Кіші жүздің шежіресі. Байұлы. Байбақты руы

Oinet.kz 06-10-2020 3432


Ұраны Дауқара, таңбасы:

Біздің ойымызша, Байбақты руының тарихы өте қызықты. Айтар болсақ, Кіші жүз руларының көпшілігі сияқты, бұл рудың да шығу тарихы осы уақытқа дейін айқын болмай қалып отыр. Байбақты руының шежіресін қарастыра келгенде, тоқсаба оның төртінші ұрпағы болып келетінін көреміз. Осыған байланысты XV ғасырдағы орыс деректемелерінде және Бейбарыс ( ^>-) пен Ибн-Халдуңда бар ертедегі қыпшақтардың тоқсаба руы туралы мағлұмат қызықты, онда тоқсаба руы бірінші болып көрсетіледі. Бұл жайт бізге бүкіл байбақты руы болмаса да, оның әлде бір бөлігі ертедегі қыпшақтардан шыққан деп жорамалдауға мүмкіндік береді, оның үстіне неғұрлым кейінгі кездегі қыпшақтарда тоқсаба руы жоқ. Басқа да көптеген қыпшақ тайпалары сияқты, тоқсабаның кейіннен Кіші жүз құрамына, ал бір бөлігі ішінде қыпшақ руы бар қарақалпақ халқына енгені анық; соңғыларының ұраны Тоқсаба болып табылады.
Ал рудың жаңа атауы (байбақты) шынында да жиі жорамал болып келгеніндей, кейіннен пайда болуы мүмкін. Ертедегі деректемелерде Байбақты руы туралы айтылмауын, бәлкім, осымен түсіндіруге болар. Байбақты руының таңба белгілері: у—, ~п, және . (Тынышбаев бойынша). И. Мейер де бір ғана ^ белгісін келтіреді. Таңбалардың осы әр алуан түрін мұқият қараған кезде олардың бәрі бірдей ұқсас екені және біреулерінде кішкене сызықшалардың негізгі сызыққа тік бүрышпен, ал басқаларында қиғашталып келуімен ғана ерекшеленеді. Байбақты руының ұраны «Дәуқара», бізге Н. И. Гродеков пен М.Тынышбаевтың деректері бойынша ғана мәлім.


Кіші жүздің шежіресі. Байұлы. Қызылқұрт руы
Кіші жүздің шежіресі. Байұлы. Беріш руы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу