Ашық сабақ. Математика. Бөлшектерді қосу және азайту амалын қорытындылап қайталау

Oinet.kz 26-11-2019 1149

Сабақтың мақсаты : Бөлшектерді қосу және азайту амалын қолдануды оқушы бойына сіңіре отырып, математикаға деген қызығушылығын арттырып,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Білімділік бағыты: Көбейту кестесі ,ЕКОБ-ге келтіре білу,бөлшектерді қосу, азайту ережелерін білуін тиянақтау.

Дамытушылық бағыты: Күнделікті теледидардағы ойындармен
байланыстыру арқылы ойлау қаблеттерін жетілдіре
дамытып,қалыптастыру.
Тәрбиелік бағыты : Топтасып жұмыс істеуге және шапшаңдыққа,
ұқыптылыққа , тез ойлауға бағыттап, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ .

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, буклет, цифрлар, бинго билеттері,тест, әр түрлі житондар.

Пән аралық байланыс : Қазақ әдебиеті .

Ұйымдастыру бөлімі: (амандасу,түгендеу, үй тапсырмасын тексеру,сынып оқушыларын 1,2,3 топқа бөліп отырғызу.Әртоптың аты, ұраны, топ басшысы болады.)

Кіріспе: Оқушылар, осы тарауда жай бөлшектер ұғымымен танысып, түрлерін ,негізгі қасиетін ,бөлшекті қысқарту,ортақ бөлімге келтіру, ЕКОЕ-н, ЕҮОБ-н табу тәсілдерін және сонымен бірге бөлшектерді қосу, азайту амалдарын қолдануды үйрендік. Бүгінгі сабағымызда осы өткендерімізді қорытындылап көрелік. Күнделікті теледидардан көріп жүрген ойын түрлерімен байланыстыра отырып сабағымызды бастаймыз.

1-топ: «ДҰРЫС БӨЛШЕКТЕР».
ҰРАНЫ: Алымы бөлімін сыйлап өткен
Біз, дұрыс бөлшектерміз»

2-топ: «БҰРЫС БӨЛШЕКТЕР».
ҰРАНЫ: «1-ден үлкен , 1-ге тең


Біздер, бұрыс бөлшекпіз».

3-топ: «АРАЛАС САН».
ҰРАНЫ: «Бүтін мен бөлшектен құралған
Біз, боламыз аралас сан ».

САБАҚТЫҢ ӨТУ ЖОСПАРЫ:
(әр топтың алдына қойылады)

БӘЙГЕ: (жұлдызша беріледі)

СҰРАҚТАРЫ: 1.Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылыды?
2.Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады?
3.Бөлімдеріәр түрлі бөлшектер қалай қосылады,азайтылады?
4.Аралас сан қалай қосылады, азайтылады?,екі тәсілмен түсіндіру.
5.Натурал саннан аралас сан қалай азайтылады?

БИНГО:
(3-уі дұрыс болса, қызыл түс ,2-уі дұрыс болса ,көк түс,1-уі дұрыс болса, сары түс ) белгілерін алып отырады.

.А001-билет: сұрағы: (билетті сатып алады)

Аралас санды бұрыс бөлшекке қалай айналдырады?

А.002-билет: сұрағы:
Бұрыс бөлшекті аралас санға қалай айналдырады?


А.003-билет: сұрағы:

Үлестердің басқа жай бөлшектерден айырмашылығы?

Есебі: 18(1/15 + 5(1/6) = 23(11/30);
(4/9) + (5/6) = (23/18) = 1(1/12)
(3/4) – (1/6) + (1/2) = (13/12) = 1(1/12)

А. 002 – билет сұрағы: «Бұрыс» бөлшекті аралас санға қалай айналдырады?
Есебі: (11/15) + (5/12) = ((44+25)/60) = (69/60) = (23/20) = 1(3/20)
45(2/3) + 2(1/4) = 47(11/12)
(6/7) - (1/4) + (5/14) = ((24-7+10)/28) = (27/28)
А. 003 – билет: «Үлестердің басқа жай бөлшектерден ауйырмашылығы неде?
Есебі: (4/15) – (2/45) = (2/9)
9(3/4) + 5(1/12) = 14(5/6)
(11/12) – (1/9) + (1/4) = ((33-4+9)/36)) = (38/36) = 1(2/36) = 1(1/18)
ІІІ. Логикалық сұрақтар:
1. Оқушылар бақылау жұмысын жазды. Есепті шығарған қыздар саны, сыныптағы ұлдар санына тең болды. Сыныптағы қыздар саны көппе, әлде ұлдар саны көп пе?
2. Қай кезде бөлінгіш пен бөлгіш тең болады?(бөлінді 1-ге тең болғанда)
3. Қысқартылған жай бөлшекті қай кезде қысқартуға болмайды.(жай бөлшекті еш уақытта да қысқартылмайды)
ІV. «1001 мақал, 101 жұмбақ»(І, ІІ, ІІІ, ІV), (сергіту ойыны).Сан ұғымына байланысты мақалды бір топ айтып, келесі топ жалғастырады.(2 мақал) 1 жұмбақ жасырады.
V. Жорға (5 сұрақ беріледі жауабына қарай 1,2,3,4,5 цифрлары беріледі). Сұрақтарды өздері таңдап суырады.
А-тобы:
1) Шеңбердің ұзындығын сызғышпен өлшеуге болама?
2) Жұп санның жай сан болуы мүмкін бе?(мүмкін 2 сан)
3) Шаршының қабырғасы 9 см, ауданы неге тең?
4) 45 минут сағаттың қандай бөлігін құрайды?(3/4)
5) Радиусы 4 см шеңбердің диаметрі неге тең?
В-тобы.
1) Шеңбердің айырмашылығы неге тең?(дөңгелектің ұзындығы болмайды)
2) Натурал сандар қатарында 2 жай сан қатар тұруы мүмкінбе?(2 мен 3)
3) Тік төртбұрыштың қабырғалары 3см және 8см тең ауданы неге тең?
4) 30 минут сағаттың қандай бөлігі?(1/2)
5) 1-ден кіші бөлшектер(дұрыс бөлшектер)
С-тобы:
1) Шеңбердің диаметрі 10см тең радиусы нешеге тең?
2) Шаршының қабырғасы 4см тең периметрі неге тең?
3) 15 минут сағаттың қандай бөлігін құрайды?(1/4)
4) 1-ден үлкен, 1-ге тең бөлшек?
5) 77,35,11 жай сан бола ма?
VІ. Мини тесті:(орындарынан 2 мин. Ұйымдасып шығарады, тақтаға жазады)
Тест - 1
1. Амалды орында: 3(3/5) – 2(1/4)
А) 1(7/20) Ә) 1(2/5) Б) 1(1/2) В) 1(1/10)
2. Есепте: 3 – 1(1/3)
А) 2(1/3) Ә) 2 Б) 1(2/3) В) 2(2/3)
3. Қосуды орында: (3/12) + (25/30)
А) 3(1/30) Ә) 2(59/60) Б) (29/30) В) 11(1/12)
Тест – 2
1. Амалды орында: 3(3/5) + 6(1/8)
А) 9(4/13) Ә) 9(29/40) Б) 9(4/5) В) 9(1/2)
2. Есепте: 5 – 1(1/2)
А) 3(1/2) Ә) 4(1/2) Б) 3(1/3) В) 3
3. Азайтуды орында: (4/8) – (3/48)
А) 2(1/16) Ә) (7/16) Б) (17/16) В) (9/16)
Тест-3
1. Амалды орында: (2/5) + (1/6)
А) (17/30) Ә) (16/30) Б) 1(1/30) В) 2(7/30)
2. Есепте: 6 – 3(5/7)
А) 1(2/7) Ә) 3(3/7) Б) 2(2/7) В) 7(1/7)
3. Қосынды орында: 2(1/3) + 4(1/6) =
А) 6(2/9) Ә) 6(1/2) Б) 1(5/6) В) 2(5/6)
VІІ. Қорытындылау: Әр топтың ұпайларын есептеп, жекелеген оқушыларға баға қойылады және жақсы қатысқан топпен жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушылар аталады. І – топ 11 ұпай, ІІ – топ 9 ұпай, ІІІ – топ 9 ұпай жинаған. «5» - 2, «4» - 5, «3» - 4 қойылып, 11 оқушы бағаланды.
Үйге тапсырма: Келесі де бақылау жұмысы болады.
Сабақ аяқталды.

Ашық сабақ. Математика. Рационал сандарды көбейту
Ашық сабақ. Математика. 6 сынып. Сандық теңсіздіктер қасиеттері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу