Ашық сабақ. Бала-бақша. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Oinet.kz 26-01-2020 1434

Жамбыл облысы.
Т Рысқұлов ауданы.
Құлан ауылы. 
«Балапан» балалар бақшасының тәрбиешісі 
Мусабекова Гульнара Каримбердиевна.

 

 

Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің  технологиялық картасы

 

Білім саласы :  «Қатынас», «Шығармашылық»

 

Бөлімі :  «Тіл дамыту», «Жапсыру»

 

Тақырыбы :  «Менің ауылым»

 

Мақсаты :

 

-Туған ел, Отан туралы балалардың  түсініктерін кеңейту, ауыл  көріністерімен таныстыру, атауларын білуге  үйрету;

 

-дайын сурет кесінділерін қиюға,кеңістікті дұрыс бағдарлай отырып жапсыруын дағдыландыру.

 

-Ойлау, есте сақтау, сөйлем  құрастыруын дамыту.

 

-Туған жеріне, еліне, патриоттық  сезімге  тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: слайд көрсету, суреттер, ҚР картасы

 

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, сөйлем құрау.

 

Билингвистикалық  компонент : Отан-Родина, ауыл-село-village.

 

Сөздік жұмыс : мекеме

 

 

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Кім кездессе көшеде,

Бөтен емес демейміз,

Аға, көке, тәтеге де,

Сәлеметсіз бе дейміз.

 

Қонақтармен  сәлемдесу

 

Сөздерді қайталайды

 

 

 

 

Қонақтармен сәлемдеседі

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық –ізденуші кезең

-Балалардың назарын тақтадағы ҚР картасына аударады.

-Бұл Қазақстан  мемлекетінің  картасы, біздің туған жеріміз, Отанымыз. Картада  Қазақстандағы  барлық қалалары  көрсетілген.

-Балалар сендер  қай мемлекетте  тұрасыңдар?

-Астанасы қай қала?

-Отан деген сөзді  қалай  түсінесіңдер?

Яғни  біздің  Отанымыз Қазақстан, Отанымызды сүйеміз.

-Сендер  қай ұлтсыңдар?

-Біздің  ауылда  өзге ұлттар  тұрады ма?

-Орыс  тілінде  қалай  сәлемдесесіңдер, ал ағылшын  тілінде ше?

Отан сөзін Родина, ауылды-село дейміз, ал ағылшынша ауылды  village  дейміз.

 Мына картада  Тараз қаласы  мына  жерде орналасқан. Соның  жанында  біздің ауыл бар.

-Ауылымыздың  аты қалай аталады?

Балаларға  видеоролик  көрсетеді.

-Ауыл сендерге  несімен ұнады?

Ауылда көптеген  көрікті, әдемі жерлер бар екен.

 «Мекеме» сөзіне  түсінік береді.

-Балабақша  мекемесінде  кімдер жұмыс  істейді?

-Емхана мекемесінде  кімдер жұмыс істейді?

Дидактикалық ойын:  «Қай мамандық»

Ойын шарты : суреттегі  мамандық  иелеріне қажетті  құрал-саймандарын  тауып орналастырады.

 

Өмірде кездесетін бір-екі  жағдаятты  тәрбиеші айтады, балалар шешеді.

-саябақта  анасынан адасқан бала. Осы жағдайда  кімге бірінші  телефон соғамыз? Полиция  қызметкері сенен не сұрайды?

-үйінде отырған баланың үйінен  өрт шыққан жағдайда кімге телефон  соғамыз?

-Балалар  сендер  өз көшелеріңнің  атауларын білесіңдер ме?

 

Балалардың тақпақтары:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Мақал мәтелдер

 

 

 

 

 

 

 

-Сергіту сәті:

(видеороликтен көрсету)

 

- келген қонақтарға   ауыл көрінісін  өнер  орталығынан көрсетеміз. Балаларды екі топқа  бөліп, бірінші топ  дайын суреттерді  көлемі бойынша  кесіп, үлкен плакатқа  жапсырады.

Екінші топ қағазды умаждап, жұлмалау әдісімен  дайын сурет  бейнесіне   жапсырады. Екі топ бірігіп мазмұнды  ауыл көрінісін бейнелейді.

-Қауіпсіздік  ережені еске алады, жеке көмек  көрсетеді.

Жұмыстары бойынша  әңгіме құрастыруды  ұсынады.

 

 

 

 

-біздің жеріміз.

 

 

 

 

 

-ҚР мемлекетінде

-Астана

-жеріміз, әке-шешеміз, балабақша, ауылымыз

 

 

-қазақпыз

Орыс, татар, өзбек, қырғыз

 

-здраствуйте

-hello

 

 

Сөздерді қайталайды

 

-Құлан ауылы

 

-балалардың жауаптары

 

 

 

-балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

Ойын ойнайды

 

 

 

 

 

 

-полиция қызметкеріне

102-ге, мекен-жай мен есемімді  сұрайды.

 

-104-өрт сөндірушіге

 

-балалар көшелерінің атауларын айтады.

 

 

Өскенде  мен ауылыма,

Үлкен үйлер саламын.

Сосын оны  жырлауға,

Дайын әркез  қаламым.

 

Қаздай болып тізілген,

Әдемі үйлер салынған,

Мешіт те бар  ауылда,

Саябақта бар тағы да,

Өзге ауылға бара қалсам,

Тез қайтамын ауылға.

 

1.Туған жердің   күні де ыстық, күлі де ыстық

2. Жері байдың, елі бай.

3. Туған жер тұғырың-туған ел  қыдырың.

-көщелерінің атауларын айтады

 

-сергіту сәтін  орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-жұмыстары  бойынша әңгіме құрайды.

-Менің ауылым өте әдемі, көрікті.

-Ауылда әдемі үйлер бар, саябақ бар.

 


Ашық сабақ. Бала-бақша. Қош балғын,балалық шақ
Ашық сабақ. Бала-бақша. Ойыншықтар әлемінде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу