Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдары

Oinet.kz 30-09-2020 3986

Кенжесариева Амангуль,

Қызылорда қаласы, №271 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі 

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс», - деп оның қоғам өміріндегі орны мен рөлін, қадір-қасиетін айрықша атап көрсетті.
Бүгінгі таңда қазақ мектептерінің өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.
Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы, педагогика ғылымының докторы И.Нұғыманов пен 3.Қашқынбаева «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады» - дейді.

Қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Балақаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, Ы.Маманов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, А.Жапбаров, Ә.Болғанбаев, С.Исаев, А.Ысқақов, Р.Әміров, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінде «тіл» ұғымының сан қырлы жағына тоқталады. Тіл табиғатының қыр-сырына терең жан-жақты үңілу – ғалым А.Байтұрсынұлынан бастау алып, Қ.Жұбанов зерттеулерімен өз жалғасын тапқан. [1].
Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу − бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Бүгінгі күннің тілек – талабы тұрғысынан білім мазмұнын жаңғырту, өмір талабына орай дамыта оқыту, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып заман ағымына жауап беруі мұғалімдерге жауапты істерді жүктейді.

Бастауыш сынып оқушылары үшін тіл – білім алудың көзі болып саналады. Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдер баланың тілін дамытуың маңызын түсінуі тиіс. Оқушының тілінің дамуы жоғары болса, ол оның өмір жолында, сыныптастарымен қарым-қатынасына, сонымен қатар мектепте нәтижелі оқуына әсер етеді.
Сөйлеу тіліне ең алдымен, анықтама бере кетсек. «Сөйлеу тілі – күнделікті қарым-қатынаста пайдаланылатын әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу тлі белгілі бір жағдайда ауызба-ауыз тікілей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз бйланысты болады. Ал ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді, яғни үйреншікті жағдайда адамдар емін-еркін сөйлейді. Сонымен бірге сөйлеу тілі жазбаша түрде де қолданылады. [2].
Оқушылардың сөйлеу тілінің қабілеттерінің қалыптасуы және дамуының нәтижелі шарттары қандай?

Ең бірінші шарт ол – қарым-қатынастың қажеттілігі. Демек, өз пікірімен немесе ақпаратпен бөлісу тілегі мен қызығушылығын туғызатын, сөйлеу тілінің ынтасын айқындайтын жағдайларды қалыптастыру керек.
Екінші шарт ол – қарым-қатынас ортасын құру. Қарым-қатынас ортасы – бұл ата-аналардың, жақындардың, достардың әңгімелері, көркем әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары, мұғалімнің сөйлеу тілі, оқулықтардың тілі... Сөйлеу тілі оқушыға қарым-қатынасқа түсуге және дүниені танып білуге көмектеседі.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеуге үйретуде психологияға сүйенбей болмайды. Сөйлеу тілін дамыту процесінде адамның еркі, есте сақтау қабілеті, ой-өрісінің дамуы, сезімі, қиялдай білу ерекшеліктері негізгі рөл атқарады.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің дамуы әрдайым педагогикалық басшылықты қажет етеді. Сөйлеу тілін дамыту мен байытуда жүйелі жұмыс қажет.
Жас балалардың тілін дамытудың бір жолы ол - көрнекілік пен ойын. Ойын арқылы түрлі тілдік жағдай туғызып, балалардың түрлі тақырыпта сөйлеуіне жағдай жасауға болады. Ойын кезінде баланың сөйлеуге ынтасы артады, көңіл-күйі өседі, сөйлеуге белсенді қатысады. Ойын баланың сана-сезіміне де әсер етіп, тәрбиелік мақсатын да орындайды.
Ойын кезінде балалар бір-бірімен тіл арқылы тығыз қарым-қатынасқа түседі. Ойынға байланысты сөздер ойын кезінде бірнеше рет қайталанады. Сондықтан ойынды белгілі сөздердің қайталануына қарай ойын-жаттығу деп атау ғылымда бар, біз де осы пікірге қосылып, ойын-жаттығу терминін қолдану дұрыс деп таптық.
Ойын-жаттығу мына талаптарға сәйкес болуы керек:
1. Ойын-жаттығу баланың жасына сай болуы керек.
2. Ойын-жаттығу негізінен сөйлесімнен құрылуы керек. Яғни, ойынның негізі саналатын тілдік жағдай сөйлеу әрекетін туғызатын боуы керек.
3. Тілдік қатысымды жүзеге асыратын сөйлеу нәтижесіне ойнау нәтижесі қосылу керек.
4. Ойын-жаттығу ұжымдық болады, бала ойында өзі қалған рөлді таңдай алуы керек.
5. Ойын-жаттығу баланың ауызша сөйлеу дағдысын, сөйлей білуін нақтылы сөйлеу әрекеттері арқылы жүзеге асу жағдайын белгілеу керек. Бұл әдісте білім мен ойын сабақта елеусіз байланысады да, ойында, сабақта бала өзін еркін ұстайды. [3].
Оқыту әдістемесін зерттеген ғалымдар оқытуда қолданылатын көрнекіліктің мынадай түрін ұсынды, олар: демонстрация, иллюстрация.
Оқытуды демонстрациялық негізде ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Оқушылардың құбылысты және танымдық процесті, өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқыту процесінде проблемалық және ізденушілік жағдайға итермелейді.
Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (суреттер, сызбалар, портреттер, модельдер) көрсету қолданылады. Мысалы, қазақ тілі сабағында оқушыларға сурет көрсетіліп, оны сипаттау жұмысы немесе мәтін құрастрыу, не болмаса екінші бір суретпен салыстыру жұмысын орындатуға болады. Көрнекіліктер айшық түсті, барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс және ол оқушының жас ерекшелігіне сәйкес келуі ескеріледі.[4].
Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әртүрлі ойлау әрекетіне бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды.
Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар, жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл жұмыстары мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтаға жауап беру және шығарма, мазмұндама жазу арқылы жүзеге асырылады.

Көптеген мұғалімердуің байқауы бойынша бастауыш сынып оқушыларының жаттығуларды түсінбеуі, олардың тілінің дамуының жетіспеушілігінің себебі болып отыр.
Жаңа сөздермен жұмыс тіл дамыту барысында ерекше орын алады. Оқушы әр сабақ барысында белгілі бір мөлшерде жаңа сөздерді меңгеруі тиіс. Сөйтіп, оқушылардың сөздік қоры молаяды. Сабақ барысында сөздерді жеке дара емес, белгілі бір жағдайға байланысты тақырып аясында қолдануға мүмкіндік жасалуы тиіс. Ахмет Байтұрсынұлының: «Тіл дамыту мәселесі тек қана грамматика заңдарына үйреніп, не болмаса, сөздерді балаға үйретіп қана емес, сөзді тіршілігінде көрсету барысында ғана шешуге болады», – деген тұжырымы бұған дәлел бола алады. [5].
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылыас балалармен белсенді түрде сөздік қарым-қатынас жасайды.
Бала тілін дамытып қалыптастыруда өз ұлтымыздың ауызекі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Халқымыздың ертегі, аңыз-әңгімелері, мақал–мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары, ойнақы, жеңіл тілімен беріледі. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмей, бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілеті мен тілін ұштайды. Мақал-мәтелдерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері көп. Оларды сыныпта, сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқытумен бірге сәйкестендіріп алған ыңғайлы.
Сөйлеу тілін меңгерудің келесі жолы – кешенді оқыту. Ал оқушыларға арналған кешен: оқулық, фонограмма, күйтабақтар, үнтаспалар, бейнетаспалар, дидиактикалық үлестірмелік жаттығулар, сөздіктер т.б.

Қазақ тілі сабақтарында үнтаспаны қосу немемсе бейнетаспаны көрсету арқылы тақырыпқа шығуға болады. Тақырыпты тапқаннан кейін оқушылар алдарына мақсаттарды қояды. Сабақ барасында тақырып мазмұнына сай дидактикалық үлестірмелі жаттығуларды беруге болады. Мысалы, жұппен жұмыста өз көршіңмен бірлесіп диалог құру және оны сахналау. Бұл оқушылардың бір-бірімен қатынасын жақсартып, сахналауда тапқырлық пен ептелікттерін дамытады. Ал топтық жұмыста оқушыларға сурет бойынша ертегі құрастыру тапсырылғанда, олардың тек сөйлеу тілі ғана емес ойлау, қиялдау қабілеттері де дамиды. Топпен жұмыста тақырыпты меңгеру, бір-бірін тыңдау, ой бөлісу, қабылдау, қорытынды шығару қабілеттерін дамыту, достық, бірлік қасиеттерге баулу т.с.с сабақтың үш негізгі мақсаты орындалады. Шығармашылық тапсырмада оларға эссе жазу, немесе постер құру сияқты тапсырмалар беріледі, яғни бұл жерде олардың ойын жүйелеу, талдау және оны көркем сөйлеу арқылы жеткізу қабілеттері дамиды.
Тақырыпты оқыту барысында түрлі әдістерді қолданудың тиімділігін озат мұғалімдердің іс-тәжірибесі көрсетіп отыр. Мәселен, үшінші сыныптың әдебиеттік оқу пәнінен сабақтың әдістерін қарастырып көрейік.
Сабақтың тақырыбы: Абай және табиғат. “Жаз” өлеңін оқыту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Абай туралы түсінік беру және “Жаз” өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық әрекеті мен танымдық белсенділігін тақырып мазмұнына қызығуын, жүйелі ойын, ойлау әрекетін дамыту. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау.
Тәрбиелік: Тұған жерінің табиғатын сүюге эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Қолданатын әдістер: Сөздік баяндау, әңгіме, оқулықпен жұмыс, түрлі бейнелі көрнекілік. Абай портреті. Жаз мезгілінің суреті.
Сабақтың барысы:
І. Үй тапсырмасын тексеру, өткен материалды пысықтау ретінде сұрақ-жауап тәсілі арқылы жүзеге асады.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жоспары:
а) Мұғалімнің кіріспе сөзі;
ә) Мәтінді мәнерлеп оқу;
б) “Жаз” өлеңінің тақырыбы мен мазмұнын түсіндіру;
в) Сөздік жұмыс;
г) Мәнерлеп оқу;
ғ) Өздігінен жұмыс;
д) Сазгерлік өнер. Абайдың “Желсіз түнде жарық ай” әнін тыңдату;
е) Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау;
ж) Үйге тапсырма “Жаз” өлеңін жаттау және “Желсіз түнде жарық ай” әнінің сөзін жаттап келу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1. Ауызша баяндау арқылы Абайдың өмірі мен шығармашылық өнері туралы әңгімелеу,
2. Мәтінді мәнерлеп оқытып әр шумақтың мәнін талдау,
3. Жаз өлеңінің тақырыбы мен оның мазмұнын түсіндіру және оқушылардың ұғымын байқау,
4. Сөздік жұмыс өлеңіндегі бейнелі көркемдегіш сөздерді анықтау. Бұл оқушылардың бақылауын зейінің байқауға мүмкіндік береді,
5. Жаздың суретін көрсетіп осыған байланысты өлеңнің оқушылардың бақылау қабілетін дамыту мақсаты мен мазмұнын талдау,
6. Оқушылардың өздік жұмысын тақтада жазылған сұрақтарға мәтін қалыптастыру мақсатымен мазмұнынан жауап таптыру. Бұл оқушылардың кітаппен жұмыс істеу қабілетін дамытады.
Дәптермен жұмыс. Өлең мазмұнынан жаңа сөздерді атауларды тауып, дәптерге жаздыру оның мағынасын түсіндіру.
Күркіреп - өзеннің ағып жатқандағы дыбысы.
Шұрқырап – немесе кісінейді.
Шалғын – жайылым немесе қалың шөп.
Жоны – арқасы.
Ықылдап – тойынғандықтың белгісі.
Бұлтылдап – ойнақтап.
Мәнерлеп оқу. Оқушылардың сөз мәнеріне, өлеңнің шумақтарына дыбыс екпіннің қоя білу қабілеттеріне көңіл аудару.
ІІІ. Өздігінен жұмыс. “Абайтану” дәптері бойынша Абай шығармаларының атымен танысады. Тақтадағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап берді. Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жердің әсемдігін бейнелеген сөздерді оқы,
2. Жылқының үнін қалай атайды?
3. Шөптің биіктігін қандай сөзбен бейнелеген?
4. Ат, айғыр, бие деген сөздердің мағынасын айт,
5. Құлын-тайдың ойнақтауын қалай әсерлеп жазған?
6. Құстар дыбысын бейнелейтін сөзді тап,
7. Сазгерлік өнерге не жатады?
8. Үй тапсырма. “Жаз” өлеңін жаттап келу, мәнерлеп оқуға жаттығу.
Білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістер елімізге қазақшаға жетік, сауатты, білікті мамандар қажет екендігін көрсетіп отыр. Сондықтан тіл үйретудің тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруымыз керек.

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау
Ашық сабақ: Мақал- мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу