Ұрыдан қалған нәрсе (ертегі)

Oinet.kz 24-10-2020 1146

Бағзы заманда азғантай ғана байлығы бар, күнделікті тұрмысы бір қалыпты ер адам өмір сүріпті. Оның үйінде кілемі және қымбат ыдыстарымен бірге ақшасын сақтайтын сандығы болыпты. Сандық өзі түнде ұйықтайтын бөлмеде тұрады екен. Кештердің бірінде ер адам жақындарының үйлену тойына кетіп, үйіне кеш оралыпты. Кілтін алып, үйінің есігін ашып, көзі үйінің алаңына түсіп, үйдің күнделікті жағдайда емес екенін байқапты. Асығып, үйіне кіріп, бөлмелерін аралапты. Ол күтпеген жәйтті көріп, есінен танып қалады. Көршілері келіп, оны тұрғызады.

Ер адам есін жиып, басын ұрып, жылапты. Бар нәрсесін ұры әкетіп, кілем мен үйдің жиһазынан еш нәрсе қалдырмаған екен. Көршілері оны аяп, біреуі:

- Із кесетін адамға хабар беру керек, - депті. Басқасы:

- Ойлан, кіммен жау болдың. Мүмкін, ұрлыққа сол түскен шығар, - дейді. Үшіншісі:

- Ұрылар табылады. Алаңдама. Мен барлық нәрседен хабардар балгерді танимын. Ол тіпті ұрылардың мекенін де көрсетеалады, - депті.

Сол түні көршілерінің бірі оны демалсын деп үйіне ертіп алып келеді. Бірақ бейшара адам таң атқанша көз ілмейді. Таң атысымен орнынан тұрып, ізшіге барып, мән-жәйді баяндайды. Ізші:

- Ұрыны табу оңай емес. Сенің мүлкіңді ұрлаған ұрылар сенің бар-жоғыңнан толық хабардар болған, тіпті сенің үйде болмайтыныңды да білген. Біз ұрыларды іздеуге кірісеміз, кейін өзіңе хабарлаймыз, - депті.

Ер адам бірнеше күн ізшінің талпыныстарының нәтижесін күтіп, сабыр сақтапты. Бірақ одан хабар келмейді. Ол қайғыға батып, күні-түні тізесін құшақтап, ойланып отырыпты. Ол барлық жақындары мен достарынан күмәндана бастайды. Мәселесін жұрттың бәріне айтады,, бірақ ешкім оған көмектесе алмапты. Күндердің бірінде терең ойға батып,есіне көршілерінің бірі танитын балгер түсіпті. Ол көршісінің үйіне жылдап жетіп, оған:

- Менің жағдайымды білесің ғой. Енді маған көмектесетін басқа адам жоқ. Сенен танитын балгердің мекен-жайын сұрауға келдім. Мүмкін сол арқылы мүлкімді ұрлағандарды табармын», - депті. Көршісі бір емес, тағы басқа екі балгердің мекен жайын береді.

Мүлкі ұрланған адам бірінші балгерге жетіп, ұрылардың хабарын алу үшін оған көп ақша беруге мәжбүр болады. Балгер үміттендіріп, адамның өзінен естіген мәліметтерді жинақтап, қайталап береді. Балгер сөзін аяқтағакнымен, оның сөздерінің арасында ұрылар туралы еш мәлімет болмайды.

Ер адам екінші балгерге қарай беттейді. Ол да көп сөздер айтып, үміттендіруден ары аспайды.  Оған да көп ақша төлеп, көңіл қуантарлықтай жауап ала алмайды. Соңында әлі адамның қолында еш нәрсе қалмапты. Осындай жағдайда ол келесі балгерге барып:

- Егер ұрылардың орнын айтсаң, мүлкім табылған соң жақсы ақша төлеймін, - дейді. Барлық сөзі мен ісі адамды алдау екенін және ұрылар туралы хабары жоқ екенін білген балгер: -

 Жоқ, мен әдеттегіндей алдымен ақша аламын, содан соң сөзімді айтамын, - деп келіспейді.

Шыдамы шегіне жеткен ер балгерді жұдырықтай бастапты. Ол балгерлердің оны алдағанын және ешбір жанның оған ұрылар туралы хабар бере алмайтынын түсінеді. Жұдырық жеген балгер:

- Мені неге ұрасың? - деп айқайлап, безек қағады. Мүлкі ұрланған ердің:

- Басқаларды алдай алмайтындай, өлгеніңше ұрамын. Мүлкімді ұрылар ұрлады, олардан қалғанын сендер, балгерлер ұрладыңдар. Табамыз деп алдадыңдар, - деген дауысы одан да қаттырақ естіледі.

Бәрібір адамның мүлкі табылмайды. Сол күннен бері халық бірінен соң бірі орын алатын қиындықтары немесе балгерлер мен көріпкелдер туралы айтқылары келсе: «Ұрыдан қалған әр нәрсені балгер алады» деген мәтелді айтатын болыпты.

Әнет баба
Өгіз (ертегі)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу