Ашық сабақ. Технология. Жапсырмалау, әдіптеу,жиектеу.
Сабақтың тақырыбы:Жапсырмалау,әдіптеу,жиектеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:жаңа технологиялдарды тиімді қолдана отырып,теориялық білімдерін және практикалық арттыру мақсатында оқушылардың білімдерін пысықтау.
Дамытушылық:оқушыларды жапсырмалау, әдіптеу,жиектеу тәсілі арқылы әр түрлі бұйымдар жасауда шеберліктерін шыңдау арқылы эстетикалық талғамын, ой – қиялын дамыту.
Тәрбиелік:логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып,бастаған тігін бұйымдарын аяқтау,ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап,сарамандық жұмыс,интерактивті тақтамен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: сызу, математика.
Сабақтың көрнектілігі: слайдтар,нұсқау картасы;
Пайдаланған жабдықтар:дәптер,қайшы,ине-жіп, мата қиындысы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Сәлемдесу,түгелдеу.
2.Психологиялық тренинг. «Жылылықты сезіну»
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Қарлы кесек» тәсілі арқылы сұрақ-жауап жұмысын жүргізу.
Сұрақтар:
1.Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды? 2.Машина тігістерінің қандай түрлерін өттік? 3.Машинаны сабақтау бөлшектерін атаңдар? 4.Қандай қол тігісінің түрлерін білеміз? 5.Қол тігісі мен машина тігісінің айырмашылығы неде?
Шығармашылық тапсырма:Оқушыларға шығармашылық жұмыс берілген:кестелер,құрақ. Орындаған жұмыстарын қорғау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.«Ой шақыру» сөзжұмбақ шешу.
К  | Ө  | Р  | К  | Е  | М  | |||||||||
Қ  | Ы  | С  | Қ  | А  | С  | Ы  | ||||||||
Ш  | Ү  | Б  | Е  | Р  | Е  | К  | ||||||||
И  | Н  | Е  | ||||||||||||
Ж  | Е  | Р  | І  | Н  | Е  | Н  | ||||||||
О  | Й  | Ғ  | А  | Н  | ||||||||||
Т  | А  | Л  | М  | А  | С  | |||||||||||||
Б  | І  | Л  | І  | М  | ||||||||||||||
Ө  | Н  | Е  | Р  | Г  | Е  | |||||||||||||
Е  | Р  | Т  | Е  | Ң  | І  | |||||||||||||
А  | С  | Ы  | Л  | |||||||||||||||
Т  | І  | Г  | І  | Н  | Ш  | І  | ||||||||||||
Ө  | З  | І  | Ң  | Е  | ||||||||||||||
Ж  | И  | Р  | Е  | Н  | ||||||||||||||
Б  | І  | Р  | ||||||||||||||||
1.Қыз еркем,ісімен ...
2.Жіптің ұзыны жақсы,
Сөздің ... жақсы.
3.Адам көркі ...
4.Тігіншіні ... асырайды.
5. Жіп жіңішке ... үзіледі.
6. Ою ... сызу да сызады.
7.Өнерінің өзегі - ...
8.Оқу білім азығы,
... ырыс қазығы.
9.Көз көрерге тоймас,
Көңіл ... тоймас.
10.Еріншектің ... бітпейді.
11.Қарыс қазы-балықта,
... қазына –халықта.
... кем істейді,
Үтік тегістейді.
13.Үйренгенің ... құт,
Істегенің еліңе құт.
14.Өнерді үйрен де ...
15.Жеті рет өлшеп, ... рет кес.
2.Тақырыпты түсіндіру.
1-сызба Машина тігістері
Қосып тігу Қайырып тігу
Жиектеу /шеттік/ Әдіптеу Жапсырмалау тігісі
Бүгіп тігу Бастырма
Жабық Ашық Ашық Жабық кесікпен кесікпен кесікпен кесікпен
Әдіптеу тігісінің орындалуы  | 
2-сызба
Қолтық ойындысы Мойын ойындысы
3-сызба
Қиықты шілтермен өңдеу Қиықты ирек тігіммен өңдеу
Жиектеу /шеттік/ тігісінің орындалуы  | 
4-сызба
Жапсырмалау тігісі біріктіруші тігіске жатады.Ол қалтаны,белдікті,сәндік таспаларды,аппликацияны жапсыруда қолданылады.Жапсырма тігіс ашық және жабық кесікті болып бөлінеді.
1.Ашық тігісті жапсырмалау тігісі. 2.Жабық кесікті жапсырмалау тігісі.
Жапсырмалау тігісінің орындалуы  | 
5-сызба
Жапсырмалау тігісінің қолданылуы  | 
3.Оқулықпен жұмыс.
Тігістерді орындаудағы талаптарды дәптерлеріне жазғызу.
4.Сергіту сәті. «Математикалық ойын»
1  | 2  | 3  | 4  | 5  | 6  | 7  | 8  | 9  | 
 
 22+36-44+67=адам 
 63+38+55+84+78=көркі 
 93+47+76+97+55+29+58=шүберек  | 
2  | а  | е  | |||||||
3  | д  | ө  | |||||||
4  | а  | ү  | |||||||
5  | р  | к  | |||||||
6  | к  | м  | |||||||
7  | б  | і  | |||||||
8  | к  | ||||||||
9  | ш  | е  | 
«Адам көркі шүберек»
ІҮ.Тақырыпты бекіту.
Сарамандық жұмыс.
1.Оқушылардың құралдарын тексеру.
2.Техникалық қауіпсіздік ережесін түсіру. 3.Нұсқау картамен жұмыс.
Жапсырмалау тігісі /қалта/
Жұмыстың орындалу реті  | Графикалық бейнелеуі  | |
1  | Үлгі бойынша қалтаны, бөлшектерді қиып алу. 
  | |
2  | Қалтаның үстінгі сызығын 3 см-ге қайыру.  | |
3  | Жан сызығы мен төменгі /матаның /жағына қарай 1 см. көктеу.  | |
4  | Дайын қалтаны негізгі бөлшекке,сызбаның үстіне жапсырмалау тігісімен өңдеу.  | 
Ү.Сабақты қорытындылау. «Көпір моделі» әдісі.
Жапсырмалау,әдіптеу,жиектеу  | 
1.Қандай тігіс түрлерін өттік?
2.Қолтық ,мойын ойындысы қандай тігіспен орындалады?
3.Тігістерді орындаудағы талаптар?
4.Жиектеу тігістерінің қолданылуы.
5.Жапсырмалау тігісінің орындалуын ретімен айтып беру.
6.Жапсырмалау тігісінің қолданылуы?
ҮІ.Үйге тапсырма.Мата қиындысынан жиектеу/шеттік/ тігісін орындап келу.
ҮІІ.Оқушылардың білімін бағалау.
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы
Ашық сабақ:
«Жапсырмалау,әдіптеу,жиектеу»
5 «А» сынып
Технология пәні мұғалімі: Нұсқабаева А.С.
Жапсырмалау тігісі /қалта/
Жұмыстың орындалу реті  | Графикалық бейнелеуі  | |
1  | Үлгі бойынша қалтаны, бөлшектерді қиып алу. 
  | |
2  | Қалтаның үстінгі сызығын 3 см-ге қайыру.  | |
3  | Жан сызығы мен төменгі /матаның /жағына қарай 1 см. көктеу.  | |
4  | Дайын қалтаны негізгі бөлшекке,сызбаның үстіне жапсырмалау тігісімен өңдеу.  | 
12 штук


