Ашық сабақ. Математика. Сандар сыры

Oinet.kz 26-11-2019 923

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Березов мектеп-балабақша кешенінің математика пәнінің мұғалімі
Киясова Канслу Нуртазаевна 

Сабақтың тақырыбы: Сандар сыры.

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың бойында ұлттық дүниетанымын қалыптастыру.

ә)  Экономикалық-саяси ұлттық тарих деңгейін және білім деңгейін арттыру.

б) Оқушыларды жан-жақты ізденушілікке баулу.шығармашылық жұмыс жасауға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысын түсінеді, сандардың басқа да пәндерде қолданылатыны туралы біледі.

 

 

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Жұмбақ шешу:

Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кеде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейтіп те аламыз.  (сандар)          

III. Ой қозғау: (Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыз)

1)    (2*1)    3=4

2)    (3*2)    1=2

3)    (7*4)    2=5

4)    (4*3)    5=?            Жауабы: 6                            

IV.Математикалық және пәнаралық байланыстар:

  1.     Квадраттың қабырғалар санын 100-ге көбейтіңіз.  (400)

  2.     Дөңгелек сөзінің әріптер санын 2-ге бөліп,5-ке көбейтіңіз. (20)

  3.     Шашбау сөзінің жартысына ка жалғауын қос.(шашка)

  4.     Бір жұмыртқа 4минутта піседі.Ал 5жұмыртқа неше минутта піседі?(4минут)

  5.     Кісібе жылдың ақпан айының соңғы күнінен 4 пен 5-тің көбейтіндісін айырыңыз.(9)

  6.     Тәуелсіздік күнін халықаралық әйелдер күніне көбейтіңіз.(128)

  7.     Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жасына 25-ті қосыңыз.(55)

  8.     Ұлы Отан соғысының басталған жылының цифрларының қосындысын табыңдар.(15)

  9.     Ең үлкен материктің әріптер санынан 4-ті шегеріңіз.(3)

10.«ля» нотасының ретіне квартет қатысушы мүшелерінің санын көбейтіңіз.(24)

V.Шығармашылық байланыстар-сандардың сырын ашу,яғни сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысы.

«Үш бәйтерек,үш би,үш қуат,үш асыл,үшбиік,үш жұрт»

Үш бәйтерек-І.Жансүгіров,С.Сейфуллин,Б.Майлин

Үш би-Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би.

Үш жұрт-ағайын жұрт,нағашы жұрт,қайын жұрт.

Үш қуат-ақыл,жүрек,тіл.

Үш асыл-көз,тіл,көңіл.

Үш биік-билік,дәулет,даналық.

Осыған байланысты 3санын математикамен байланыстыратын ұғымдарды атап кету:үшбұрыштарды шешу,үш перпендикуляр,3 санына бөлінгіштік белгілері,үшбұрыштың тамаша нүктелері т.с.с                           

 

«Бес арыс,бес ақыл,бес қару»

Бес арыс-Ж.Аймауытов,М.Жұмабаев,М.Дулатов,Ш.Құдайбердиев,А.Байтұрсынов.

Бес ақыл-талап,еңбек,ақыл-ой,қанағат,рақым.

Бес қару-мылтық,найза,айбалта,қылыш,садақ.

Осыған байланысты 5санын математикамен байланыстыратын ұғымдарды атау:Евклидтің V пастулаты........                                                   

 

VI.Сандар мен амалдар:

№1

  1.                 4●(5●2)=40

  2.              1●(7●10)=70

  3.           8●(4●0)=0

  4.           7●(3●2)=?      Жауабы:42

 

№2

  1.                 (7▲3)=21

  2.              (5▲2)=10

  3.           (15■5)=3

  4.           (10■2)=5

  5.              40■(4▲2)=?      Жауабы:5

 

№3

  1.                 5 (3 9)=17

  2.              (8 3) 6=17

  3.           (6 5) (7 1)=19

  4.           (5 2) (10 3)=?         Жауабы: 20                            

 

VII.Үй жұмысы:

«Жеті ата,жеті қазына,жеті ғалам» туралы білу. Сандар мен амалдарға есептер құрастыру

VIII.Қорытынды.

Ашық сабақ. Математика. Квадрат теңсіздіктерді шешу
Ашық сабақ. Математика. Рационал көрсеткішті дәреже тақырыбына есептер шығару
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу