Ашық сабақ. Бейнелеу өнері. Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы

Oinet.kz 26-11-2019 486

Сабақтың тақырыбы: Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға дөңгелек пішімді нәрсенің аксонометриялық проекциясын сызудың әдіс - тәсілдерін үйрету, эллипс туралы жалпы түсінік беру.
2. Дамытушылық: өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс істей білуге, танымдылық қабілетін арттыру.
3. Тәрбиелік: адамгершілікке, қауіпсіздік дағдысына, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: математика, геометрия, сурет.
Сабақтың көрнекілігі: тест, карточка, слайдтар, интерактивті тақта, таблица.
Күтілетін нәтиже: оқушылар еркін жұмыс істеуге дағдыланған, сабақ тәсілін жетік меңгерген, достық қарым - қатынасқа бейім, қауіпсіздік ережесін сақтай білетін, шебер оқушы қалыптасады.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Сұрақ - жауап әдісі.
2. Жаттығу жұмысын тексеру.
3. Шығармашылық жұмыстарды тексеру.
III. Жаңа сабақ.
1. Слайд, электронды оқулық арқылы сабақты түсіндіру.
2. Интерактивті тақтамен жұмыс.
3. Машықтану жұмыстары (деңгейлік тапсырмалар)
IV. Сабақты қорытындылау.
V. Сабақты бекіту(тест)
VI. Оқушы білімін бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
1. Сұрақ - жауап әдісі
a) Проекция дегеніміз не?
б ) Аксонометрия дегеніміз не?
в) Аксонометриялық проекцияның қанша түрі бар?
г) Диметрия дегеніміз не?
д) Изометрия дегеніміз не?
2. Жаттығу жұмысын тексеру
Тік төртбұрыштың тік бұрышты изометриялық және қиғаш бұрышты фронталь диметриялық проекциясын пішім қағазға орындап келу.
3. Шығармашылық тапсырманы тексеру.
Түрлі - түсті қатты қағаздан тік төртбұрыштың модельдің көрнекі кескінін жасап келу және оны пішім қағаз бетіне түсіріп келу.
III. Жаңа сабақ
1. Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіремін
2. Интерактивті тақтамен жұмыс
3. Машықтану жұмыстары (деңгейлік тапсырма беремін)
1 - деңгейлік тапсырма: шеңбердің изометриялық проекциясын тұрғызу. Бұл жұмыс интерактивті тақтада орындалады.
2 - деңгейлік тапсырма: қиғаш бұрышты фронталь диметриялық проекцияда тұрғызылған тік төртбұрыштың ішіне овал салу.
3 - деңгейлік тапсырма: диаметрі 36 және 55 миллиметр болатын шардың үш проекциясын тұрғызу.
IV. Сабақты қорытындылау.
V. Сабақты бекіту.
Тест тапсырмасын орындау.
VI. Оқушы білімін бағалау.
VII. Үйге тапсырма:

1) Жаттығу №1 сызып келу.

Ашық сабақ. Бейнелей өнері. Сәулет өнер
Ашық сабақ. Бейнелей өнері. Сәулет өнеріне саяхат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу