Ашық сабақ. Математика. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

Oinet.kz 26-11-2019 762

Сабақ тақырыбы: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктердің шығу жолымен танысып, Сабақ тақырыбы: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктердің шығу жолымен танысып, бір тригонометриялық функцияның мәні бойынша қалғандарының мәнін табуға есептер шығаруды, өрнектерді түрлендіру үйрету, оқушылардың ізденістерін жетілдіру.
2. Дамытушылық. Оқу процесінде оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жарату. Өз ойын ашық айта білетін жеке тұлға қалыптастыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды сүйіспеншілікке, мейірімділікке, адамгершілікке, қарапайым, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топпен жұмыс, құрал-жабдықтармен және тестпен жұмыс. ( Сын тұрғысынан ойлау әдістері )
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, үлестрмелер

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Қызығушылықты ояту.
1. Оқушыларға сұрақтар беріледі, сол бойынша оқушылар ассоциациялық карта сызады:
1) Тригонометриялық функциялар ?
2) Тригонометриялық функциялардың анықтамасы, қасиеттері?

II I II I
+ + - +
III IV III IV
- - - +

sin (-α) = - sin α cos (-α) = cos α
тақ жұп

y/R x/R

sin α cos α

тригонометриялық
функциялар


tg α ctg α

tg (-α) = - tg α ctg (-α) = - ctg α
y/x x/y


тақ

II I
- +
III IV
+ -

2. «Кім жүйрік?» сайысы

Үйден мектепке жету үшін радиандық өлшемдердің градустық өлшемдерің табу керек. ( жүру жолдарыңды стрелкамен көрсетіп отыр)



ҮЙ 30º π/6 π/4 π/2 3π/2 360º


60º 45º 90º 180º π 270º 2π


π/3

4. «Кім көп біледі ?» ойыны.
Математикалық диктант

1. cos²α +sin²α = … (1)
2. tgα = … (sinα / cosα)
3. ctgα = … (cosα / sinα )
4. tgα ּ ctgα = … (1)
5. 1 + tg²α = … (1/ cos²α)
6. 1 + ctg²α = … (1/ sin²α)
7. 1 - sin²α = … (cos²α)
8. 1 - cos²α = … (sin²α)

5. «Дәлдеп көзде».

Дұрысын тауып, бағытталған кесінділер арқылы көрсет.

Тест жұмысы

І. Өрнектерді ықшамдаңдар:

1)1 - sin²α = ?


A) sin²α B) cos²α C) ctg²α D) tg²α

2) 1 – cos²α = ?


A) cos²α B) sin²α C) ctg²α D) tg²α

3) sin² 3х + cos²3х - 1= ?



A) cos²α B) 0 C) 1 D) 3

4) (1 + tg²α) ּ cos²α = ?



A) 3 B) 1 C) 12 D) 0

5) sin² α - 1+ cos²α + (1 - sinα)(1 + sinα) = ?



A) sin²α B) cos²α C)3 D) tg²α

6)(2sin² α – 1) / (1- 2cos²α) = ?


A) sin²α B) 1 C)3 D) tg²α

7) (cos²α– 1) / (3- 3sin² α ) = ?


A) 5 B) - tg²α/3 C)3 D)- ctg²α/3



6.Есеп шығару. -кітаппен жұмыс
бет 84-85 №7А21, 7А22, 7А23 - емтихан жинағы
№319 бет 111

7.Сабақты қорыту:
Әр оқушы ұпайын есептеп .
Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімі бағаланады.
Оқушылардың білімін бағалау кестесі:

КЕСТЕ ТОЛТЫРУ (оқушылар өзідеріне баға қояды)

/Аты-жөні/ /Ассоциациялық карта/ /«Кім жүйрік?»сайысы/ /«Кім көп біледі?» ойыны/


/«Дәлдеп көзде» ойыны/ \Қорытынды баға/


8. Үйге тапсырма: §19 №321 бет 111


Ашық сабақ. Математика. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі тәсілдерін пайдалану
Ашық сабақ. Математика. Логарифм. Ондық және натурал логарифм
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу