Балаларға базарлық: Қызықты ертегілер топтамасы

Oinet.kz 29-07-2019 1468

skazki-raznyj-vozrast-6.jpg

Мақтаншақ Бақа (ертегісі)

Құрлықта секіріп ойнап жүрген бақа не істерін білмей іші пысады.Судан өзінің бейнесін күнде көріп,әдетінше: 

-Мен сондай әдемімін.Бәрінен мықтымын.Мен сияқты ешкім ән сала алмайды,-деп қарлыққан даусын созып, мәз болады.Оның қайталанған әнінен мезі болған құрбақалар құр мақтануын тоқтатудың жолын іздейді. 

-Сен біздің мазамызды алып біттің, дәлелсіз мақтануыңа кім сенер,егер мықты болсаң кәне өзіңнің әншілігіңді сынар байқау өткізейік.Егер сен жеңсең жолыңа тұрмаймыз.Ал жеңіліс тапсаң бұл өнеріңді қоятын боласың? –деген сауал қояды.Байқау жарияланып,ең мықты әншімін деген атаққа лайықтылар жиналады.Құс атаулының әншісі Бозторғай,биші Шортан да,сылаңдаған Кесіртке де ,тағы басқа қатысушылар бағын сынайды.Өзінің әдемі даусымен ,сыңғырлаған үнімен даланы тебіренткен бозторғай барлығының көңілінен шығып қуаныш сезімге бөлейді.Бақаға кезек келгенде бақылдаған ащы даусынан кейін ,оны ешкім тыңдамай өздері әңгіме дүкен құрады.Мақтауға іліккен Бозторғай сайыстың жеңімпазы болып табиғаттың жыршы құсы атаныпты.Мақтаншақ Бақа өзінің әншілігін ел алдында дәлеледей алмай,жеңілгенін мойындап ән салуын тоқтатыпты. 

Ақыл мен Білім (ертегісі)

 Ертеде Ақыл мен Білім деген екі дос болған екен.Балалар екеуміздің қайсымызды бірімізді керек етеді екен деп ойланып отырып,олардың ортасына барады.Сонда баланың бірі : 

-Мен күнде екілік аламын,ата-анамнан сабақ оқи алмағаным үшін таяқ жеп,бұрышқа тұрамын.Маған керек десең ең бірінші білім керек.Менің басыма кірші,білімді қылшы ,- деп жалыныпты.Білім ойланып,баланың жауабын тыңдаған соң : 

-Жарайды егер шешкенің осы болса ,- деп баланың басына қонады.Сол күннен бастап әлгі бала сабақтан күнде бестік алып қайтады.Ата-анасы аң-таң.Бұл қалайша болғаны,біздің бала үйде мүлдем кітаптың бетін ашпайды,ал күнделігі төрт пен бес.Мүмкін мұғалімінің түсіндіргенін ұғып,айтатын да болар деген болжам жасайды.Достары да таңғалады. -Қалайша ол күнде екіден көз ашпайтын, енді бестікке қалай қолы оңай жетті?-деген сұраққа жауап таба алмайды. Бала қиналмай бестік алғанына мәз болып жүреді.Күндердің бір күнінде көшеде кетіп бара жатқан балдақты қария аяғы тайып кетіп құлап қалады.Бала оған мән бермей өз бетімен ойнап отыра береді.Ал жанындағы балалар қарияны қоршап көмектесіп жатады.Келесі күннің бірінде бір әжей баланың қасына барып: 

-Балам,көзімнің нашар көретіні бар ,мына қолымдағы ақшам алпыс теңгеге жеткілікті ме,санап берші,автобусқа мінуім керек еді,-деген екен.Бала барып әжейдің қолындағы ұсақ теңгелердің ішінен ешбір санамай жүз теңге ұстата салады.Бұл өзінің әжесі еді,немересін сынап,іс-әрекетін байқап жүреді.Содан үйге келгесін кешкісін ұйықтап жатқанда баланың басына қонған білімі ақылға хабарласып: 

-Ақыл,мен шаршадым,мына бала мені басына қондырып білімін арттырады ма десем,санасыз екен,әр істі оймен,ақылмен шешіп орындамайды екен.Ақымақ баланы ,бірден білімді ете алмаймын.Ол білімге оңайлықпен еңбектенбей қол жеткізе алмайды.Дереу сенің көмегің керек деп хабарласып ,орын алмастыруға шақырады.Таңертеңгісін бала тамақтанып отырып әдепті сөйлеп,үлкендерге көмектесіп,алғыс сөздер естіпті.Ақылды болып,жұмыстанып ,сонда ғана білімге қол жеткізетінін ұғыныпты. «Ақыл –білімнен жоғары» деген рас екен.

Жаралы құс (ертегі)
Айлакер түлкі һәм аңқау тиын (ертегі)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу