Ашық сабақ. Дене шынықтыру. Оң және сол қолмен ауыстырып жүру

Oinet.kz 26-01-2020 757

Бастапқы бөлім 15 минут Сабақтың мазмұны
1.Оқушыларды сапқа тұрғызу, кезекші мұғалімге есеп беру, қабылдау сәлемдесу, спорттық киімін және гигиенасын тексеру.
2. Жаңа тақырыпты жариялау, қысқаша түсіндіріп сабақ кезендегі қауіпсіздік ережелерін ескерту.
3.Саптағы жаттығулар, оңға, солға, кері айнала бұрылу, қатармен жүру.
4.Жеңіл жүгіру, қолды белге қойып екі жанымен жүгіру, қолмен желкені ұстап, аяқты алға-артқа сілтеп жүгіру, бар жылдамдықпен жүгіру.
5.Қолды жоғары көтеріп түсіргенде терең тыныс алып жүру, қолды тік көтеріп аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру, отырып жүру.
3.Екі қолдың кендігіне созып, қолды белге қойып басты оңға
4-рет солға 4-рет айналдыру, қолды иық тұсында ұстап алға және артқа айналдыру, қолды алға созып қайшылау, қолды кеуде тұсына ұстап 1-2 көкірек тұсында артқа сермеп 3-4 дегенде оңға және сол жанға қолды жазамыз, қолмен тізені ұспап алға- артқа және екі жанға айналдырамыз. 4 және 14 санға арналған жаттығуларды орындау допты алып жүруге арналған жаттығуларды жасату. Уақыт өлшемі
1.Кезекшінің оқушыларды сапқа уақтылы тұрғызып, есептің дұрыс берілуін қадағалау.

2.Пән мұғалімінің бұйрықтарының орындаоуын талап ету.

3.Жаттығу, арақашықтықты сақтауды, оқушылардың дұрыс орындауына назар аудару

4.Нашар оқушыларға назар аудару.
5.Тәртіпті сақтауын талап ету.
Негізгі бөлім:
25 минут 1.Мұғалімнің іс-әрекеті.

2.Оқушыларды сапқа тұрғызу бала санына қарай бөлу. Бекіту мақсатында кішігірім жарыс ретінде ойын ұйымдастыру.

3.Ойын барысын бақылап, қазылық жасау.

1.Оқушылардың іс-әрекеті:

2.Сапқа тұрады, түзеледі, тік тұрады, реттік сан бойынша санайды, бала санына қарай мұғалімнің бұйрығы бойынша екі-үш топқа бөлінеді.

3.Оң және сол қолмен ауыстырып жүрү, тактикасын меңгерту.

4.Допты алып жүру және беру.
5. Ойын элементтерін меңгерту.

6.1-2 мин терең демалып жүру оқушыларды сапқа тұрғызу.

23 мин 1.Сабақ тақырыбы мен мақсатын түсінуіне көңіл бөлу.

2.Оқушының ойын және қауіпсіздік ережесін сақтауын бақылау

3.Нашар оқушымен жеке жұмыс жасауға күш салу.

4.Ойын ережесі мен уақытының сақталуын қадағалау.

5.Жіберілген қателіктерді дер кезінде ескертіп, оқушының жеке жұмысын қалыптастыру.
Қорытынды бөлім: минут 5 1. Оқушыларды сапқа тұрғызу.

2.Жақсы ойын үлгісін көрсеткен оқушыларды марапаттау және бағалау.

3.Ойын барсысындағы кемщіліктерді ескерту.

4.Үй жұмысын тапсыру.

5.Оқушылармен қоштасу.

6.Оңға бұру.

7.Саппен оқушыларды спорт залдан шығару.

5 мин 1.Оқушыларды тынықтыру.

2.Сапта дұрыс тұруын қадағалау.

3.Жақсы ойын көрсеткен оқушыны үлгі тұту.

4.Оқушылардың пікірін тындау.

5.Үй тапсырмасын түсіндіру.

6.Оқушылардың сыныпқа түгел баруын бақылау

Ашық сабақ. Дене шынықтыру. Баскетбол
Ашық сабақ. Дене шынықтыру. Спорт ойыны – волейбол
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу