Ашық сабақ. Математика. Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу
Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы
Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Математика пәні мұғалімі Балтабай Жәния
10 сынып
Тақырыбы: Тригонометриялық
теңсіздіктерді шешу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Әдіс-тәсілдер: Түсіндірмелі - көрсетілімді, сұрақ-жауап, практикалық
Көрнекіліктер: тақта, бор, оқулық, интерактивты тақта, плакат, үлестірме қағаз.
Білімділік: тригонометриялық теңсіздіктер ұғымымен танысып, синусқа байланысты тригонометриялық теңсіздіктерді шешу алгоритмын түсіндіріп, нақтылы мысал арқылы көрсету және оны практика жүзінде қолдану.
Дамытушылық: ой –өрісін, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: жинақылыққа, реттілікке, ширақылыққа, тездікке тәрбиелеу.
Жоспар: 1)Тригонометриялық теңсіздіктер ұғымы туралы.
2) Синусқа байланысты тригонометриялық теңсіздіктерді шешуді қарастыру (алгоритмі; бірлік шеңберде шешу тәсілін нақтылы мысалымен түсіндіріп көрсету;
3) теңсіздіктің түріне, а-ның қабылдайтын мәндеріне байланысты шешімдер жиыны).


