Қош бол балабақша (сценарий)

Oinet.kz 01-07-2019 1837

daycare-1050x700.jpg

Зал мерекеге са й әсем безендірілген. 

Ән: «Көк тудың желбірегені» 

Орындайтын: Ардаққызы Айкен. 

Балалар осы әнмен туларын көтеріп залға кіреді. 

Шеңбер жасап тұрады. 

Жылулық шеңбері: 

Тілек айту. 

Күніміз жарық болсын! 

Аспанымыз ашық болсын! 

Көк туымыз биік болсын! 

Нанымыз көп болсын! 

Елімізде тыныштық болсын! 

Бейбітшілік болсын! 

Қолдарындағы шарларын аспанға жібереді. 

Жүргізуші: 1941 жылы тұтқиылдан сұрапыл соғыс басталды. 

Соғысқа миллиондаған адам аттанды. 

Сол соғыста аталарымыз бен апаларымыз отан қорғауда ерен ерліктер көрсетіп, мәңгілік ел есінде қалды. 

Биыл Жеңіс мейрамын 68-ші рет тойлағалы жатырмыз.

 Қара бұлтқа оранбасын күн көкте, 

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекке. 

Отанымның бақыты үшін мерт болған, 

Батырларды есіңе ұста құрметте. 

Міне, енді осы сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп қаза тапқан батыр аталарымыз бен аналарымызды еске алып, бір минут үнсіздік жариялайық. 

Мирас: 

Көшеде тулар самғаған,

 Көктемнің қызыл гүліндей. 

Жеңіс тойын қарсы алам. 

Өзімнің туған күнімдей. 

Бүгін мейрам салтанат 

Бүгін халық алаңда. 

Кеште салют! 

Анталап Тамашалар адамдар! 

Батырларымызды еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қоямыз. 

Ерасыл, Әлихан ескерткішке гүл қояды. 

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар! 

Әріптестер және біздің бүгінгі балабақшамызбен қоштасқалы отырған бүлдіршіндеріміз. 

Бүгін бізде үлкен мереке, балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне, бүгін балабақшамен қоштасқалы отыр. 

Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің «Қош бол, сүйікті балабақшам» атты ертеңгілігін көріп тамашалаңыздар. Балаларға арналған құттықтау сөз, балабақша меңгерушісі Жубаева Әсем Дәулетханқызына беріледі. 

Жүргізуші:

 Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

 Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

 Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер 

Өздеріңмен қоштасатын күн туды. 

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар, 

Жүректерден арман отын жағыңдар. 

Жақсы оқып алтын ұя мектепте, 

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар. 

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін, 

Өздеріңді сағынып біз жүрейік. 

Құтты болып қадамдарың аттаған, 

Біз сендерге сәтті сапар тілейік! 

Ән: «Біз тәртіпті баламыз» 

Жүргізуші:

 Ақ тілекті ағытып бір тастайық, 

Қоштасатын кешімізді бастайық. 

Жүздеріңнен көркем шаттық арайы, 

Өтсін солай әр бір күнің әр айың. 

Енді балалардың балалақшаға арналған тақпақтарын тыңдайық. 

Айкен:

 Біз бақытты баламыз, 

Жетіліп ой санамыз. 

Бақшамызбен қоштасып 

Мектепке кетіп барамыз.

 Бұл күндерді қиялдап 

Сағынамыз әлі-ақ біз.

 Ерасыл:

 Біз сабақты бастаймыз,

 Қайталаудан аспаймыз.

 Есептен де қашпаймыз,

 Жазуды енді бастаймыз. 

Малика: 

Ойыншықты жинаймыз,

 Бөбектерге сыйлаймыз. 

Оқу білім үйреткен, 

Өзіңізді қимаймыз. 

Алты жасқа толамыз, 

Қуантып ата-ананы 

Мектепке кетіп барамыз. 

Жүргізуші: 

Мектепке енді барыңдар, 

Үлгілі бала болыңдар 

Жақсы оқып сабақты 

Кілең «бестік» алыңдар 

Көк жүзінде самғаңдар 

Тауды бұзып, тас жарып 

Мұхиттарды жалғаңдар. 

Күллі әлемді шарлаңдар 

Ғарышқа да самғаңдар. 

О, жарандар, жарандар 

Қане мұнда қараңдар — деп ортаға бишілерімізді шақырамыз.

 БИ: «Салтанатты би» 

Жүргізуші: Балалар, қазір тағы бір қызық болайын деп тұр. 

Біреу келе жатқан сияқты. 

Жалмауыз кемпір: Иә, иә. Балалар мені күтіп жүрген шығар. Мендей әдемі сұлу кемпірді күтпегенде кімді күтеді. Менімен амандасайын деп отырсыңдар ма?

-балалар.

 — Сәлеметсіздер ме, балалар! Самал жел маған хабар әкелді. Сендер мектепке барады дейді, солай ма? Қартайдым құлағым естімейді. Барасыңдар ма, мектепке? Ой, неге сонша айқайлайсыңдар, керең дейсіңдер ме мені? 

— А, барайын деп жүр екенсіңдер ғой. Кім сендерді мектепке жібереді екен. Мен мыстан кемпір оған қарсымын. Мынау не? 

Жүргізуші: Бұл қоңырау. Былай сыңғырлап сабаққа шақырады, сабақ біткен кезде тағы сыңғырлайды үзіліс болады! Жалмауыз: Алақай, үзіліс кезінде күліп, ойнап, жүгіріп бұзық болуға болады. 

Ән: Мен әдемі кемпірмін, Зейнетақы аламын. Мектеп деген бәледен, Тонымды алып қашамын. Оқымай ақ, балалар, Пенсияға шығыңдар. Ұйқың қанып тұрасың, Ойын-сауық құрасың. 

Жүргізуші: Бұл кемпір зейнеткерлікке шығып алып, сендерге де солай жасаңдар дейді ғой. Қойыңдар олай болмайды. Бұлардың бар өмірлері алда.Мектепке барады, жақсы оқиды, бір-бір мамандықтың иесі болады. Сіз ондай үгіт жүргізгенше, біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

 Ән: «Әліппе» 

Жүргізуші: Енді тақпақтарын тыңдап көріңіз. 

Мадина: 

Балабақша есігін 

Үшке тола ашқанбыз. 

Балапандай өсіріп, 

Мәпелейді бақшамыз.

 Бұл екінші үйіміз 

Бір туғанбыз бәріміз. 

Бағжан: 

Сүйген өз қыз, өз ұлын. 

Бөбегім деп аянбай 

Балабақша өз үйім 

Апай болды анамдай,

 Баулып, баптап өсірген

 Бұзықтық етсек кешірген 

Ұмытпаймыз өзіңді

 Ұмытпаймыз сөзіңді. 

Нұрай: 

Балабақша қош енді,

 Әркез аман бол деймін. 

Әкем менен шешемді, 

Енді ертіп келмеймін. 

Бақша біздің панамыз

 Мектеп біздің анамыз 

Ұлағатты ұстаздан, 

Оқып білім аламыз. 

Жалмауыз: 

Бәрекелді, жарайсыңдар, балалар! Енді сендерге мен сыйлық берейін. Сыйлықтарды жақсы көресіңдер ме? Жүргізушіге сен мына орындыққа отыруын сұрайды. 

Жүргізуші: Отыра қалып: а-а-а-а-а-ай 

Жалмауыз: Не болды? 

Жүргізуші: Мынау не? /үлкен кнопканы көрсетіп/ 

Жалмауыз: Кнопка! Ауырып қалды ма, ха-ха-ха. Балалар қызық болды ма? Балалар сендерге де, берйін бе? Мектепке мұғалім апайларыңның орындығына қойыңдар. Ұнайма. Онда тағы сыйлығым бар. Қалтасынан үлкен рогатка алып шығады. Атып жіберсең терезе тас-талқан болады, жоқ біреудің көзіне дәлдеп кеп атсаң, көзі көрмей қалады. 

-Әй ішегім, қандай қызық болады, ха-ха-ха 

Жүргізуші: Кемпір, қой енді, біз балаларды сыпайы, мейірімді, ұқыпты бол, ата-анаңды тыңда, үлкенге көмек көрсетіп, кішіге қамқоршы бол деп үйретіп, тәрбиелеп отырсақ, сен не деп тұрсың. Көзін ағыз, апайыңа кнопка қой деген не сөз, ұят емеспе.

 Жалмауыз: Мен оған қуанам, рахаттанам. 

Жүргізуші: Аямайсың ба, бір-бірінің басын жарып, көзін ағызып тұрсын ба? 

Жалмауыз: Ұрсын, бұзсын, жарсын, сындырсын. 

Жүргізуші: Жалмауыз мына орындыққа отыршы. Ал енді мен сені байлап тастайын, сенің ондай ақылың ешкімге де керек емес. 

Жалмауыз: Айғайлап, шындықтың құрбаны болдым, тыңдамаңдар, мұның сөзін мектепке бармаңдар, мектептің ешкімге керегі жоқ. Мектептер жабылсын! 

Жүргізуші: Мектеп, балабақша болмаса осындай өнерлі балалар қайдан болсын. 

Би: «Теңізшілер» Бармалей: Қолында таяғы бар, жан-жағына қарап, бір нәрсені іздеп топқа келеді. 

Жүргізуші: Мына Бармалей де мектептің, балабақшаның не екенін білмейтіні көрініп тұр. Амандасуды да білмейді. 

Бармалей: Әй, кемпір қайдасың шық! Суға батып кеттің бе? Мен енді кіммін шарыққа шығамын. 

Жалмауыз: Бармалей мен мұндамын, босатшы мені. 

Бармалей: Сені кім ренжітті. 

Жалмауыз: Балабақшамен қоштасушылар келіп, бір сиқырлы білім еліне бара жатырмыз – дейді.

 Бармалей: Ой, кемпір қашайық онда мен қазір ғана көрдім. 

Жалмауыз: Кімді?

 Бармалей: Білім ханшасы 

Жалмауыз: Қандай ханша? 

Бармалей: Оларға сабақа беретін апай, мұғалімі ме? 

Жалмауыз: Онда қаштық. Жүргізуші: Ертеңгілігімізді әрі қарай жалғастырайық. 

Тақпақтар: Айлун: Мектепке енді барамыз, Үлгілі оқушы боламыз. Жақсы оқып сабақты Кілең бестік аламыз. 

Әлихан: Қуанамыз, сыйлаймыз, Қуаныштың мың гүлі Бақшамызды қимаймыз Қоштасатын күн бүгін. 

Тоғжан: Балалақша үйіміз, Ағалардың сыйымыз. Серуендеп шығамыз, Таза ауаға жиі біз. Ауласында ойнаймыз, Ойнап қана қоймаймыз. Жақсы қоныс-жақсы үйде, Әнге бөлеп тойлаймыз.

 Ойын: (қыздарға гүл ұсыну) Оқу құралдарын жинау 

Жүргізуші: Ән саламыз бас қоса, Бақшаменен қоштаса. Күніміз тұрсын күлімдеп, Жүрейікші достаса. Көңілді өскен баламыз, Шырқап әнге саламыз. Тойымызға сән беріп, Ән де айта аламыз. 

Ән: «Оқуда озат боламыз»

 Кезекті тақпақтарға берейік: 

Мерей: Тәрбие берген ұямыз, Тәртіпті бала боламыз. Қоштасып балабақшамен, Біз мектепке барамыз. Жантөре: Қуан, шаттан алақай Қуанатын күн бүгін. Балабақша балақай, Құттықтайды бір-бірін. 

Адина: Бәріміз сүйіп өскен, Ақыл бізге үйреткен. Тәрбиеші апайларға, Бас иеміз құрметпен. Мирас: Балдырғанды мәпелер, Бақшада бар тәтелер. Қолымыздан жетектеп, Бізді сонда әкелер. Өз үйіміз анамыз, Күнде-күнде барамыз. Достарменен табысып, Қуанысып қаламыз. Жүргізуші: Баулап баптап өсірдің, Балалық етсек кешірдің. Ұмытпаймыз өзіңді, Ұмытпаймыз сөзіңді,- демекші наурыз айында Республика көлемінде өткен бүлдіршіндер арасында «Алғашқы қадам» фестиваліне қатысып І-орынды иеленген Ардаққызы Айкенді «Атам үйі аулақта» атты әнімен ортаға шақырамыз. 

Жүргізуші: Бүгінгі біздің түлектеріміз осы балабақшада өздеріне тәрбие берген балабақша қызметкерлеріне рахметтерін айта отырып, гүл шоқтарын табыстайды. Малика: Меңгеруші бақшада, Қамымызды ойлаған. Еңбегіңіз ерен-ақ, Балаларға арнаған. 

Бақшамыздан әр дайымн Бәрі-бәрі дап-дайын. Бізден сізге Әсем апай мың алғыс. Мадина: Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам боп шығамыз. Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс ӘдіскерАйнаш, психолог Балжан Апайларға мың алғыс. Нұрай: Үйренгенбіз өнер біз, Шетімізден шеберміз. Керемет қой әніміз, Мың бұралған биіміз. Үйреткен бізге жалықпай, Айгүл апайға мың алғыс. Тоғжан: Шыныққанбыз, шымырмыз, Ауырмаймыз ешқашан. Медбикесі бақшаның, Есте қалар әрқашан Роза апайға мың алғыс. Сандуғаш: Томпиған дәмді бауырсақ, Бізге арнап пісірген. Шебер қолды аспазшы Есепші, қоймашы, кір жуушы Дидар, Саулет, Гуля, Гүлнафис, Шолпан, Апайларға мың алғыс. Айкен: Бізге тәртіп үйреткен, Ән салдырып, билеткен. 

Таныстырған ең алғаш, Әріптермен, суретпен. Доспен тату ойнауды, Мерекені тойлауды . 

Бойымызға сіңірген Тәрбиеші Айнаш, Қарлыға Апайларға мың алғыс. 

Адина: Тәтті тағам ұсынып, Ақ төсекке жатқызған. Жайымызды жасаған Күтуші Мира апайға мың алғыс. Жүргізуші: Балаларымыз ертегіге киініп дайындалғанша ата-аналармен бір ойын ойнайық. Ойын: «Гүл ұсыну» Жүргізуші: Енді бүлдіршіндеріміздің ертегілер еліне саяхатын тамашалап көріңіздер. Аю: Алып батыр балпаңмын, Ақ ниетті дарханмын. Барлық аңға тимеймін, Балпаң-балпаң билеймін. Қасқыр: Аю, сені қолдаймын, Арам ниет болмаймын. Барлық аңдар достасып, Мерекеге бас қостық. Тиін: Мен тиінмін, тиінмін, Қыста жылы киіммін. Көк майсаға аунаймын, Түлкіден бір аумаймын. 

Қоян: Мен қоянмын, қоянмын, Сәбіз жеуді қоймадым. Түлкінің қуанышына, Тәтті сәбіз сыйладым. Ойын: Ата-аналармен. Жүргізуші: Бишілерде өнер көп, Билейді биді мәнерлеп. Көңілді биді көріңіздер, Өнерге баға беріңіздер.

 Би: «Қыздар» 

Жүргізуші: Енді салтанатты түрде түлектерімізге диплом табыс етеміз. 

Жүргізуші:

 Алуға терең білімді,

 Мектепке енді кеттіңдер. 

Өсті міне бойларың, 

Өсті ақыл ойларың. 

Қуанышқа ортақпыз, 

Құтты болсын тойларың. 

Сәтті болсын жолдарың, 

Айналайын гүлдерім. 

Ақ шуақты күндерім, 

Ерекше қызық тілдерің. 

Естен кетпес үндерің,

 Сүйкімді балғын бала шақ.

 Сендердікі болашақ 

Озат болып оқыңдар, 

Ойға білім тоқыңдар. 

Ән: «Қош бол балабақша»

Қош бол, сүйікті балабақшам
Тәуелсіз елдің ұландары (ашық сабақ)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу