Сабақ жоспары: Қысым. Паскаль заңы

Oinet.kz 30-09-2020 794

Ермаханова Гулмира

Қызылорда қаласы  №278 орта мектебінің физика пәні мұғалімі 

Сабақ мақсаты:

Мақсаты: қысым, қысым бірліктерін күнделікті өмірде кездесетін мысалдар арқылы түсіндіру.

А) Білімділік: қысым туралы  алған білімдерін пысықтау,пәнге дегенқызығушылығын арттыру.

Б) Дамытушылық: оқушылардың жан-жақты білім алуына  бағыт- бағдар беру,қабілетін тануға көмектесу,ой-өрісін дамыту.

В)Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, ынта-ықыласының артуына, адамгершілікке        тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап , СТО әдісінің элементтерін пайдаландым

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар, тәжірибе құралдары, плакат, есептер жинағы

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу.

 Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа  дайындығын тексеру.

Сынып тазалығын тексеру.

ІІ. «Ыстық орындық» ойыны. Сұрақ- жауап алу(ауызша) : 

1.Табиғат туралы ғылым.

2. 10-6 дәрежесі қалай аталады?

3. Күш деген не?

4.«Жұпардың иісін жасыра алмайсың»-бұл қай

    құбылысқа негізделген?

5.Заттың үш күйін ата.

6.Жарық жылдамдығының шамасы неге тең?

7.Аспан денелерін зерттейтін ғылым.

8.Жердің серігі.

9.Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы болжамды ұсынған ғалым.

10.Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы?

11.Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі

     өлшемі не?

12.Траектория нешеге бөлінеді?

3 «Болжам» стратегиясы. Оқиға мазмұны арқылы қиялдатуға, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу  

№1 қалта. Шикі жұмыртқаны піскен жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? Тәжірибе жасап көрсет. Берілген құралдар: Тарелка, 2 жұмыртқа, сызғыш.(жұмыртқаны айналдыру керек, піскен тез айналады).

№2 қалта. Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға болады? Берілген құралдар: Кілті бар конверт, қайшы, су, сіріңке.  (конвертті жағып жіберу керек)

№3 қалта. Сіздердің алдарыңызда тәжірибе өткізу үшін бірнеше құралдар бар.

 Піскен жұмыртқа, қағаз, сіріңке, бөтелке. Қағазды жағып, бөтелкенің ішіне саламыз да, үстіне жұмыртқаны қоямыз. Жұмыртқа бөтелкенің ішіне кіреді. Неліктен?( Жауабы: 

Қағаз жанғанда ауа қызып, қысым ұлғаяды да, ауаның жарты бөлігі жұмыртқаға шығады.)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Біз өткен тақырыпта үйкеліс күші тақырыбымен таныс болдық, сонымен:

1.Үйкеліс күші деген не?

2. Үйкеліс түрлері?

3. Үйкелістің пайда болу себептері?

4. Нормаль қысым күші?

Оқушының жауаптары:  Бір дене  екінші денеің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.

Ғүйк – үйкеліс күші.

Сырғанау үйкелісі

Домалау үйкелісі

Тыныштық үйкелісі 

Үйкелістің пайда болу себептері:

Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы

Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы.

Үйкеліс :

Жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына,

Олардың өңделу сапасына;

Бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.

Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта  түсіретін  күшін нормаль қысым  күші деп атайды.

N –нормаль қысым күші.

N=mg

Fүйк=µN

µ - үйкеліс коэффициенті

Енді қысым  - деген тақырыптармен танысамыз

Біз күнделікті тұрмыста пышақ, қайшы, ине сияқты алуан түрлі құралдарды пайдаланамыз. Алайда олардың әрекеті осы күш түскен беттің ауданына тәуелді болатынын байқай бермейміз.

Мысалы, матаны ұшы доғал инеге қарағанда, үшкір инемен тесу оңай.

Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:

р-қысым;

Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші;

S-күш түсетін беттің ауданы.

    

    ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді.  .

гПа=100 Па=102 Па

кПа=1000 Па=103 Па

МПа=100000 Па=106 Па

Қорытынды сөз: қорыта келе, белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды, оны р әріппен белгілейміз және ХБЖ-де қысымды Па өлшейміз.

Алақаныңызды жоғары қаратып, сол қолыңызды үстелге қойыңыз. Кітапты алақаныңызға қырымен қойып, оң қолыңызбен төмен қысып басыңыз.

Сол қолыңыз қысымның артуын сезе ме?

Енді кітапты алақаныңызға емес, үстелге қойыңыз. Бір қолыңызбен кітаптың үстінен ақырын басыңыз, екінші қолыңызды кітаптың қырына тигізіп ұстап тұрыңыз.

Қатты денені құрайтын молекулалардың белгілі бір ретпен орналасатыны және олардың қандайда бір нүктенің төңірегінде тербеліп кана қозғалатынын түсіндіре аламыз.

Блез Паскаль - XVII-ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі, гидростатиканың негізгі

заңының авторы. Паскаль

 12 жасынан бастап  ғылыммен шұғылданды.  Сол кездегі ғалымдармен бірдей  ғылым туралы  пікірлескен. Ол газбен сұйықтардың қасиетін көп зертттеп, заңдылығын тағайындаған  және  атмосфералық  қысымның бар екендігін  өз тәжірибесімен дәлелдеп берді.

Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі.Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.

ІV.Сабақты бекіту. 

а) Жаңа материалды есептер шығару арқылы бекіту.

  • Кітаппен жұмыс: 20-жаттығу.№1, №2

  • ә) Қосымша материалмен жұмыс: Лукашик В.И. 7-8 сыныптарға арналған «Есептер жинағы»-нан есептер шығарамыз.

б) Физикалық диктант:

  • Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама

     2.  Қысымды қалай анықтайды?

     3.  Қысымның қандай бірліктерін   білесіңдер?

  • Жауаптары:

  • 1. Қысым

  • 2. p=F/S

  • 3. Па, гПа, кПа, МПа

V. Қорытындылау. Сонымен қысым дегеніміз не екен?

Қысым (орыс. давление ) бір дене екінші дене бетіне әсер еткенде пайда болатын қалыпты күштің қарқындылығын сипаттайтын физикалық шама.

Олай болса, сіздермен мына кестені толтырайық. Бүгін сабақта не  білдім, не білгім келеді, нені үйрендім?.....

 Оқушылардың  қысым туралы ойын білу үшін ассоциация толтырайық.             

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім




VІ. Бағалау.

VІІ.     Күнделікті енді ашайық
            Үй тапсырмасын жазайық.
             Қысымнан алған білімді,
            Ұмытпай есте сақтайық.

 Үйге тапсырма: §43. 14-тапсырма. 20 жаттығу №3.Эксперимент тапсырма.

Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстыру
Ашық сабақ: Туындыны табу ережелері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу