Кино: қалыс пен табыс

Oinet.kz 10-02-2022 1353

Сюжет. Оқиға. Бір фильмнің компазициясы, бабы. Ал бағы – белгісіз… Кейде отандық киноиндустрияда осы сюжеттің жұтаңдығы жиі байқалады. Шетелдік фильмдерден жұлып алған кадрлар біздің менталитеттен тыс өзге жерде «өмір сүретіні» бірден аңғарылады. 

image.png

Титаник. Кеменің тек суға батуы емес, адамның әділет пен ар шекарасындағы әрекеті картиналанған туынды. Анық өлімнен қашудың жолын іздеген адамдар мен өлетінін білсе де ұстанымынан бас тартпаған топ арасында өрбитін оқиға желісі. Иә, 1997 жылы жарыққа шыққан фильмді текке тілге тиек етпедік. Режиссер Джеймс Кэмерон осы 1990 жылдарда-ақ ғажайып техника мен түсірілген фильмді жарыққа шығарғысы келеді. Фантастикалық сюджетке жаны құмар режиссердің бұл қадамы не құрдымға батыратын не табысқа жетелейтін. Алайда көптеген студиялар дәл ол ойлағандай фильмнің жасалуына техникалық мүмкіндіктің жоғын айтады, Әлемде кино прокаттан ең көп қаржы жинайтын фильм желісі осылайша он жыл шаң басып тұрады. Дегенмен мүмкіндік пайда болған сәттен-ақ режиссер оны қалт жібермейді. Туынды жарыққа шығады. Дәл осылай кино тарихындағы рекордтық нәтижеге жеткен «Аватар» көпшілікпен қауышады. 2 миллиард 847 миллион 246 мың 203АҚШ доллары. Әлі де ешқандай кинопракаты жете алмаған орасан табыс. Қызығы дәл осы Джеймс Кэмеронның  «Титанигі» ең кассалы фильмдер рейтингінде үштікті қорытындылайды. Осы тұрғыдан Кэмерон кино тарихында есімін ойып жазған режиссер десек қалыс емес. Айтпақшы, қалыс дегеннен шығады ең үздік кассалық фильмдер ең керемет фильмдер қатарында алғашқы орындарға ілікпеген. Яғни бақ пен бап таразысында түрліше орыннан табылып  жүр.

Өткен жылдың ең табысты фильмі атанған «Өрмекші адам: үйге жол жоқ» фильмі 12 күнде 1 миллиард АҚШ долларын тапты. Алайда фильм рекордты жаңарта алған жоқ. Тек «Ең көп қаржы жинаған фильмдер» рейтингінде алтыншы орынға «топ ете қалды».  

 Фильмдердің ғаламтордағы базасында (Internet Movie Database) 6,5 миллион кино және сериал бар. Соның 250 әлемдік кино тарихындағы үздіктер қатарында. Бұл тұрғыда бірінші орынды «Шоушенктен қашу» фильмі иеленген. Түрмеде 20 жыл бойына геологиялық пышақпен қабырғаны ойып, түрмеден қашқан бас қаһарманның жігері кімді де болса тағдандырмай қоймайды. «Бара-бара мың болар, тама-тама көл болар» сөзінің мағынасын сонда ұға түсеміз. Кейіпкеріміз түрмеге жазықсыз тоғытылған еді. Бір күн ішімдік әсерінен мас болып не істегенін білмейтін күйінде екі адамның өлімі «жауапкершілігіне алынады». Үйінен табылған 2 адамның мүрдесі көптеген сауалдарды туындатады. Алайда түрмеде тағы бір қамаудағы адам хикаясын аятқанда өзіне тағылған айыптың басқа адамның қылмысы екенін түсінеді. Кейіпкер 20 жылда түрме қызметерлерінің қаржылай мәселелерін шешуге көмектемседі. Ол барлық сәтте де адами қалыбын, құндылығын сақтай біледі. Фильмнің тарихта қалуы – түпнұсқа сюджетке тәуелді. Табысты болуы – еңбекпен жапсарлас. 

Жұмабектің бажасы: аузыңа май, астыңа тай

image.png

Жұмабектің бажасы, 42 500 секілді тіркестер қазақша дубляждың көркін қыздырып-ақ жүр. Әрине кассалық табысы жақсы болмағанмен қазақ тіліндегі фильмдерге сұраныс жоғары. Мысалы, италиялық жас режиссер Энрико Касаросаның «Лука» мультфильмі. «Лукада» жаңа ортаға сіңісі, ортаны үйрену процессі шебер көрсетілген. Өтпелі кезеңдіге жастар бұл инструкцияны қолдана алады. Соңғы жылдарда «Супер отбасы», «Шрек» секілді мультфильмдер  қазақ тілінде дыбысталып жүр. Әрине, олардың әрқайсының көтерер мәселесе, сіңірер тақырыбы бар. Яғни көрерменге маңызды месседж жолдайды. Алайда бұл аталған мульттердің қазақша көрсетілімі 17 сеансы болса, тек 1 ғана сеансты арнаған таңғы уақыттарға қойылған. Прайм тайм уақытқа қойылмаған мультті қазақша көретіндер аз, сұраныс жоқ деген жалаң желеу басым. Әлбетте, осы орайда «қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» деген сөз ойға оралады. Тек аудиторияны зерттеу саласын дәйекті дәлел мен нақты фактпен  жүргізген дұрыс. 

«Супер отбасы 2» мультінде «ойбай», «зың» деген секілді сөздері жатталды. Бұл 2018 жылы көрермен үшін үлкен жаңалық болды. Қазақ тіліндегі дубляж режиссері – Шах-Мұрат Ордабаев: «Мен үшін «Суперотбасы-2» фильмі «Коконың құпиясы», «Галактика сақшылары. 2 бөлім» және «Өрмекші-адам. Қайта оралу» фильмдерінен кейінгі жобадағы толыққанды төртінші жұмысым. Бұл фильм біздің ата-аналарымыз, біздің супербатырларымыз жайлы. Бұл фильмді дубляждау барысына тек театр әртістері емес, сондай-ақ киноактерлар да қатысты. Әрдайым біз жаңа актерлерді ашуға тырысамыз. Дубляж актерларын іздестіру мақсатында біз үлкен кастинг өткіздік. Ұзақ уақыт бойы Виолетта кейіпкері үшін дауыс таба алмадық, фильмнің дубляж тобы театрдың жас актрисасы – Айкөркем Әділгерееваны ашпас бұрын, бүкіл Қазақстан бойынша іздеу жүргіздік. Басты кейіпкерлердің бірі – Желаяқты жас актер Дидар Құралбаев дыбыстады. Оның жасы небәрі 11-де, соған қарамастан, ол «Коконың құпиясы» мультфильмін дубляждаған Ақарыс Әшімханға жақсы бәсекелес бола алады. Бір қызығы, фильммен жұмыс барысында мен әйел адамды дыбыстадым. Эдна Мод – бірқилы мінезді супербатырларға арналған киім дизайнері, мен дыбыстаған 20-шы Disney кейіпкері. Жалпы айтқанда, дубляжға 60-тан аса актер қатысты»- деген еді. Фильм прокаты кинотеатрлармен тікелей байланысты мәселе. Алпыс адамның еңбегін төрге оздыру да, тозаңдай түкке тұрғысыз ету де – кинотеатр ұжымының еркінде. «Супер отбасы 2» фильмі прокатқа шыққанда-ақ кинотеатрға бардық. Сенасқа үлгердік. Дегенмен 100 адамдық залда небәрі 20 шақты адам болды. 2011 жылдан бері Disney, Pixar, Marvel, Sony Pictures және тағы басқа жетекші әлемдік киностудиялардың қазақ тіліне дубляждалған 36 фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілді. Бабы келіскен аударманың бағы – көрерменге тәуелді. 

Соңғы жылдарда қазақша киноиндустрияда коммерциялық фильмдер жарыққа шығуда. «Қазақша бизнес» киносымен бірнеше рет рекорд орнатқан Қоянбаевтың бастаған көшіне ілескендер көп. Бірі үйін, бірі көлігін сатып, тәуекелге бас тігіп фильм түсіруде. Өнер додасында фильмнен ақша жасағысы келетіндердің үміті – ақшаға фильм көретіндердің талғамында. Патша көңіл көрерменнің жүрегінен орын алу үшін көбі комедия жанрына бойлап жүр.

Мысалы, былтырғы премьералардың үздігі деп танылған - Режисер Олжас Ибраевтың «Порте: қашқын бала» («Портье: мальчик на побегушках») фильмі. Сценарист Данияр Күмісбаевтың түсте өрбейтін желісі өзге көркемдік шешімнен ерекше. Бас қаһарман неліктен қашқын, неден қашты, кімнен қашты? Қысқа кіріспеде кейіпкер кино сценарий жазу мақсатында отельде жұмыс істеп, «ішкі кухниямен» таныс болғысы келетіні айтылады. Жалған түйіндеме дайындап, портье қызметіне бекітіліп кеткен қаҺарман қазірде жұмысқа кіргісі келген әр маманның қулығын су бетіне шығарғандай күй кештіреді. Портье – тіркеу картасын көрсеткен жағдайда қонақтарға бөлме кілтін табыстайтын қонақ үй қызметкері. Сонымен бірге қосымша қызмет, ақпараттық анықтама беруге және алуға тиісті. Портьенің ең негізгі функциясы – ақпараттық  қызмет көрсету. Желіде шыны керек француз менталитетіне тән комедия бар. Қалыптасқагн стильді қазақшалауға ұрыну – 2021 жылғы фильмдердің біршамасында байқалды. «Тойхана», «Қазақша бизнес Түркияда», «Моя большая казахская семья» фильмдері ең табыстылар қатарынан көрінді. Мысалы, Құралай Анарбекованың «Тойханасы» 537 миллион теңге жинаған. Айта кету керек фильм режисері Алишер Утев 2021 жылдағы табысты жобасы ретінде 5:32 сериалын да қоса алады. «5:32» сериалында қандықол адам өлтіруші қылмыскерлердің тарихы баяндалады. Жас ізкесуші Думан мен Шалқардың шым-шытырық желіден шешім іздеуі – шынында реал оқиғалардан құралған пазл іспетті. Қылмыс әлемінде болған ең сұмдық оқиғаларды фильмге тоғыстыру – ТМД елдеріндегі көрілімі жоғары туындының имиджін қалыптастырды. Қаңтар қасіретінің фильмдер көрсетіліміне әсер еткені рас. Сериал да біршама уақыт жарыққа шығуын тоқтатты. Қазірде 12 бөлімнен тұратын кинокартинаның әр бөлімі 9 миллион – 4 миллон арасында көрілім жинаған. 

P.S. Бір фильмнің құны – элиталы аудандағы зәулім сарай, көлік, бір адамның ғұмырында жиып-тергені болуы мүмкін. Немесе, арзан ақшаға бюджеті аз таза энтузиазмнан туған жоба болуы да мүмкін. Бірақ көрерменнің көңілі – лоторея билеті секілді. Қай санға сатып алсаңыз да, қандай санның шығуы белгісіз...

Балерке ӘСІЛХАН

2022 жылы кім табысты болады?
Махаббат поэзиясының королі Мұқағали Мақатаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу