Ашық сабақ. Оқушыларға тақпақтар

Oinet.kz 26-01-2020 1420

Қайролла Даяна
5 «а» сынып оқушысы,
№2Ертіс жалпы орта білім беру мектебі,
Ертіс ауданы,Павлодар облысы.


Мұғалім
Мұғалім біздің анамыз,
Анамызды сыйлаймыз.
Айтқан ақыл,білімін
Ықыласпен тыңдаймыз.

Анама
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
Кітап
Кітап оқу бұлағым,
Оқытатын ұcтазым.
Кітапта бар даналық,
Оқып біліп алайық.



Тәуелсіздік
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Бізге оны ешкім аяп бермеді.
Ата-бабамыздың арқасында,
Жеттік міне осындай азаттыққа.


Мектеп

Мектепке мен барамын,
Үлгілі оқушы боламын.
Үйреткен өнер-білімге,
Білдірем саған әрдайым!


Ашық сабақ. Тарих. Қазақтың алғашқы ордасы-Сығанақ
Ашық сабақ. Қымыз – ауруға ем, сауға қуат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу