Адамның ойына келетін ойлардың орташа саны 70 мың

Oinet.kz 27-05-2019 1723


1.Көп жылдар бойы ғалымдар құлақтағы шуды құлақтың механикалық функциясына байланысты деп ойлап келген, алайда ол мидың функциясына байланысты екен.

2. Әр кез сіздер жаңа ойды ойластырғанда, миыңызға жаңа іске қосасыз. 

3. Хош иіс арқылы сақталатын естелік ең мықты эмоциялық байланыс болып табылады .

4. Біз жыпылықтаған сайын, миымыз жұмыс істеп, заттарды жарық етіп ұстайды. Сол арқылы біз жыпылықтаған сайын әлем жарықтана түседі. (күніне, шамамен, 20 000 рет) .

5. Күлкі оп-оңай шаруа емес, адам күлген кезде мидың бес бөлігі қозғалады. 

6. Адамның ойына келетін ойлардың орташа саны 70 000 .

7. Неліктен ұйықтаймыз? Бірінші, физикалық, екінші психикалық. Кейбір зерттеулерге сүйенсек, ұйқы біздің қажет емес ойларымызды тазартады. 

8. Гипоталамус, алдыңғы мидың бөлігі, термостат сияқты температураны реттейді. Гипоталамус сіздің денеңіздің қалыпты температурасы қанша болу керектігін біледі (98,6 Фаренгейт, 37 Цельсий бойынша). Егер денеңізге тым ыстық болса, гипоталамус оны терлеу арқылы көрсетеді. Егер сізге суық болса, ол діріл арқылы білдіреді. Терлеу және мұздау арқылы дене температураны реттейді. 

9. Күніне 85000 ми қабығының нейронары мида жоғалып кетеді. Қуанышқа орай, бұл - білінбейтін залал. 

10. Зияткерлік қабілеттілік кезінде мидың көлемі мен салмағы бірдей болмайды. Мысалы, Эйнштейннің миы 1230 грамм болған, тіпті адамның орташа миынан да жеңіл. 11. Тірі ми өте жұмсақ болып келеді, тіпті оны ас үйге арналған пышақпен де кесуге болады. 

12. Мида 100 000 миль қан таситын қан тамырлар бар. 

13. Лондонның барлық көшелерін білетін жүргізушілердің гиппокампі үлкен болады. Зерттеу көрсеткендей, ақпаратты көп жаттайтын адамдар миының бір бөлігі өсе береді екен. 

14. Ми оттегісіз 4-6 минут өмір сүре алады, содан кейін өле бастайды. Егер оттегі 10 минут жетіспеген жағдайда, мидың ауыр зақымдалуына әкеледі. 

15. Біздің миымыз бізді жиі алдайды. Ол заттарды шындыққа сай емес, басқаша қабылдай алады.


oinet.kz


Мидың әр бөлігінің өз функциялары бар
Ағылшын тілін үйренуге арналған 66 сабақ, 7000 сөздік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу