Химия пәні бойынша емтихан билеттері

Oinet.kz 22-09-2020 1929

1-билет
Мына тотығу-тотықсыздану реакциясына коэффициенттер қойып теңістіріп, жалпы коэффициент санын есептеңіз:
KMnO4 + H2SO4 + Na2SO3 → K2SO4 + MnSO4 + Na2SO4 + H2O

2-билет
22% - ті 150 г құмырсқа қышқылын бейтараптауға жұмсалатын натрий гидроксидінің массасын есептеңіз.

3-билет
16 г темір (ІІІ) оксидін толық тотықсыздандыру үшін қажет сутегінің мөлшерін есептеңіз.

4-билет
Өзгерістер схемасындағы Х1 және Х4 заттарды анықтаңыз.

+ Cl2 +NaOH + HNO3 t0
Fe → X1 → X2 → X3 → X4

5-билет
13 г пропенмен қосылу реакциясына түсетін бромның массасын есептеңіз.

6-билет
Зат құрамында 80% көміртегі бар, ал сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 15-ке тең. Көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңыз.

7-билет
Тізбекті орындау үшін мүмкін болатын реакция теңдеуін құрастыр:
K → KOH → KHCO3 → KCl → KNO3 → KNO2

8-билет
3м3 этиленнен (қ.ж.) шығымы 70% болса, алынатын этанолдың массасын есептеңіз.

9-билет
Мына тотығу-тотықсыздану реакциясына коэффициенттер қойып теңістіріп, жалпы коэффициент санын есептеңіз:
K2Сr2O7 + KJ + H2SO4 → Cr2 (SO4 )3 + J2 + K2SO4 + H2O

10-билет
Сынап (ІІ) нитратының ерітіндісін электролиздеу теңдеуіндегі барлық коэффициенттер қосындысын есептеңіз.

11-билет
Массасы 80 г 1,2 % -ті бром суы көлемі 200 мл (қ.ж.) метан мен этилен қоспасын түссіздендіреді. Қоспадағы метанның көлемдік үлесін есептеңіз.

12-билет
Барий хлориді мен калий сульфаты әрекеттескендегі толық иондық теңдеуіндегі барлық коэффициенттер қосындысын анықтаңыз.

13-билет
Сутек бойынша тығыздығы 29-ға тең алканның толық жану теңдеуіндегі коэффициенттер қосындысын есептеңіз.

14-билет
Массасы 420 г 60% -ті күкірт қышқылы ерітіндісіне 1 моль күкірттің (VI) оксиді қосылды. Соңғы ерітіндідегі еріген заттың күкірт қышқылының массалық үлесін есептеңіз.

15-билет
Көлемі 0,12 л 19,2 % -ті тығыздығы 960 г/л аммиак ерітіндісіне көлемі 0,33 л 25% -ті тығыздығы 1150г/л азот қышқылы ерітіндісі құйылды.
Алынған тұздың массасын есептеңіз.

16-билет
Формулалары мынадай: ZnCl2; СаSО4; Ғе(NОз)2 тұздардың қайсысы гидролизденеді? Мүмкін болатын гидролиз теңдеулерін жазып, берілген ерітіндінің қышқыл не сілті болатынын көрсет.

17-билет
600 г 55 процентті ерітінді даярлау үшін қанша мөлшерде 87 проценттік күкірт қышқылы ерітіндісі және неше грамм су қажет?

18-билет
340 кг аммиактан алуға болатын массалық үлесі 60% -тік азот қышқылының ерітіндісінің массасын есептеңіз.

19-билет
Темір (II) оксиді мен темір (III) оксидінің қоспасының 37 грамын сутегімен тотықсыздандырғанда темірдің 28 грамы алынды. Қоспадағы оксидтердің массалық үлестерін анықтаңыз.

20-билет
Құрамында 95% алюминий оксиді бар 1 т глиноземнан 0,426 т алюминий алынды. Шығымын анықтаңыз.

21 -билет
Мырыш пен мыстың 10 г қоспасындағы мыстың массалық үлесі 39% болса, қоспа мен тұз қышқылы әрекеттескенде (қ.ж.) сутектің көлемі (л) есептеңіз.

22-билет
Мыс пен алюминий ұнтақтары қоспасының 20 грамына күкірт ,
қышқылының ерітіндісімен әсер еткенде 6,72 л сутек бөлініп шықты. (қ.ж.) Қоспадағы мыстың массалық үлесін анықтаңыз.

23-билет
100 г ізбес тасты күйдіргенде 33 г көміртегі (IV) оксиді түзілді. Берілген үлгідегі кальций карбонатының массалық үлесін есептеңіз.

24-билет
25 г алюминий мен массасы 243 г 30% -тік тұз қышқылы ерітіндісімен әрекеттескенде түзілетін сутектің көлемін есептеңіз.


25-билет
Құрамында 90% ҒеS2 пириті бар, күкіртті колчеданынан көлемі
0,7 м (қ.ж.) күкірт (IV) оксиді алынды, реакция өнімінің шығымы 80% болса, темір колчеданының массасын есепте.

26-билет
8,84 кг техникалық магний құрамында 5% -ті мыстан тұратын бөгде заттары бар үлгіні 244,3 л 24 %-ті (тығыздығы 1170 кг/м3) күкірт қышқылымен өңдеді. Нәтижесінде неше грамм, қандай тұз пайда болды.

27-билет
10м3 улы газ СО көміртегі (ІІ) оксиді мен көміртегі (IV) оксиді СО2 қоспасын жағуға 20м3 ауа жұмсалды. Қоспа кұрамындағы улы газдың көлемдік үлесін анықтаңыз.

28-билет
Құрамында 2% -ті бөгде заттар қоспасы бар, 0,1кг техникалық мысты ерітуге 14%-ті (тығыздығы 1080 кг/м3 ) азот қышқылы ерітіндісі жұмсалды, реакцияны жүргізуге қажетті азот қышқылының көлемін есепте.

29-билет
Құрамында 98% көміртегі бар, 10кг коксты жағуға қажетті (қ.ж.) ауанын көлемін есептеңіз.

30-билет
500 мл 2М азот қышқылы ерітіндісіне 200 мл 4М калий гидроксиді ерітіндісі құйылды. Түзілген тұздың массасын есептеңі

Химия. 9 сынып. Емтихан билеттері
Химия пәні бойынша емтихан билеттері (ІІ нұсқа)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу