Сабақ жоспары. Халықтың нәсілдік, ұлттық, тілдік құрамы және әлем діндері

Oinet.kz 16-10-2020 2001

Қысқа мерзімдік жоспарлау.

 

Мектеп:   С.Қожанов атындағы жалпы  орта  мектебі

Сабақтың тақырыбы:  §23.   Халықтың нәсілдік, ұлттық, тілдік    құрамы және  әлем  діндері.

Күні: 03.12.2018 жыл.

Пәні: география  

Сынып: 10-АӘ

Тексерілді:

Мұғалімі:Ибраева Г.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты   (мақсаттары)

Дүниежүзі    халқының  нәсілдік, ұлттық,   тілдік  құрамы және  әлем    діндерімен таныстыру.

Сабақ мақсаттары

- Дүниежүзі  халқының    нәсілдік, ұлттық, тілдік  құрамы   және  әлем  діндерімен танысады.

 - Дүниежүзінің  физикалық, саяси  картасын    оқи  алады.

Дүниежүзіндегі   нәсілдер арасындағы айырмашылықтарды    түсіндіреді.

 Тілдік мақсат

Оқушылар:  Дүниежүзі    халқының  халқының  нәсілдік,   ұлттық, тілдік  құрамы және  әлем    діндері  туралы  тарихи   деректерде баяндалған теориялар мен болжамдар туралы пікірталастарға қатыса   алады

Негізгі ұғымдар: нәсілдер,еуропалықтар,монғол тектес, экваторлық   нәсіл,ірі этностар,тіл    семьялары,ірі  тілдер, христиан,   ислам, буддизм,индуизм,конфуций,синтоизм,анимизм, тотемизм,фетишизм, шаманизм,   Қытай, Үндістан, АҚШ, алтай тілдік    семьясы,үнді-еуропа.

Диалог/жазылым үшін пайдалы сөздіктер:                                           Менің   пікірімше,.....неғұрлым дәйекті болып табылады, себебі......;          Менің пікірімше,...... дәлелсіз   болып табылады, себебі...... .               Менің пікірімше,әлем діндерінің пайда болуының себептері .....

Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Нәсілдік белгілердің    пайда болуына табиғи орта    қалай  әсер етеді ? 2. Аралық   және аралас  нәсілдер дегеніміз не? 3.   Неліктен ағылшын тілі қытай тіліне қарағанда көптеген  елдерде    таралған?

Алдыңғы оқу

 §22.   Халықтың  тығыздығы, орналасуы,   көші-қон.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар   (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

8 минут

 1.Ұйымдастыру кезеңі.

 « Қалайсыз...?»  оқушылармен   амандасу тренингі

2.  «Блиц   – сұрау» әдісі интерактивті    тақта  көмегімен үй  тапсырмасын    сұрау:

1.Жер шарындағы  халық тығыз    орналасқан  аудандар? 2.Дүниежүзіндегі    халқы  көп мемлекеттер?                 3.Қазіргі  заманғы көші-қонның бағыттары?

 

Интерактивті тақта

Ортасы

3 минут

5 минут

 

 

 

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

4 минут

Видео көрсетілім    «Дүниежүзі халқы»

 «Еркін   микрофон» әдісі:

1.   Неліктен ХХ  ғасырда демографиялық   жарылыс құбылысы орын алды?                                            2.Видеокөрсетілімде   қандай  нәсілдер және ұлттар   көрсетілді?                                                                                    3.  Халық санағы  не үшін жүргізіледі?                             4.Халықтың   жастық-жыныстық құрамы?                                5. Халықтың   жастық-жыныстық құрамына табиғи  өсу   қалай  әсер  етеді?                                                                   6.Адамның өмір жасының  орташа   ұзақтығының өсуі халықтың жастық-жыныстық құрамына қалай әсер етеді?

ҚБ   «Мадақтау»

 «Біз не білеміз?»   әдісі -  суретпен жұмыс:

1-топ:   Еуразия    материгін мекендейтін халықтарға сипаттама? Қазақтар,орыстар,украиндер,жапондар,қытайлар,чехтар

2-топ: Америка   материгін мекендейтін халықтарға сипаттама? Америкалықтар,еуропалықтар,үндістер,экваторлық   нәсілдер,еврейлер

3-топ: Африка   материгін мекендейтін халықтарға сипаттама?

Арабтар,экваторлық   нәсілдер: бушмендер мен готтентоттар, банту халықтары,еуропалықтар.

Геосергіту- «Келісемін/келіспеймін».

Жүргізуші   сайлаңдар.Ол осы өткен тақырыпқа қатысы бар тұжырымды айтады.Онымен келісетін   болсаңдар, үш рет қол шапалақтап,келіспейтін болсаңдар- үш рет аяқтарыңмен   жерді тарсылдатасыңдар:

Қазақтар   алтай тіл семьясына  кіреді                              Орыстар   православие дінін ұстанады                      Үндістан халық саны   бойынша бірінші орында       Антарктиданың тұрғылықты халқы жоқ               Африкада туу көрсеткіші   төмен                                  Еуропада   монғол тектес  нәсіл басым                                       Дүниежүзі  бойынша хылық тығыздығы орта есеппен 52   адам/км2

Картамен жұмыс:

1-топ:Жер шары   халқы  нәсілдерінің тараған  аймақтарын    кескін картаға түсіру- еуропалық,монғол тектес, экваторлық нәсіл;

  2-топ: ең көп тараған  тіл    семьяларының таралу    аймақтарын  кескін картаға   түсіру- үнді –еуропалық тіл семьясы(45,2%), қытай-тибет (22,9%),   нигер-кардофан(6,1%), афразиялық(5,1%) тіл семьялары.

3-топ: әлем   діндерінің таралу  аймақтарын  кескін картаға түсіру-   христиан,ислам,буддизм және ұлттық діндер.

 «Ой   атысы» әдісі

Оқушыларға  5-сұрақтан    тұратын  сұрақтар  үлестіріледі.  Орындап болған соң оқушылар өзін-өзі   бағалайды

Үлестірме 1 :

1.Негізгі  және аралас нәсіл өкілдері  халықтың қанша %-ын қамтиды? 2.Бірұлтты   мемлекеттерге мысал келтір? 3.Кең таралған 12 тілде халықтың қанша %-ы   сөйлейді? 4.Христиан дінінің тармақтарын ата? 5.Ежелгі Қытай жерінде   қандай  діндер тараған?

Үлестірме 2:

1.Жер шары   халқының 43 %-ын құрайтын ірі он этносты ата? 2.Көп ұлтты Қазақстан халқының   ұлттық құрамы? 3.Дүниежүзіндегі тілдердің саны, оның қаншасы жойылып кету   алдында тұр? 4.Билингвизм дегеніміз не? 5.Анимизм дегеніміз не?

Үлестірме 3:

1. Дүниежүзінің   қанша  елінде  мұсылман мешіттері бар? 2.Буддизм   кеңінен  таралған  елдерді    ата? 3.Неліктен ағылшын тілі қытай тіліне қарағанда көптеген  елдерге тараған? 4.Тотемизм дегеніміз не?   5.Қазақтар  арасында дәстүрлі(жергілікті)   діндердің қай  түрі сақталып келеді?

1.                         интерактивті тақтадағы жауаппен салыстырып  бағалайды

ҚБ «Өзін -өзі   бағалау»  

Бейнеүзік

Интернет Үлестірме         стикер

суреттер

 

 

 

 image.png

 

 image.png

                                                                                   






Аяқталуы

5 минут

1.        Кері байланыс.

image.png

2.  Үйге тапсырма   беру.

1. Бағалау. Өзін-өзі    бағалау арқылы бағаланады.

а)Формативті бағалау.ә)Суммативті бағалау

Бағалау парағы








Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз?   Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар   бересіз? 

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін   қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.   Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Оқушылардың деңгейлеріне қарай әртүрлі деңгейлік   тапсырмалар берілді. Кейбіреуіне тақырып бойынша тапсырмаларды орындап түсіну   үшін оқушыларға қолдау көрсетіп ынталандыру қажет.  Тапсырмалар орындау барысында «Біз не   білеміз» әдісінің тиімділігі оқушылардың топта жұмыс істеуіне толыққанды   көмек көрсетеді. «Ой атысы» әдісі арқылы кескін картамен жұмыс жүргізіледі   ягни есте сақтау дағдысы қалыптасады. «Еркін микрофон» әдісінің тиімділігі   оқушылар жаңа тақырып бойынша не түсінгендігін бір сөйлем арқылы өзінің есте   сақтау қабілетін жақсартады.

Оқушылардың топта   немесе жұптық тапсырмаларды орындау кезіңде қадағалау. Оқушылардың уәжін   көтеру негізінде мадақтау сөздері, смайлик, жеміс стикерлерімен бағаланып   отырады. Бағалау

 Пәнаралық байланыс тарих,музыка. Денсаулық   және қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері сақталды. АҚТ- ны қолданылады.

Қорытынды   бағамдау;    Қандай екі нәрсе табысты   болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.      ... 

2.       ...

Қандай   екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

                                                1. ...

1.        ...

 

 С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің  

  жоғары санатты география пәні мұғалімі

Ибрашева Гүлшат Абдуллаевна   

Ашық сабақ. Дүниежүзілік мұхиттың құрамы
Жарыс сабақ. «Қызық екен...?»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу