Балабақша. Ертеңгілік: Кел, Жаңа жыл ортаға!

Oinet.kz 04-10-2020 2054

Шымкент қаласы

№12 «Арман» бөбекжай-балабақшасы МКҚК

Тәрбиеші: Ақбөпеева Айнұр Байдалықызы

Қызметі: тәрбиеші

Стажы: 5 жыл

№3 «Толағай» ортаңғы тобы

 

Ертеңшілік сабақ

 

Тақырыбы: «Кел, Жаңа жыл ортаға!»

 

 

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме! Құрметті ұстаздар, балалар, ата-аналар! Біз сіздерді Жаңа 2014 жылқы жылы мен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, жаңа бақыт тілейміз! Балалар енді Жаңа жыл мерекесін бастайық.

 

1-бала:

Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар.

 

2-бала:

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр.

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Уа, халайық той бүгін

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық жылқы жылды,

Ұзатып сап жылан жылды.

 

Ұқыпсыз: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен Ұқыпсыз баламын, Абай көшесіне үлкен тапсырма ала келдім. Бірақ мен басқа жерге келген сияқтымын. Мен қайдамын? (Айналасына қарайды). Мына жер маған таныс емес. Бірақ, бұл маңызды емес. Неге келіп едім? А ия! Жаңа жыл мерекесінің өтуі маған тәуелді. Маған Жаңа жылды білдіретін сандар теруім және сөздерді айту керек. (Телефоннан нөмер тере бастайды. Осы кезде екі адам шығады).

1. Cайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Қане біздің қонақтар!

Басқаға мойын бұрмаңда!

Бізге қарай жақындап

Қызық күлкі тыңдаңыздар!

2. Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Барлығыңыз білетіндей шыршада

Өте қызық болатынын.

Өлең айтып, би билеп

Сіздерді достар, құттықтап

Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен!!!

(Ұқыпсызға көңіл аударады).

1. Cайқымазақ: (Ұқыпсызға) Сен қайдан келдің? Аспаннан түстің бе?

Ұқыпсыз: Мен бір нәрсені шатастырып тұрған секілдімін. Маған екеуміздің біреуіміз шатасып, басқа жерге келіп тұрған секілдіміз.

2. Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік. Халық бізбен көңіл көтереді мен білмеймін, сен кімсің өзің?

Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз баламын. Жаңа жылға асығып келдім. Енді міне қайда келгенімді білмей тұрмын.

Сайқымазақ: Қайда асықсаң, сонда келдің. Қарашы айналаңа балаларда мереке, барлығы көңілді, бақытты Жаңа жылды қарсы алуда!

Сайқымазақ: Қане қараңыздаршы, қандай тамаша шырша балалар сол мерекені қанекей бізбен бірге қалып көңіл көтеріп, бәріміз билейік.

Жүргізуші: Біздің жаңа жылға арналған тақпақтарын тыңдайық.

Айда:                   Мама елку нарядиа

                   Дед мороз пригласила

                   Здравствуй, дедушка мороз,

                  У тебя красивый нос.

 

Жаннур:    Келіңіздер, келіңіздер

                   Би де билеп беріңіздер

                   Қызығы мол жаңа жылдың,

                   Тамашасын көріңіздер.

 

Жанар:       Тамаша, тамаша

                   Шыршамыз тұр жараса.

                   Басында әсем жұлдызы,

                   Көз тоймайды қараса.

 

Талант:      Аралайды бақшаны,

                   Үзілмейді жақсы әні.

                   Жауса жаусын ақша қар,

                   Гүлдене бер бақшалар.

 

Серікжан:  Далада қар борайды,

                   Ақ мамыққа орайды.

                   Мұз болады, қатады,

                   Жып-жылтыр боп жатады.

 

Ерзат:        Бүгін бәрі өзгерек,

                   Жарқын күлкі, сөз бөлек.

                   Тілек айтып күттік біз,

                   Кел Жаңа жыл төрлет деп.

 

Қарлығаш: Аяз сүйіп қарсы алған,

                   Жердің аппақ тұлғасы.

                   Қыстың айы қаңтардан,

                   Басталды жыл басы.

 

Нұрдана:   Где живет Дед Мороз?

                   Удивительный вопрос!

                   Не в лампе, не в будильнике

                   Посмотрим в холодильнике!

 

Дамир:       Уинтэ из сноун

                   Уинтэ из фрости

                   Зэ сноу из уайт

                   Зэ ской из брайт.

 

Ән: «Жаңа жыл»

Би: «Қазіргі заман биі»

(Сайқымазақ, Ұқыпсыз екеуі сахна төрінен шығып кетеді).

(Ортаға чебурашка мен Гена баянмен шығады).

Чебурашка: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мәссаған, Гена қарашы, қаншама қонақтар келген. Мен осыншама үлкендермен балаларды ешқашан көрген емеспін.

Гена: Сәлеметсіңдер ме балалар! Ал мен көрдім. Зоопаркте жұмыс жасасаң бұдан да көп адам көресің.

Чебурашка: Барлығыңыз амансыз ба? Жаңа жылдарыңызбен! Міне білесіңдер ме? Мен әлемге белгісіз жануармын. Ал менің атым ....

Барлығы: Чебурашка.

Гена: Ал менің атым кім?

Барлығы: Крокодил Гена!

Гена: Мәссаған – қандай ақылды балалар! Ал енді Чебурашка, біздің жаңа әнімізді айтсақ қайтеді.

Чебурашка:                  Айтсақ айтайық.

                            Пусть белеют тропинки

                            И летают снежинки

                            И заводит пурга хоровод –

                            Сразу ясно прохожим,

                            На сосулки похожим,

                            Что наступит вот-вот Новый год....

Гена: Я ж играю на горможке

         У прохожих на виду....

Чебурашка: К сожелению, Новый год –

Он тоже раз в году....

Чебурашка: Сөздері енді аздап келіспейді. Мен мына жерде өнер көрсетіп кеткен сияқтымын. Ал барлық халық Аяз ата мен  Ақшақарды көргісі келіп тұрған секілді. Олардың да келетін уақыты болған секілді. Біз жеделхатты алғанымызға көп болды ғой. Ал енді біздер осы жерге бір би билеп сосын аяз атаны шақырайық.

Аяз ата мен  Ақшақарды шақырайық:

Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар 3 рет.

Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.

Көңілдерің дүр маржан.

Айналайын ұлдардан

Айналайын қыздардан

Аяз ата, Ақшақар

Жетті жолдан қиналған.

Ештеңе емес барлығы,

Алдымыздан күлді арман

Мықтылығым мәлім ғой,

Өтіп кеткен жылдардан.

Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын! Жылқы жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын!

Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын!

Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?

Аяз ата: Ойбай, жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген. Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар. Балалар шыршамызды жағайық, барлығымыз шырша жан деп айтайықшы. Шырша жан 3 рет.

Айгерім:    Аппақ бүгін қыр далам,

                   Ақ дастархан жапқандай.

                   Халық біткен қарбалас,

                   Қонақ күтіп жатқандай.

 

Марал:       Ақ қырауға малынған,

                   Сақалы да мұрты да.

                   Аяз ата сағынған,

                   Сәлем берді жұртына.

 

Жібек:        Аппақ тонға оранып,

                   Базарлықты мол алып.

                   Келді алыс сапардан,

                   Аяз ата оралып.

 

Мақпал:     Жылдың әнін бастайын,

                   Аяз ата кеп қалды.

                   Майысады жас қайың,

                   Көтере алмай көп қарды.

 

Нұрғиса:    Қарсы аламыз орын беріп,

                   Қош келдіңіз аяз ата.

                   Ән салыңыз бізбен бірге,

                   Би билеңіз бізге еріп.

 

Ибрагим:   Сноу, сноу,

                   Сноумэн, гроу

                   Оу, зэ сан-саумэн, ран!

 

Жанеля:     Уи ол дэнс,

                   Энд синг, энд сэй

                   Уэлком! Уэлком!

                   Нью йер дэй!

 

Кәусар:      Жаңа жылды қарсы алып,

                   Жасаймыз той салтанат.

                   Жарқын-жарқын ән салып,

                   Жалғасады жырға жыр.

 

Ақберген:  Лебі мұздай ызғарлы,

                   Алып келді қыс қарлы.

                   Қысқы түндер ұзарды,

                   Ұзақ күндер қысқарды.

 

Алина:       Тізбек шамдай жұлдыздар,

                   Кел жаңа жыл төрлет деп.

                   Әшекейлеп әйнекті,

                   Өрнек салды түнгі ызғар.

 

Айкөркем: Кең пейілді мол мейірлі,

                   Сағынышпен табысқан.

                   О, алақай, Аяз ата

                   Келе жатыр алыстан.

Ән: «Дед Мороз».

Би: «Ұлпақарлар»

Ақшақар: Аяз ата, балалардың қаншалықты мықты екенін байқағым келіп отыр ойын арқылы.

Ойын: «Қар жинау».

Бақтілеу:    Кейде ұлып, кейде ысқырып,

                   Ұйытқып боран соғады.

                   Ал балалар айтыңдаршы,

                   Бұл қай кезде болады?

Гүлсезім:   Жаңа жыл, жаңа жыл келеді,

                   Сәнделген шыршамыз ортада.

                   Қызықтар не деген көп еді,

                   Көргенде әркім-ақ таңданар.

 

Алмас:       Келді тағы жаңа жыл,

                   Қуантумен біздерді.

                   Құтты болсын қуаныш,

                   Құттықтаймыз сіздерді.

 

Арайлым:  Наше елка велика,

                   Наша елка высока.

                   Выше мамы, выше папы,

                   Достает до потолка.

 

Нұрберген:         Аяз ата қандайсың,

                   Тоқсандағы шалдайсың.

                   Өтірік сақал тағып ап,

                   Балаларды алдайсың.

 

Марсель:   Қанша заман өткенімен,

                   Ескірмейтін асыл шырша.

                   Алатаудың көктемімен,

                   Доссың ғой сен жасыл шырша.

 

Алтынай:   Қуантып бізді,

                   Жаңа жыл келді.

                   Қосатын болдық,

                   Бір жас енді.

 

Раушан:     Өлеңде әзір ән де әзір,

                   Ойында әзір бәрі әзір.

                   Кел, Жаңа жыл біздерге,

                   Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл.

Би: «Пингвиндер».

Жүргізуші: О, халайық, жараңдар,

                   Қилы-қилы заман бар.

                   Жылан жылы әне жылыстап,

                   Кетіп барады қараңдар.

                   О, халайық, халайық.

Қош айтысып қалайық!

(Сахнаға жылан шығады).

Алинур: (жылан)         Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан.

2014 жыл қадам басқан,

Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!

Келесі жыл бастауын жылқыға беремін. (Сахнаға жылан шығады).

Жылқы: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігемін деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым.

Алмас (жылқы):  Мендағы бір қонақып,

                            Он екі жылда оралар.

                            Үлкендерге ақ ниет,

                            Сіздерге де ақ ниет.

                            Сіздерге мың рахмет!

Жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтармен толы болған жылан жылын шығарып салайық.

Барлығы: Қош бол, жылан, қош бол! (жылан сахнадан шығады).

Ақшақар: Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып-қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!

Ән: «Шырша жыры».

Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар. Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны.

Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.

Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар!  Аяз ата, Ақшақар!

Жүргізуші: Міне, қымбатты балалар, бірлесіп достасып, өткізген мереке қашан да қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәрінде жеңеді. Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!


Балабақша. Ертеңгілік: Балабақша аруы
Балабақша. Ертеңгілік: Менің сүйікті қуыршағым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу