Шудукай (авар ертегісі)

Oinet.kz 29-07-2019 950

maxresdefault (1).jpg

Шын ба, өтірік пе, кім білсін, бұл өмірде Шудукай деген әйел болыпты. Оның бес қызы бар екен. Бір күні Шудукай дәмді ботқа әзірлейді. Тамақты ыдысқа құяр кезде қасық жетіспейтінін байқайды. Ағаш әкеліп, содан тезірек қасық жасай қояйын деп ойлайды да, орманға бармақшы болады. Жолда қасқырға тап болады. Сәлем, Шудукай! Қайда кетіп барасың? — дейді қасқыр. Орманға, — дейді де, жылдамдатып жүріп кетеді. Қасқыр Шудукайдың үйіне келеді де, есік қағады: Қыздарым, аша қойыңдар, мен шешелерің Шудукаймын ғой! Жоқ, ашпаймыз! 

Бұл біздің шешеміздің дауысы емес! Оның дауысы жіңішке әрі жағымды болатын. Сен жаусың, әрі жүр бізден! — дейді қыздар. Қасқыр әрі-бері жүріп, уақыт өткізіп барып, тағы келеді де, жіңішке дауысқа салып: — Қыздарым, аша қойыңдар, мен шешелерің Шудукаймын ғой! — дейді. Шешеміз екен деп байғұс қыздар ескіті ашады. Қасқыр үйге басып кіріп, ойранды салады. Қыздардың біреуі күлге түсіп кетеді, біреуі сандыққа тығылады, үшіншісі төбеге жабысып қалады. Қасқыр қалған екі кішкентай қызды жеп қояды. Содан кейін май, бал және урбеч құйылған барлық құмыраны түбіне дейін жалап, ботқаның түгін қалдырмай ішіп, орманға қашып кетеді. Шудукай үйіне оралғанда, ойран-топыры шыққан отбасын көреді де: Кім мұны істеген? Қайдасыңдар, қыздарым? Тірісіңдер ме? — деп айқайлайды. Сұмырай қасқырдың ылаңы, ол біздің сіңлілерімізді жұтып қойды,- дейді тірі қалған қыздары. 

Шудукай зар еңіреп, жылағанда екі етегі жасқа толады. Оның дауысын естіп түлкі жүгіріп келеді. Не болды, Шудукай? Сен неге жылап отырсың? Шудукай оған басына түскен ауыр қасірет туралы айтып береді. Бәрін мұқият тыңдаған түлкі былай дейді: Жылама! Сенің қайғыңа көмектесемін. Сен тек маған дәмді етіп ботқа пісіріп бер. Осылай дейді де түлкі орманға қарай бет алады. Келе жатып ағаштың түбінде демалып жатқан қасқырды көреді. Е, достым, байқаймын, өзің тыңқия тойып алыпсың. Енді тамақты сіңіру үшін таудан сырғанап ойнау керек қой, — дейді түлкі. 

Қасқыр бұған келісе қоймайды, бірақ қу түлкі қойсын ба, ақыры көндіреді. Түлкі өзімен бірге су құйылған құмыраны ала жүреді. Биік таудың басына жетіп, сырғанауға кіріседі. Қасқыр енді сырғанай бергенде, түлкі оның құйрығына су құя қояды, қасқырдың құйрығы мұзға жабысып қалады. Өй, қу түлкі! Сен не істеп жатырсың? — деп қасқыр ырылдай ұмтылғанмен, орнынан қозғала алмайды; мұзға жабысқан құйрығы жібермейді. 

Бұлардың айқай-шуын есітіп, қыздарын ертіп Шудукай да жетеді. Қолдарына таяқ алып, келе қасқырды төпелей жөнеледі. Қасқырдың танауынан кішкентай екі қыз ытқып шыққанша әбден соғады… Сол күні түлкі Шудукайдың үйінде мәз-мейрам қонақ болып отырғанда, құйрығы мұзға жабысқан қасқыр даланы басына көтеріп, ұлып жатты деседі… Осы кезден бастап адамдар арасында «қулықтың жеңбейтін күші жоқ» деген сөз тарапты.

Арыстан, қасқыр және түлкі (ертегі)
Жаралы құс (ертегі)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу