Ашық сабақ. Технология. Түс қағаз туралы түсінік

Oinet.kz 25-07-2020 1587

Сабақтың мақсаты:
А) Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беріп, түс қағаз түрлерімен таныстыру
Б) Түс қағаздарды пайдалануды үйрету, өнерге қызығушылығын арттыру
В) Төзімділікке, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, түс қағаз түрлері
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
А) Оқушылармен сәлемдесу
Ә) Оқушыларды түгелдеу
Б) Оқу құраларын тексеру
В) Үй жұмысын тексеру
Өткен сабақты сөзжұмбақ арқылы қорытындылау
Мына әріптерден 7 асхана құралдарын тауып жазу
П, қ, а, т, б, д, ш
и, е, н, з, с, к, р, ә, л, о, ы
Пышақ, қасық, тәрелке, қазан, доска, табақ, шәйнек
Жаңа сабақ: Түс қағаздар туралы түсінік
Түс қағаз бір немесе бірнеше түс беретін әр түрлі өрнегі бар қағаз текті әрлеу материалы.
Сәндік түс қағаздың өрнекті беті ағаш материалдардың түсіне ұқсас келеді. Түс қағаздағы өрнектер әр түрлі болуы мүмкін. Түс қағаздар кез келген қабырғаға әсем әр беріп, бөлме еңсесін көтере түседі. Жапсырма қағаздың кейбір түрлері ылғалға төзімді келеді. Оларды дымқыл шүберекпен сүрткенде беті бүлінбейді. Түс қағазды пайдааланар кезде олардың неге арналатындығын аумағы мен көлемі, биіктігін ескертту қажет. Мысалы бөлмелерге пайдаланғанда көлемі 9-12 м болатын , шағын бөлмелерге тор түріндегі майда көмескі өрнегі бар ашық түсті түс қағаздарды пайдаланамыз. Өйткені қабырғаларды бұлайша әрлеу бөлмені біршама кеңейтіп тұрады. Егер бөлменің аумағы 15-20 м болса оның қабырғасын әрлеу үшін түстері бір-біріне жақын, өрнектері ірілеу түс қағаздарды пайдалануға болады. Төбесі биік болғанымен аумағы шағын бөлмелер үшін өрнектері көлденең орналасқан түсқағазды пайдаланған тиімді. Егер терезелер солтүстікке қарайтын болса қызғылтым ашық түсті ақ сары қызыл сары және басқа түсқағаздар ұсынылады. Түсқағаздар оралған күйінде ені 500,560,600 және 700 мм етіп шығарылады. Орамдарының ұзындығы 7,10,12,18 м болады. Түсқағаз желімденетін бөлменің температуралы 5 градустан төмен болмауы керек. Түсқағаз жапсырылған түсті желдің өтінен, артық ылғал мен шақырайған күн көзінен сақтау керек. Түс қағазға арналған желімдер дүкендерде сатылады. Оны үйде де ұннан жасауға болады. Еленген ұнға аздап жылы су қосып біркелкі масса пайда болғанша араластырады. Бұдан соң оған жайлап қайнаған су құяды. Массаны қоймалжын қамыр пайда болғанша араластырып дайын болған клейстерді елеп немесе сүзіп пайдаланамыз.
Қорытынды: Сөзжұмбақ
1. Грек тілінен аударғанда өнер, шебер деген мағына беретін сөз (технология)
2. Түсқағазды желімдеу үшін үй жағдайында клей жасайтын зат (ұн)
3. Түс қағазды не үшін пайдаланамыз (сәндік)
4. Түс қағазды қиюға арналған құрал (қайшы)
5. Қоңыр түсті жиххаз үшін қандай түс пайдаланамыз?
6. Түсқағаз қандай материал (қағаз)
7. Шағын бөлмелер үшін қандай тор түріндегі түс қағаздарды пайдаланамыз?
8. Түс қағаз үшін пайдаланатын клейді қалай жасаймыз?
9. Түс қағаздардың ені қанша мм болады?

Бағалау: Оқушылардың білімдерін бағалау
Үйге тапсырма

Ашық сабақ. Технология. Алгоритм. Технология пәнінен сабақтар топтамасы
Ашық сабақ. Технология. Қол тігістері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу