Ашық сабақ. Физика. Физикалық терминдер мен ұғымдар

Oinet.kz 02-09-2020 1260

Сабақ тақырыбы: Физикалық терминдер мен ұғыммдар. Физика және техника. Қазіргі әлемдегі физика

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға физика заңдары, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы түсінік алуға жағдай жасау.

  2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: оқулық, тақта.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ.Жаңа сабақ.

ІV. Пысықтау.

V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма:

V. Бағалау.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. «Табиғат» ұғымын қалай түсінесің?

  2. Табиғатта үздіксіз нелер болып жатады?

  3. Табиғат құбылыстары дегеніміз не?

  4. Табиғат құбылыстарына нелер жатады?

  5. Физика басқа қандай ғылымдармен тығыз байланыста болады?

  6. Физикалық құбылыс дегеніміз не?

  7. Физикалық құбылыстарға нелер жатады?

  8. Физика дегеніміз не?

  9. Фюзис қандай мағына білдіреді?

  10. Физиканың негізгі мақсаты?


ІІІ.Жаңа сабақ.

Физиканың ғылыми тілін игеріп, заңдарын оқып үйрену үшін қолданылатын арнайы сөдерді терминдер деп атайды. Мысалы, жол жылдамдық, күш сияқты сөздер физика тілінде жиі қолданылатын терминдер болып табылады.

Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мағынасын терең ашып беретін арнайы терминдер физикалық ұғымдар деп аталады. Мысал, физикада материя, дене, зат сияқты ұғымдар жиі қолданылады.

Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Мысалы, материяға өсімдіктер мен жануарлар, Ай мен Күн, жұлдыздар мен планеталар, сондай – ақ жарық және басқа да сәулелер жатады.

Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Мысалы, Ай, қасық, өшіргіш, үстел, судың тамшысы, денелер болып табылады.

Дененің шығу табиғатын және сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрін зат деп атайды. Мысалы, затқа күміс, су және ауа жатады.

ХХ ғасыр ғылыми – техникалық революция ғасыры деп аталады. Біздің заманымыздың өзіне тән екі ерекшелігі бар.

  1. ғылым мен техника үлкен қарқынмен дамыды;

  2. ашылған ғылыми жаңалықтар адамзат игілігіне айналып, өнеркәсіп пен тұрмысқа енгізіліп отырды.

Техниканың негізі – физика. ХХ ғасырдың физика мен техникаға байланысты төрт кереметі бар.

  • Атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты. Жер қойнауындағы жағылатын отындар қоры жылдан – жылға азайып барады. Міне, сондықтан атом энергиясының көзін табу – адамзат үшін айтарлықтай оқиға болды.

  • Ғарышқа көтерілді. Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі Байқоңыр ғарыш айлағынан 1957 жылы ұшырылды. Орыс азаматы Ю. А. Гагарин 1961 жылы алғаш рет Байқоңырдан ұшты. Біздің отандастарымыз – Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаевтар күрделі ғарыштық техниканы басқарып ерлік біліктіліктерін көрсетті.

hello_html_m21a21b30.jpghello_html_m67496f31.jpghello_html_27b452bf.jpg

Ғарыщтың адамзатқа берері мол. Сондықтан Жер бетін де, ғарыш кеңістігін де ұқыпты пайдаланып, үнемі қорғап отыру біздің әрқайсымызға жүктелген үлкен міндет, жауапты борыш.

  • 60 - жылдардың басында лазер өмірге келді. Осы жаңалықты ашқан Ресейдің физик ғалымдары Н. Г. Басов, А. М. Прохоров және АҚШ - тың физигі Ч. Таунске Нобель сыйлықтары берілді. Қазір лазерлік техника мен технология ғылымда да, өмірде де кең қолданыс табуда.

  • Кибернетика өмірге келді оған байланысты электрондық есептеуіш техникасы. Кибернетика ғылымының табыстарын өмірге жаппай енгізу жағынан біздің еліміздің алдында зор міндеттер тұр. Әлемдік деңгейдегі кибернетика мен ақпараттық технология салаларындағы жетістіктер таңдай қақтырады.

ХХ ғасырдың ең негізгі төрт ғылыми – техникалық ғажайыптары осындай. Бұлардың барлығының да ғылыми негізі физикалық білім болып табылады.

ІV. Пысықтау.

  1. Термин дегеніміз не? Мысал келтір.

  2. Физикалық ұғымдар дегеніміз не? Мысал келтір.

  3. Әлемде не бар болса, соның бәрін не деп атаймыз?

  4. Материяға мысал келтір.

  5. Дене дегеніміз не?

  6. Зат дегеніміз не?

  7. Дене мен затқа мысал келтір.

  8. Нешінші ғасырды ғылыми – техникалық революция ғасыры деп атаймыз?

  9. ХХ ғасырдың неше ерекшелігі бар? Қандай?

  10. ХХ ғасырдағы жеткен жетістіктері қандай?


V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: §3 оқу.

V. Бағалау.


11- сыныптарға арналған Қазақстан тарихынан емтихан сұрақтары
Сабақ жоспары: Тіршіліктің мәңгілік теориясы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу