Кәсіп, еңбек туралы мақал – мәтелдер

Oinet.kz 30-06-2019 7647

Screenshot_1.jpg

1.Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар.

2.Қолы қимылдағанның Ауызы қимылдар.

3.Жас кезімде бейнет бер Қартайғанда дәулет бер.

4.Ер дәулеті — еңбек

5.Еңбегі аздың өнбегі аз.

6.Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін.

7.Алтын менен күмісті, зергер үшін жаратқан.

  Арқар менен құлжаны, мерген үшін жаратқан.

8.Шеберді саусағы асырайды.

9.Еңбегің болмаса елге өкпелеме, 

   Ықтасының болмаса желге өкпелеме.

10.Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады. 

    Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.

11.Еріншектің ертеңі бітпес.

12.Еңбексіз өмір жоқ,

     ауырсыз жеңіл жоқ.

13.Қойшыны таяғы асырайды,

    қасқырды аяғы асырайды.

14.Атан түйе жүк астында қартаяр.

15.Түйір нан – тамшы тер

16.Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.

17.Еңбек қылмай ер оңбас,

    Бірлік қылмай ел оңбас.

18.Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады,

    Кеш шықсаң алдыңнан түн шығады.

19.Тұлпар шаба жетіледі,

    Сұңқар ұша жетіледі.

20.Еңбектің көзін тапқан,

     Байлықтың өзін табады.

21.Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.

22.Ердің атын еңбек шығарады.

23.Еңбек ерлікке жеткізер,

    Ерлік елдікке жеткізер.

24.Бақыт кілті еңбекте.

25.Жер көңді жақсы көреді,

    Ат жемді жақсы көреді.

26.Көп еңбегі көңілді.

27.Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді.

     Отырған жерден отын кескен.

28.Сүйіп істеген іс шаршатпайды.

29.Жұмысы жемістінің - өмірі келісті.

30.Егін піспей, қам сайла.

31.Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,

     Бітірген ісін сұра.

32. Жақсы жұмыс – жанға тыныс.

33.Жан қиналмай жұмыс бітпес,

   Талап қылмай мұратқа жетпес.

34.Ырыс алды – ынтымақ.

35.Еңбек ет те, міндет ет.

Мақтаншақ Қоян (ертегі)
Кішкентай Маса(ертегі)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу