Ғалымдар «қара құрдымның» фотосын көрсетті

Картинки по запросу черная дыра

Қара құрдымның фотосы

2019 жылдың 10 сәуірінде Брюссельде, Вашингтонда, Сантьяго де Чилиде, Тайпейде, Токиода және Шанхайда «қара құрдымның» фото суретіне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Неліктен ғаламшардың алты нүктесінде ғалым-астрофизиктерді тыңдау маңызды болды?

"Қара құрдым" дегеніміз не? 

Жойқын тартылыс күші арқылы бүкіл материя мен жарық нұрын еш жібермей өзіне тартып ала-алатын массасы өте ауыр жұлдыздық дене (үңгір емес) айтылады. Қара құрдымның шекарасы оқиғаның көкжиегі деп аталады, өйткені қазіргі заманғы физика тұжырымдамасына сәйкес ешқандай оқиғалар болмайды. Яғни, оларды әлі сипаттай алмаймыз. Ғалымдар салыстырмалық теориясы пайда болғанға дейін қара құрдым бар екендігін болжаған болатын. 1783 жылы ол туралы алғашқы сөз Джон Мичелл болды. Ол, әрине, Ньютон физикасының заңдарын басшылыққа алды.

1796 жылы Пьер Лаплас Ньютон заңдарына негізделген «гравитациялық мазарлар» теориясын ұсынды. Эйнштейн жалпы салыстырмалық теориясының негіздерін құрғаннан кейін ғана Карл Шварцшильд шексіз шағын дененің гравитациялық өрісінің дәл формуласын есептеді. Осыдан «қара құрдымның» теориялық негізі шындыққа айналды.

The Event Horizon Telescope жобасының мамандары бес құрлыққа орналастырылған 8 радиотелескопты екі жыл бұрын тұтас бір құрылғы тә­різді жұмыс істетіп, 2017 жыл­дың сәуір айында Құс жолы галактикасындағы Мер­ген А және Messier 87 галак­тикасындағы Қара құрдымды бақылаған. Нәтижесінде адамзат тарихында алғаш рет Қара құрдымның фотосы түсірілді.

3972769.jpg

Messier 87 галакти­касын­дағы Қара құрдымның массасы Күннен кем дегенде 6,5 млрд есе ауыр. Біз Қара құрдымның жиегі ретінде баға беріп отырған шеңбер­дің диаметрі 100 млрд шақы­рым­ды құрайды. Сонымен қатар бұл фото астрономия оқулықтарындағы бұрынғы су­реттерді алмастыратыны айтылуда. Өйткені бү­гінге дейін Қара құрдым ре­тінде көрсетіліп келген фо­толардың көбі иллюстра­циялар еді. Ал Қара құрдым дегеннің өзі ғарышта «отыны таусылған» жұлдыздардың жойқын тартылыс күшінің әсерінен материяны да, жарықты да «жұтып қоятын» аса ауыр дене. Кез келген жұлдыз Қара құр­дымға айнала алмайды. Массасы Күннен үш есе ауыр болатын жұлдыз ға­на Қара құрдымға айналуы мүмкін.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Тайжан қазақ тілі мен әдебиеті оқулығын сынға алды
  • Мысыр пирамидалары қалай салынған?
  • Логикалық сұрақ
  • Абай Құнанбайұлы. Балалық өлді, білдің бе?
  • Абай Құнанбайұлы. Бай сейілді
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика