Жарыс сабақ. «Қызық екен...?»

Oinet.kz 16-10-2020 3145

С.Қожанов атындағы №42 жалпы  орта  мектебі 

     

Қысқа мерзімдік жоспарлау.

Жоғары санатты география  пәні  зерттеуші-мұғалімі  Ибраева Гульшат Абдуллаевна

 

Сабақтың тақырыбы: «Қызық екен...?»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтау: Шетелдік  Еуропа  мен Азия  және    «Батыс елдерінің жетілігінің» халқы, шаруашылығының жалпы  сипаты, ішкі айырмашылықтары жайлы білімдерін пысықтау.Еуропа  елдері географиясы, халқын  картаның көмегімен талдай  білуге үйрету.  Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; Ортада өзін ұстауға, сабырлылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, карта, конверттер, слайд көрсетілімдері, видеокөрсетілімдер, үлестірмелер,плакат,маркерлер т.б

Ұйымдастыру сәті:
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі 11 сынып оқушылары арасындағы «Қызық екен...» атты сайысқа қош келдіңіздер.

Қазақстан Республикасының  Әнұраны орындалады.

Сайысқа барлығы 4 топ қатысады:

1.Ұлыбритания тобы           2.Франция тобы       3.Германия тобы      4.Италия тобы

 

 2. Бағалау критерийлерімен таныстыру.


Сайыс 6
бөлімнен тұрады :


1. Ақпарат блогы. Әр топ өздеріне үйге  берілген тапсырмаларын таныстырады. Берілген тапсырмаларын қорғайды:

1.Постер бағаланады – 3 балл

2. Ұлыбритания,Франция,Германия,Италия бойынша жасалған постерді қорғау-

                        Жүйелі-1 балл

                        Постер мен қорғаудың байланыстылығы-1балл

                        Ақпараттардың молдығы -1 балл

3. Өнерлілік  блогы: Ән орындау – неміс, ағылшын,француз,италиян тілдерінде-3 балл


4. «Кім жылдам?»- Тест сұрақтарына тез жауап беру- сұрақтар үлестірмеде  беріледі-3 минут

            9-10 сұраққа жауап берсе-3 балл

            7-8 сұрақ                            -2 балл

            5-6 сұрақ                               -1 балл

 

1-үлестірме:

1. Ғылымға ерекше көп көңіл бөлетін елдер

А) Аустралия Одағы, Үндістан;

Б) Бразилия, Чили;В) Канада, Мексика;

Д) Монғолия, Бангладеш;  Е) АҚШ, Жапония;

2. Рур және Саар көмір алаптары қай елде?

А) Англия;    Б) Германия;      В) Франция;      Д) Польша;   Е) Италия;

3. Шпицберген архипелагы қай елдің құрамында?

А) Финляндия;   Б) Норвегия;    В) Дания;     Д) Швеция;         Е) Исландия;

4. Азия құрлығы қандай геосаяси аймаққа бөлінбейді?

А) Оңтүстік-Батыс Азия;    Б) Орталық Азия;

В) Оңтүстік Азия;   Д) Шығыс Азия;   Е) Солтүстік Азия;

5. «Фенноскандия» елдері құрамына кірмейді

А) Швеция;    Б) Финляндия;   В) Норвегия;   Д) Дания;   Е) Ирландия;

6. «Ергежейлі» мемлекеттер

А) Италия, Испания;    Б) Грекия, Португалия;

В) Андорра, Мальта;    Д) Ватикан, Франция;   Е) Монако, Болгария;

7. ЕО-қа мүше елдер

А) Ресей, Польша;Б) Түркия, Италия;

В) Бельгия, Дания;Д) Испания, Марокко;Е) Ирландия, Кувейт;

8. «Нестле» компанияс айналысатын сала

А) Химия өнеркәсібі;Б) Автомобиль жасау;   В) Тамақ өнеркәсібі;

Д) Энергетика;Е) Электроника;

9. Орманға бай елдер

А) Франция, Италия;    Б) Норвегия, Грекия ;

В) Германия, Польша;   Д) Швеция, Финляндия;   Е) Испания, Англия;

10. Геотермальдық энергияны кеңінен қолданатын ел

А) Исландия;    Б) Ирландия;    В) Дания;    Д) Швеция;   Е) Нидерланд

 

2-үлестірме:

1. FТР жетістектерін  тез меңгерген елдер

А) Нигерия, Ангола;Б) Аустралия, Вьетнам;

В) Жапония, АҚШ;Д) Перу, Чили;Е) Ауғанстан, Ирак;

2.Экономикалық және әлеуметтік географиясын негізін қалаған академик

А) Н.Н. Баранский;Б) Қ.И. Сәтпаев;В) Л.С. Берг;Д) П.П. Семенов;  Е) Н.А. Северцов;

3. Жапонияның халықаралық маманданған саласы

А) Астық шаруашылығы;Б) Орман шаруашылығы;В) Тамақ өнеркәсібі;                                  Д) Автомобиль өнеркәсібі;Е) Мал шаруашылығы;

4. Еуропа елдеріндегі бейтарап ел

А) Швейцария;   Б) Швеция;   В) Румыния;   Д) Грекия;  Е) Дания;

5. ЕО және НАТО ұйымдарының штаб-пәтері орналасқан қала

А) Лондон;    Б) Берн;    В) Цюрих;   Д) Брюссель;   Е) Женева;

6.Еуропа мен Азияны бөліп тұрған тау

А) Альпі;    Б) Карпат;   В) Орал;   Д) Кавказ;   Е) Тянь-Шань;

7. «Бенилюкс» елдері

А) Италия, Испания, Португалия;

Б) Франция, Англия, Германия;

В) Бельгия, Нидерланды, Люксембург;

Д) Чехия, Словакия, Венгрия;

Е) Грекия, Польша, Болгария;

8. Литваның астанасы

А) Таллин;      Б) Вильнюс;

В) Кишинев;   Д) Рига;   Е) Каунас;

9.Қытай мен ең ұзақ шекаралас ел

А) Ресей;   Б) Қазақстан;   В) Монғолия;   Д) Пакистан;   Е) Үндістан;

10.  Еуропа елдерінің экономикалық ұйымы

А) АСЕАН;     Б) ЛАИ;     В) НАФТА;    Д) ОПЕК;   Е) ЕО;

3 -үлестірме:

1. Дүние жүзінде туристік аймақтарға жатады

А) Охот теңіз жағалауы; Б) Аравия теңіз жағалауы;

В) Қызыл теңіз жағалауы;Д) Бенгал шығанағы;   Е) Жерорта теңіз жағалауы;

2. «Тойота» компаниясының айналысатын саласы

А) Химия өнеркәсібі;Б) Тамақ өнеркәсібі;

В) Электроника;Д) Энергетика;Е) Автомобиль жасау;

3. ОПЕК-ке мүше елдер

А) Алжир, Ирак;Б) Қазақстан, Ресей;

В) Ливия, Конго; Д) Дания, Нидерланды; Е) Канада, Куба;

4. Францияның мемлекеттік құрылысы

А) Республика;   Б) Теократтық монархия;   В) Монархия;

Д) Парламенттік монархия;    Е) Абсолюттік монархия;

5. Англия мен Франция аралығындағы бұғаз

А) Мозамбик;    Б) Ла-Манш;   В) Гибралтар;   Д) Отранто;   Е) Тунис;

6.  Жапонияның әкімшілдік-территориялық бөлінісі

А) Штаттар;Б) Облыстар;В) Префектуралар;

Д) Провинциялар;Е) Аймақтар;

7. Франциядағы ірі темір кені бассейні

А) Пикардия;    Б) Лимузен;   В) Овернь;   Д) Луара;   Е) Лотарингия;

8. Еуропа елдеріндегі көп ұстанатын дін

А) Христиан;    Б) Ислам;   В) Будда;   Д) Синтоизм;   Е) Конфуцизм;

9. Германия шектеспейтін ел

А) Австрия; Б) Бельгия; В) Дания; Д) Польша;Е) Португалия;

10. Германияда тұратын неміс ұлтының үлес салмағы

А) 80%;       Б) 91,5%;    В) 99,3%;

Д) 72,3%;    Е) 64,5%;

4-үлестірме:

1. Дүние жүзінде өндірілген көмірдің қанша пайызы саудаға түседі?

А) 100%;Б) 2%;В) 80%;Д) 70%;   Е) 10%;

2. Өндірілетін электр энергияның 65% береді

А) АЭС;  Б) ЖЭС;В) СЭС;Д) Жел ЭС;  Е) Геотермальдық ЭС;

3. Ірі АЭС-тер салынған елдер

А) Аргентина, Ресей;Б) Германия, Исландия;

В) Франция, Жапония;Д) Аустралия, Үндістан;

Е) Қытай, Оңтүстік Корея

4. «Үлкен Жетілікке» кіретін елдер

А) Үндістан, АҚШ, Қытай;Б) Германия, Италия, Швеция;

В) Франция, Канада, Бельгия;Д) Жапония, Корея, Англия;

Е) Италия, Канада, Франция;

5. Химия өнеркәсібінен дүние жүзі бойынша алдыңғы аймақ

А) Шығыс Еуропа;Б) Оңтүстік Шығыс Азия;

В) Батыс Еуропа;Д) Парсы шығанағы елдері;Е) АҚШ;

6. Орманға бай елдер

А) Иран, Пакистан;Б) Монғолия, Боливия; В) Эфиопия, Алжир;                                                 Д) Финляндия, Швеция;   Е) Италия, Англия;

7. Балық шаруашылығынан алдыңғы орындағы елдер

А) Монғолия, Қытай;  Б) Судан, Египет;

В) Перу, Чили;Д) Болгария, Румыния;Е) Венгрия, Чехия;

8.Машина жасау өнеркәсібі бастау алған ел

А) АҚШ;Б) Германия;В) Египет;Д) Англия;Е) Франция;

9. Дүние жүзінде туристерді көп қабылдайтын елдер

А) АҚШ, Уругвай;  Б) Италия, Испания;

В) Чили, Франция;Д) Түркия, Лаос;Е) Швеция, Алжир;

10. Германияның миллионер қалалары

А) Берлин, Дрезден;

Б) Бремен, Штутгардт;

В) Гамбург, Мюнхен;

Д) Нюрнберг, Келн;

Е) Эссен, Бонн;

 

5. «Білгенге маржан» кезеңі - картамен жұмыс.                                                                             Берілген қалаларды тауып кескін  картаға  орналастыру. Әр топқа 10 қала  және кескін карта  беріледі. 1 минутта қалаларды кескін  картаға  орналастыру  керек                                                 9-10 қала        -3 балл

                        7-8  қала        -2 балл

                        5-6 қала          -1 балл

Қалалар:

1-топ: Астана,Тяньцзинь, Барселона, Франкфурт,Бремен, Неаполь, Санкт-Петербург, Александрия,Касабланка, Сидней

2-топ: Осака,Пусан, Валенсия, Гамбург, Глазго,Мәскеу, Каир, Кейптаун, Джакарта, Веллингтон

3-топ: Нагоя, Карачи, Венеция,Ливерпуль, Дар-эс-Салам,Триполи, Хьюстон,Лос-Анджелес, Торонто,Каракас

4-топ: Мумбай,Стамбул, Марсель,Лилль,Лион,Нью-Йорк, Чикаго,Рио-де-Жанейро, Йоханнесбург,Канберра


6. «Ұшқыр  ой» - ұяшықтағы сұрақтар  беріледі - топпен ақылдаса отырып, сұраққа жауап беру:

1-1             2-1       3-1       4-1

            1-2       2-2       3-2       4-2

            1-3       2-3       3-3       4-3

            1-4       2-4       3-4       4-4

 

1-1: Сингапурдың  мемлекеттік тілі: ағылшын,малай,қытай тамил

1-2: Абсолюттік және конституциялық монархияның ұқсастығы мен айырмашылығы? - Конституциялық монархия басқару  түрінде патшаның билігі конституциямен шектелген, Абсолюттік  монархия басқару  түрінде патшаның билігі  шектелмеген.

1-3: Еуропадағы урбандалу  деңгейі  ең жоғары мемлекет - Бельгия

1-4: Еуропадағы  «ең химияландырылған  ел» - Германия

2-1: БҰҰ қай жылы қандай  мақсатта құрылды? Құрамына қанша  ел  кіреді?Штаб-пәтері? – 1945 жылы әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамьамасыз ету мақсатында құрылды - 193 ел  кіреді - Нью-Йорк қаласында

2-2: ЕО  қай жылы қандай  мақсатта құрылды? ЕО-қа  дейін қандай  атауларға ие болды?Құрамына қанша  ел  кіреді?Штаб-пәтері? – 1957 жылы «Ортақ Нарық» - 27 ел кіреді-1960 жылы «Еуропалық қауымдастық» - 1993 жылы «ЕО» - Біртұтас экономикалық одақ құру арқылы елдер арасында тауар,қаржы,жұмыс күшінің еркін айналымына жағдай жасау - Брюссель

2-3: АСЕАН қай жылы қандай  мақсатта құрылды? Құрамына қанша  ел  кіреді? Штаб-пәтері? – 1967 жылы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты  орнату,экономикалық-әлеуметтік және мәдени өрлеуді жеделдету – 10 ел кіреді-Джакарта

2-4: ОПЕК қай жылы қандай  мақсатта құрылды? Құрамына қанша  ел  кіреді?Штаб-пәтері? – 1960 жылы мұнай өнімдерінің әлемдік нарықтағы бағасын тағайындау  және  оның өндірілуі  мен  сатылуына бақылау жасау үшін – 12 ел кіреді – Вена қаласында

3-1: Германия жеңіл автомобиль жасаудан дүниежүзінде  Жапония мен АҚШ -тан кейінгі 3-орын алады.Елдің автомобиль фирмалары қанша жеңіл қанша арнайы және жүк  автомобильдерін шығарады? – 5,4 млн жеңіл, 0,3 млн арнайы және жүк автомобильдері

3-2: Ұлыбритания Солтүстік теңіз  қайраңдарынан  мұнай өндіреді,елде 9-ға жуық мұнай өңдеу зауыттары бар.Мұнай  өнеркәсібінде аса ірі «Ройял-Датч-Шелл», «Бритиш Петролеум», «Бритойл» компаниялары жұмыс істейді. Аталған компаниялардың  қайсысы мұнай өндіру және өңдеуден дүниежүзінде  2-орын алады? - «Ройял-Датч-Шелл»

3-3:Францияда 500 СЭС,19 АЭС жұмыс жасайды.Елде өндірілетін электр энергиясының қанша  пайызы СЭС,АЭС,ЖЭС-ке  тиесілі? – АЭС-ке  елде өндірілетін электр энергиясының ¾ бөлігі, 13%-ы СЭС-на, 11%-ы  ЖЭС-на  тиесілі.

3-4: Италияны әдетте «Еуропаның басты  бағы»  деп  атайды,өйткені  мұнда  қоңыржай  және субтропиктік  белдеулердің алуан түрлі  жемістері мен жаңғақты  ағаштары күтіп-бапталады. Италияда  ең  көп  өсірілетін дақылдарды  ата – бидай,күріш(Еуропада 1-орын), 6 млн тоннадай жеміс, 3 млн тоннадан астам цитрус өнімдері, 5,5 млн тонна қызанақ, жұзім жинаудан Франция ғана бәсекелесе алады.

4-сұрақтар: Еуропа  елдеріндегі  маңызды  тарихи  ескерткіштер  туралы  видеокөрсетілім көрсетіледі.Тарихи ескерткіштің  қай жерде екенін тауып, сұрақтарға жауап  беру:

4-1: Колизей нешінші  жылы  қай  императордың  кезінде  салынды? –                                   Б.з.80 жылы Рим императоры Титенің  кезінде салынып, 8 жылда салынып бітті.

4-2: Эйфель мұнарасы «Дүниежүзілік Париж көрмесіне» арналып салынған.Оның авторы кім және қай  жылдары  салынды? –                                                                                          Авторы Гюстав Эйфель. 28.01.1887 жыл-31.03.1889 жылдар аралығында  салынды.

4-3: Киль каналы Германияда 1895 жылы 20 июньде іске қосылды.Ол Солтүстік теңіз бен Балтық теңіздерін жалғастырады.1948 жылға  дейін Киль каналы қалай  аталды? –                        Кайзер Вильгельмнің каналы

4-4: Биг-Бен  Лондондағы  Вестминстер сарайында орналасқан.Биіктігі 96 метр,1859 жылы салынды. Биг-Бен  ненің атауы? –                                                                                        Биг-Бен  Вестминстер сарайындағы сағат  циферблатындағы 13 тонналық болат қоңыраудың атауы.

Сабақ жоспары. Халықтың нәсілдік, ұлттық, тілдік құрамы және әлем діндері
Күн, Ай және Қораз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу