаларға сипаттама беріңдер.
 Ревалюциядан кейінгі кезеңде қоғамдық ойдың өрістеу себептеріне назар аударыңдар.
 Қазан төңкерісі қарсаңындағы ревалюциялық өрлеу үрдісі неден көрініс береді?
 Түркістан және Қазақстан халықтарының ұлттық өзін – өзі билеуге ұмтылысы немен аяқталады?
 Мұсылман үкіметтері алдарына қандай мақсат қойды?
 Алашордашылардың алдарына қойған мақсаттары мен нақты әрекеттеріне сипаттама беріңдер.

Бағалау:
Үйге тапсырма: §3.
Ұлт азаттық қозғалыстың барысы. жүктеу

Ашық сабақ. Тарих. Ғұн тайпаларының бірігуі.
Ашық сабақ. Тарих. Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыстар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу