Петко атай мен Пена әжей (ертегі)

Oinet.kz 29-07-2019 829

zhili.byli_.ded_.i_.baba_.0-08-30_.952_.jpg

Баяғыда бір ауылда Петка атай және Пена әжей деген шал мен кемпір өмір сүреді. Олар тәтті тамақ ішкенді, қыста жылы үйде, жазда қоңыр салқын көлеңкеде маужырап ұйықтағанды жақсы көріпті. Екеуіде жұмыс істегенді жандары қалайды екен. 

Жұмыс істеу маған неменеге керек? — дейді екен Петко атай. Бір күні Пена әжей бір құмыраны толтырып бұршақтан сылдыр көже жасайды. Шал мен кемпір құмыра толы асты тойып ішіп алады. 

Содан кейін Пена әжей шалға: Көжені мен пісірдім, ал енді жеңіңді түр де, мына құмыраны тазалап жуып бер. Ол таңертең маған сиыр саууға керек болады, — дейді. Жоқ, жуа алмаймын, — дейді Петко атай. 

— Ыдыс жуу әйелдің жұмысы. Өзің жу! Мен де жуа алмаймын! Тұрсын онда солай жуылмай! Түн болады. Кемпір мен шал ұйықтауға жатады. Құмыра сол күйі жуусыз қалады. Кемпір, — дейді шал әйеліне,

 — сен азанда ертерек тұрып маған сүт қайнатып қой. Сүт қосқан нан сорпамды ішіп алып, далалыққа барып қайтайын. Сүтті қайда сауамын? Құмыра болса, жуылмай тұр. 

Құмыраны жуып бер — сиырды сауамын, — дейді кемпірі. Бәрібір жумаймын, — деп қырсығады шал. — Одан да бәстесейік. Ұтылған адам құмыраны жуатын болсын. Келісемін, — дейді Пена әжей. 

— Бірақ қалай бәстесеміз? Екеуміз де үндемейміз. Кім бірінші сөйлеп қойса, сол құмыраны жуатын болады. Сөйтіп, кемпір мен шал осыған келісіп, ұйқыға кетеді. Таң атып, күн шығады. Шаруалар жұмыстарына кетіп барады. Бақташы табынды жинап, өріске айдай бастайды. Бірақ кемпір мен шалдың ауласындағы сиыр мөңіреп тұр, оны әлі ешкім саумапты. Петко атай мен Пена әжей міне, уәде бойынша дыбыс шығармай үнсіз отыр. Олардың дыбыссыз жатуы көршілерін де алаңдата бастайды: байлаулы сиыр мөңіресе де аулада ешкім көрінбейді. Көршілері үйге кіреді: 

Пена әжей, сізге не болған? Сиырыңызды әлі саумапсыз ғой? Әжей тіл қатпайды. Петко атай, бірдеңе айтсаңызшы? Пена әжей неге үндемейді? Петка атай да ләм-мим үнсіз. Тек жылқы сияқты басын шайқай береді. Е, белгілі болды, — дейді көршілерінің бірі. — Кемпір мен шалдың тілі байланып қалған екен! 

Кәні, біреуің емшіге жүгіріңдер! Игнат, ұлым, сен жүгірші! Емшіні ертіп кел! Игнат емшіге жүгіріп кетеді. Емші ауылдың шет жағында тұрады екен. Бала жүгіріп кеткенде, көршілер де жан-жаққа тарай бастайды. 

Қарап тұрсын ба, әркімнің өз жұмысы бар. «Тілі байланған» Петко атай мен Пена әжейдің қасында бір кемпір мен поп қана қалады. Поп та кетуге ыңғайланады. Құдай үшін, емші келгенше сен мына кісілердің қасында бол! — дейді ол кемпірге. 

— Байқарсың, тағы бірдеңеге ұшырап қалып жүрмесін! Қастарында бола алмаймын, әкей! Неге бола алмайсың? 

Қазір кім тегін жұмыс істейді? 

Төлеңіз — қарап отырайын, әйтпесе… Қ

алай дейсің өзің? 

Сонда мен төлеуім керек пе?

 Поптың ақша төлегенін қай жерден көріп едің? 

Поп үй ішіне көз жүгірте қарап, қабырғада ілулі тұрған жыртық кеудешені көреді. Оны ала бергенінде Пена әжей баж ете қалады: Сен немене? Менің кеудешемді мына жалқау кемпірге бергің келіп тұр ма? Мен не киемін сонда? Кемпірінің ащы дауысын естіп Петко атай орнынан тұрады. Ал, кемпірім, сен бірінші сөйлеп қойдың. 

Бар, кәні, жу құмыраны! — дейді. Сонда барып поп пен көрші кемпір екеуінің неліктен мылқау болып қалған сырын түсінеді де, бастарын шайқап, үйден шығып кетеді. 0000

Әділ және адал шаруа (ертегі)
Сараң баймен түстену (ертегі)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу