Ашық сабақ: Мақал- мәтелдер

Oinet.kz 30-09-2020 1451

Сұлтанмұратова Нұргүл Барлыбайқызы 

Түркістан қаласы, №31 Абай атындағы  жалпы орта мектеп

Сабақтың мақсаты : а) мақал- мәтелдер жөнінде теориялық ұғым беру, ерекшеліктері

мен белгілерін меңгеру, есте сақтау әрекеттерін қалыптастыру

Сабақтың міндеті:  білімділік- мақал- мәтелдер халықтың рухани қазынасы екендігі,

олардың дара ұқсастығы мен ерекшеліктері және мақалдың ғибраттық, өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданылатындығын түсіндіру.

Дамытушылық- қызықты грамматикалық ойындар арқылы тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасау, және таным белсенділіктерін дамыту

Тәрбиелік- мақал- мәтелдерді орынды пайдалана білуге, ұшқыр ойлы сөйлеуге,  ұлжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мақал- мәтелдер, сызбалар, суреттер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: оқыту, түсіндіру, сұрақ- жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс

Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі

                                   2. Үй тапсырмасын тексеру

-Саламатсыздар, құрметті оқушылар. Бүгінгі сабағаымызды бастамас бұрын әуелі 3 топқа бөлініп алайық

1. Антоним

2. Омоним

3. Синоним

Әр тақырыптағы партаға отыру үшін тақырыпқа байланысты мысал айту.

Ал, енді балалар үй тапсырмасын еске түсірейік.

1. Тұрақты тіркес дегеніміз не?

2. Тұрақты тіркес пен еркін тіркестің қандай айырмашылығы бар?

Ал балалар, осы тұрақты тіркестерге ұқсайтын қазақ тілінде  қандас сөздер бар?

-Дұрыс айтасыңдар, мақал мәтелдер

Осы мақал- мәтелдер мен тұрақты тіркестердің қандай ұқсастықтары бар?

1) Екеуі де бұрынна қалыптасқан жүйемен айтылады

2) Олардың сыңарларының орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға келмейді.

3) Екеуі де сөйлеу барысында жасалмай, бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында қолданылады.

4) Мақал- мәтелдер де тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына береді.

- Өте жақсы балалар, тұрақты тіркестер сияқты мақал- мәтелдер де әбден қалыптасқан орныққан сөздердің тобы. Мақал – мәтелдердің құрылымы әр сөздің орны тұрақты болады. Ондағысөздердің орнын ауыстырғанда немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Мақал- мәтелдер де сөйлеу барысында жасалмай, бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында қолданылады

            Мақал- мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді.

            Ендеше , балалалар, бүгінгі күн мен тақырыпты дәптерлеріңе жазыңдар.

            3-4 мақал- мәтелдерді дәптерге жазып алайық.

1. Кең болсаң, кем болмайсың.

2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

3. Біреу тоңып секіреді, біреу тойып семіреді.

4. Дария жанынан құдық қазба.

Ал, енді, балалар қандай ой түйдіңдер?

Әр топтан бір оқушы шығып, өз ойларын ортаға  салсын     

4. Дағды мен іс- әрекетті жүзеге асыру

126 жаттығу

Берілген мақал- мәтелдерді аяқтаңдар

1. Суға кеткен....................

2.Байтал түгіл ......................

3. Батырға да........................

4. Айдағаның бес ешкі,.................

5. Әзіл айтсаң да, .........................

6. Білгенің бір тоғыз,....................

7. Тұз астың дәмін келтірсе,........................

127 – жаттығу

Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар

1. Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сәулесіне зәру. 2. Жақсы адамға жау жоқ. 3. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. 4. Кәрі түлкі қақпанға түспес    5. Айдағаның бес ешкі, ысқырығы жер жарар. 6. Екі қораз ен қораға сыймас. 7. Ауыртпалық ақыл қосар . өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп. 9. Ұжданы ақтың жүзі ақ. 10. Ең әдемі сөз- ең ақылды сөз. 11. қыздың көзі қызылда.

5. Шығармашылық жұмыс

6. Олан, жұптас, бөліс      

Суреттер беріледі. Сол суреттерге қарап тобымен ойланып, жұптасып мақал- мәтелдер айталды, ортаға шығып бөліседі

Көз, құлақ, тіс, бас, қоян, қар, қыс, үй, тіл, ешкі, жылан, ат, жүрек, түлкі, кеме, сиыр.

1. Көз қорқақ, қол батыр.  

2. Ел құлағы елу.

3. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарар. 

4. Балық басынан шіриді.  

5. Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.

6. Қар жауды деп қуанба, аяғы бар.

7.  Қыс азығын жаз жина.

8.  Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар.

9. Басқа пәле тілден.

10. Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарар.

11. Жылы – жылы сөйлесең жылан інінен шығады.

12. Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысар.

13. Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең.

14. Кәрі түлкі қақпанға түспес.

15. Тәуекел кемесі суға батпайды.

16. Сиырдың сүті тілінде.

Қорытынды

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсақ қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!

Міне осындай тарихы бар тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Тәуелсіздік баға жетпес құндылығымыз. Күн мен жердің мәңгілік екені сияқты аспанымызда тәуелсіздік туы желбірей берсін.

Бағалау

Үйге тапсырма

128,129-жаттығу. Көркем шығармадан  мақал – мәтелдері бар сөйлемдер теріп жазу.

Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдары
Ашық сабақ: Қазақстан жер бедерінің алуан түрлілігі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу