Күміс тойға арналған бата

Oinet.kz 06-10-2020 1134


Құтты болсын күміс той,
Той дегенің ырыс қой.
Алтын жамбы берсем де,
Екеуіңе дұрыс қой.
Күміс тойдың аяғы,
Алтын тойға жалғассын.
Жарылқасын жандарың
Жүзіндей ақ алмастың.
Таси берсін дәулетің,
Жарасып сән-сәулетің.
Қара қауым ел болып,
Өсіп-өнсін әулетің.
Сыйлы болып бастарың,
Ажарамай жұптарың,
Жүзге жетсін жастарың.
Әумин.


Дастарханға арналған бата
Сәбиге арналған бата
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу