Ұлы жүздің шежіресі. Дулат

Oinet.kz 06-10-2020 3029


Ұраны «Бақтияр», таңбасы:
Дулат дөңгелек немесе Дулат Қытай жазбаларында «Дулу» атымен белгілі болса, парсы деректеріндегі «Дуғлат» қазақ халқының этникалық құрамына енетін ежелгі түрік тайпасы. Н. Бичуриннің мәліметі бойынша, Дулаттар біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырда үйсіндер сияқты Алтайдың шығысына таман өмір сүрді. Тіпті, Дулу тайпасы Үйсін Одағының құрамына енген. Белгілі орыс шығыстанушысы Н. Аристов Дулу тайпасы біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген, өйткені оның бір құрамы біздің дәуіріміздің II ғасырында ғұндармен бірге Қытайдан шығып, Қазақ даласын басып өтіп, батысқа қарай қозғалды деп есептейді. Дулу тайпасының көсемдері Дунайдың арғы бетінде Болгар патшалығын құруға септігін тигізеді. Одан әрі Н. Аристов біздің дәуіріміздің V ғасырында Батыс Монғолия, Қазақстан, Алтай мен Тянь-Шань аралығында қалған Дулудың бөлігі қытай деректерінде Тулу атымен белгілі дейді. VII ғасырда көшпелілердің Батыс түрік ханына бағынатын бұл өлкедегі бес аймақ дулу аймағы деп аталып, түрік тайпаларының арасында алдымен ауызға алынады.
Бұл орайда мынадай жай қызықты болып көрінеді: «Қытайлар VII ғасырда Тянь-Шань мен Алтай арасын мекендеген рулар: чу-юе, чу-ми, чу-мигунь, чу-бань және басқалардың атын сақтап қалды. Бәлкім, бұл Шу тобын айрықша Дулу негізінде Юсбани тұрғындары құрайтын шығар. Қалай болғанда да, олар шу-мигунь, шуныш-шубань болып кездесетін Дулу аймағына енді. Бұл атаудан Дулаттың қазіргі Жаныс руын білуге болады, ал чу-бунь қазақтар қатты қастерлейтін аталар: Албан мен Суандар Шу руынан шығып, бәлкім, Дулу аймағы құрамында чу-баиь болып өрістеген болар ».
А. Бернштам V ғасырда Жетісуда билік құрған ру Жетісуға біздің дәуіріміздегі 1 ғасырда келген солтүстік ғұндардың ұрпағы Юлбан болды деп жазды. Бұл ру (юлбан) біздің дәуіріміздегі VI ғасырда «Чубань» этнонимімен Дулу қауымдастығына енген болатын. Қазан университетінің профессоры, шығыстанушы Н. Катановта VI-VIII ғасырда Оңтүстік Монғолия мен Тарбағатайды мекендеген дулаттар қазіргі дулаттардың ата-бабасы болып есептеледі деп тұжырымдайды. Қытай деректеріне сүйенген В. Востров та осы пікірді қолдайды.
Дулаттардың этникалық байланысы жөнінде басқа да көзқарастар болды. Мәселен, Ш. Уәлиханов Рашид ад-Диннің шежіресіне сүйеніп, Дулат, Суан мен Үйсіндерді монғол рулары деп есептеуге бейім турады.
Академик В. Бартольд та қазіргі қазақ дулаттары монғолдан шықты деп қате тужырымдайды.
С. Аманжолов дулаттардың түрік тектес екеніне имандай ұйып: «Рашид ад-Дин өз еңбегін XIV ғасырда жазды, ол кезде Моғолстанға тұтқын болып түскен әр түрлі түрік тайпалары, соның ішінде азын-аулақ дулаттар да біршама монғолданып (монғолша доколаттар) кеткен болатын», деп түйіндейді. Рашид ад-Дин де Орта Азияның Дулат руы монғол доколаттарынан шықты демейді, керісінше ол әлгілерді түрік деп есептейді.
Одан әрі С. Аманжолов В. Бартольдке қарсы шығып, егер V-VШ ғасырда Дулу немесе Тулу руы Жетісу төңірегін жайлаған чу-бандармен (қазіргі суандармен) одақтаса бірге өмір сүрсе, онда дулаттарды монғолдардан тарады деудің өзі теріске саяды, ал Н. Аристовтың түрік тектес деген дәлелі салмақты болып көрінеді.
Оның үстіне дулаттардың Жетісу маңайында тұрып келгенінің ізі қазіргі күнге дейін сайрап жатыр. Мәселен, XXII ғасырларда олар Қараханидтер мемлекетінің құрамына кірді. Шағатай ұлысындағы рулар ішінде Дулу немесе Дулаттардың басты маңыз атқарғанын Қазақ ССР тарихының авторлары да айтады. Мұхаммед Хайдардың мәлімдеуінше, дулаттар XIV ғасырда Моғолстан құрамына еніп, қуатты рулардың бірі болған.
Бұл мәліметтердің бәрі дулаттардың Қазақстанның оңтүстігін мекендеп, XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында қазақ халқының құрамына енгенін дәлелдейді. XVII ғасырда жоңғарлар дулаттарды Іле бойынан Шу, Талас пен Келес өзендерінің аңғарына қарай ығыстырды. XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Дулат руының көпшілігі оңтүстікте топтасты, тіпті Дулаттың Жаныс атасынан шыққан Ұлы жүздің төбе биі Төле би Ташкент төңірегінде тұрды.
Ұлы жүз қазақтары XVIII ғасырдың бірінші жартысында ұлт-азаттық күрес жүргізе отырып, Жоңғария мүлде құлағанша бірте-бірте өзінің бұрынғы қонысына оралды, дулаттар көпшілігінің Ташкент төңірегінен біржолата ауысуы қалалықтар кауымдастығы мен қазақтың Қаңлы мен Шанышқылы руларының 1798 жылғы қақтығысы себеп болды. Бұл соғыста қалалықтар қауымдастығы жеңіп, дулаттар Ташкенттен жырақ солтүстік-шығысқа қарай жылысты.
Сөйтіп, XIX ғасырдың басында Дулат руының көптеген аталары Шымкенттен бастап, Жетісу бойына, дәлірек айтқанда, Алмалық (кейінірек Верный, қазір Алматы қаласы) қалашығына дейін қоныстанды. XIX ғасырда Ұлы жүз рулары көп сапырылысқан жоқ, әсіресе, Қазақстанның бүкіл жері Ресейге қосылғаннан кейін қазақ халқы рулары өздері қоныстанған өлкелерде тұрақтала бастады.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Макшеев пен Гродековтың мәліметі бойынша, Дулаттардың көптеген рулары 40 мың шаңыраққа жетіп, негізінен Сырдария уәлаятының Шымкент, Әулиеата уездерінде, Жетісу уәлаятының Верный мен Пішпек уездерінде қоныс тепті. М. Тынышбаевтың көрсетуінше, 1917 жылы бұл төрт уезде: Шымкентте140 мың, Әулиеатада140 мың, Верныйда100 мың және Пішпекте 80 мың, бәрі 460 мың жан дулаттар тұрған.
Бізге мәлім күллі тарихи, әдеби және қолдағы деректерге сәйкес дулаттардың жауынгерлік ұраны «Бақтияр» да, таңбасы дөңгелек- О
Дулаттардың этникалық, яғни аталық құрамы біз көрсеткен әдеби деректерде, әсіресе, оның жоғарғы деңгейі ірі төрт ата: Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс дәл келтіріледі.
Бұл рулар бойынша әдеби деректерде түп-тұқияны мүмкіндігінше толық қамтылады, оның ішінде Н. Аристов, М. Тынышбаев пен В. Востровтың мәліметтерін дұрыс әрі толық деп санауға болады.
Бұл деректерді өзара салыстыра отырьш, оларды өз жиған-тергенімізбен толықтырып, Дулат руының тегін құрастыру мүмкіндігі туды.
Дулат руын таратуда құймақұлақ көнекөз қариялар көп көмек көрсетті: Құлан ауданының тұрғыны 1882 жылы туған (Сиқым), Оңалбек Оразбеков; Созақ ауданы, Жуантөбе кеңшарының тұрғыны, 1893 жылы туған (Тама) Әбдуәлі Қондыбаев; Созақ ауданы, Баба Ата аулының тұрғыны, 1892 жылы туған (Ботбай) Жұматай Тоңбаев; Алғабас ауданы, Шаян елді мекенінің тұрғыны, 1888 жылы туған (Сіргелі) Тәжібай Бердібаев; Бөген ауданы, Төрткүл аулының тұрғыны, 1888 жылы туған (Қарақойлы) Қожатай Телеков; Шу ауданының тұрғыны, 1896 жылы туған (Ботбай) Смайыл Қалипанов; Талас ауданьшың тұрғыны, 1885 жылы туған (Ойық руының Ыстысы) Шыныбай Балтабаев; Талас ауданының Үшарал аулының тұрғыны, 1888 жылы туған (Ошақты) Мықтыбай Махамбетов; Көктерек ауылының тұрғыны, 1909 жылы туған (Жалайыр) Әбілда Тәженов; Мойынқұм ауданы, Жамбыл атындағы кеңшардың тұрғыны, 1891 жылы туған (Жалайыр) Камал Дүйсембаевтар болды.
Әрине, бұл кісілердің берген мәліметтері көп қайталанса да бірін-бірі толықтырады. Оның үстіне олардың шежіресі негізгі жәйттерде әдеби деректерге сәйкес келеді, әсіресе арғы аталарға келгенде олардың дәл және құндылығын дәлелдейді.
Дулат тайпасынан шыққан белгілі тарихшы, мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулати 1499 жылы Ташкентте туып, 1551 жылы Кашмирде қаза тапқан. Мұхаммед Хайдар Дулатидің балалық шағы Мұхаммед Шайбани хан бастаған көшпелі өзбектердің қысымымен Орта Азияда Темір әулеті мемлекетінің күйреу, Моғолстанның ыдырау және Қазақ хандығының өркендеу дәуірімен тұстас келеді. Сұлтан-Махмұд хан мен Мұхаммед Шайбани ханның соғыстары кезінде 1508 жылы Мұхаммед Хайдар Дулатидің әкесі қаза болып, туыстары баланы Кабулдағы Бабырға жібереді. Өйткені Бабыр оның туған бөлесі болатын. Есейе келе Мұхаммед Хайдар Дулати Бабырдың Мауараннахр жорығына қатысады. 1512 жылдан бастап Сұлтан Сайид ханның Қашғардағы сарайында тұрып, көрнекті әскери және сарай қызметін атқарады. Оның Қашғар мен Жаркент үшін Әбубәкірмен 1514 жылғы соғысында, сондай-ақ Қырғызстанға, оңтүстік-шығыс Қазақстанға және Тибетке жасаған әскери жорыктарына қатысады. Хан мұрагері Әбдірашид (Абд ар-Рагдид) сұлтанды тәрбиеледі.
1533 жылы хан тағына отырған Әбдірашид Дулат тайпасы басшыларынан қауіптеніп, оларды қатал қуғынға ұшыратады. Мұхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашады. Ол мұнда Ұлы Моғолдар сарайында әскер басы болады. Кашмирді жаулап алып, оны Моғолдар атынан билеп тұрды да, 1451 жылы жергілікті халық көтерілісі кезінде қаза тапты.
Мұхаммед Хайдар Дулати жан-жақты, терең білімді адам болған. Өз заманының саяси оқығандары мен қайраткерлері жайында және Қазақстан, Орта Азия мен Моғолстанның өткен тарихын, әсіресе Дулат тайпасының тарихын жақсы біліп, оны өз шығармаларында білгірлікпен баян етті. Өзінің «Тарих-и Рашиди» атты басты тарихи еңбегін 154146 жылдар арасында Кашмирде жазды. Мұнда ол Дулаттар мен Моғолдардың өткені жайлы әңгімелер мен аңыздарды, Моғол хандарының сарайларында сақталған ресми құжаттар мен болған оқиғаларды көзімен көрген куәлардың айтуымен өз көргендерін салыстыра қорыту негізінде парсы тілінде жазды. Бұл еңбегін жазуда Мұхаммед Хайдар Дулати өзіне дейінгі көптеген ғалым-ғұламалардың да еңбектерін кеңінен пайдаланды. Мұның өзі Мұхаммед Хайдар Дулати шығармаларының ғылыми құндылығын арттырады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің басты шығармасы «Тарих-и Рашидиде» орта ғасырдағы қазақтар тарихын, қазақ хандығы құрылғанға дейінгі және одан кейінгі Жетісу және Шығыс Дешті Қыпшақтағы қызықты оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, сыртқы жауға қарсы қазақ, қырғыз және өзбектердің достық одағының қалыптасуы, қалалар тіршілігі мен егіншілік мәдениеті және Жетісудың тарихи географиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қысқасы ортағасырлық Қазақстан тарихы т. б. осылар сияқты құнды деректер қамтылған.
1999 жылы ұлы ғұламаның туғанына 500 жыл толуына байланысты Мұхаммед Хайдар Дулатидің күндері күллі Қазақстан болып атап өтілді.

Ұлы жүздің шежіресі. Ботбай руы
Ұлы жүздің шежіресі. Үйсін руы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу