Балабақшаға арналған ойындар жинағы

Oinet.kz 01-07-2019 1961

            Жай жүріп өт ойыны 

Тәрбиеші залдың шыға берісінде көзін жұмып тұр. Балалар колоннамен бірінен кейін бірі аяқтарының ұшымен жайлап өтіп бара жатады. Егер балалардың біреуі онша тыныш жүрмей бара жатса, тәрбиеші оған қолын тигізеді. Бала кейінірек барып тұрады да, бері өтіп болғаннан соң барып, тағы жүріп өтеді. Колоннаның соңындағы бала тәрбиешіге жайлап: «Бәрі кетіп-қалды»,-дейді. Тәрбиеші көзін ашады. Нұсқау. Тәрбиешінің қасынан тек ақырын жүріп өтпей, жайлап жүгіріп өте шығуға да болады. 

            Шеңберге түсір ойыны 

Балалар ортада жатқан диаметрі 1-1,5 м үлкен шеңберден немесе дөңгелектен (жіптен немесе еденге сызылған) 2-3адам жерде дөңгелектеніп тұрады. Балалардың қолында құм салынған қап бар. Тәрбиешінің «Лақтыр!» деген сигналы бойынша балалардың бәрі қаптарын шеңбрге лақтырады. Одан кейін тәрбиеші: «Қаптарды көтеріндер!» — дейді. Балалар қаптарын көтереді де, орындарына барып тұрады. Ойын 4-6 рет қайталанады. Нұсқау.Қапты екі қолмен лақтырулары керек. 

            Поезд ойыны 

Балалар колоннаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қол ұстаспай). Біріншісі – паровоз да, қалғандары – вагондар. Тәрбиеші гудок береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіруге айналады. «Поезд станцияға жақындап келеді»,-дейді  тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте – бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады; олар жан-жаққа тарап, гүлдер, жеміс, саңырауқұлақ, бүршік тереді. Гудокты ести сала олар қайтадан колоннаға тұрады да поездың қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4-5 рет қайталанады. Нұсқау. Алғашында балалар колоннаға кез келген ретпен тұрады, ал жылдың аяғында өз орындарын есте сақтауды-өз вагонын табуды үйретеді. Ойынның сюжетін өзгертуге де болады, мысалы, поезд көлдің жанына тоқтай алады, онда балалар қайықта серуендеуді, балық аулауды және т.б. бейнелейді. 

            Допты қуып жет ойыны

Балалар алаңда өзді-өзі ойнап жүреді. Тәрбиеші біршеше балаларды атап шақырып, допты қуып жетуді және онымен ойнауды ұсынады. Балалардың аттарын атай отырып, тәрбиеші кезекпе- кезек әр түрлі бағыттарға допты домалатады. Әрбір бала доптың артынан жүгіріп, оны ұстап алып, тәрбиешіге келеді. Тәрбиеші бұл жолы допты басқа бағытқа қарай лақтырады. Нұсқау.Үш жасқа аяқ басқан балалар тәрбиешінің бірнеше рет лақтырған добын қуып, қызыға жүгіруге қабілетті. Содан кейін ойынға балалардың келесі тобын тарту керек. Ойынға бір мезгілде 8-10 бала қатыса алады. Балалар бір мезгілде доптардың артынан жүгіру үшін, барлық допты бірден төгіп (домалатып) жіберуге болады. Доптың орнына резеңкеден жасалған дөңгелекті, жұмсақ қапшықты пайдалануға болады. 

            Жалғыз аяқ жолмен ойыны 

Тәрбиеші еденге ұзындығы – 2,5-3 м бір – бірінен қашықтығы – 25-30 см екі параллель сызық сызады (немесе екі жіпті салады). Ол балалардың орман ішінде қыдыруға баратыны жөнінде әңгімелеп береді. Жалғыз аяқ ұзын тар жолмен еппен жүру керек. Сызылған екі сызықтың бойымен балалар бірінен соң бірі жайлап жүріп келеді. Сосын кері қарай қайтады. Нұсқау.Балалардың сызықты басып кетпеуін, бір – біріне кедергі жасамауын, алдында келе жатқан балаға соқтықпауын тәрбиеші қадағалайды. 

            Кім бояу? ойыны 

Балалар тәрбиешімен бірге жүріп келе жатыр. Күтпеген жерден ол: «Ал енді көрелік, сендердің іштеріңнен кім өте баяу, аяқтың ұшымен жүре алады. Міне былай», — дейді (көрсетеді). Балалар аяқтарының ұшын көтеріп, мүмкіндігінше жай жүруге тырысады. Олар сол жүріп келе жатқан бағытта жүруді жалғастыра береді. Содан кейін тәрбиеші білдірмей бір жаққа қарай шегініп: «Ал енді бәрің де маған қарай жүгіріңдер»,-дейді. Балалар тәрбиешіге қарай жүгіреді, оны қоршап алады, ал ол балалармен әңгімелеседі, олардың жаттығуды жақсы да тырысып орындағанын атап айтады. Нұсқау.Үш жастағы кейбір балалар аяқтарының ұшымен жүрген кезде басын жасанды төмен салбыратып, иығын ішіне тартып жүреді. Оларға өздері сондай жай жүріп келе жатқан болып көрінеді. Балалардың қатесін көрсетіп, оларды жөндеуге тырысу керек. 

            Таяқшадан аттап өт ойыны 

Бөлменің ортасына таман еденге параллель екі таяқша қою, ара қашықтықтары – 1 м. Бөлменің бір жағында балалар тұрады, екінші жағында орындықтың үстінде жалауша жатады. Бала таяқшаларға бетін қаратып, 2-3 қадам алыс тұрады. Тәрбиешінің айтуымен ол бірінші таяқшаға жүріп барады, онан аттап өтеді, содан кейін екінші таяқшадан аттайды. Орындыққа барады, жалаушаны алады, оны жоғары көтеріп бұлғайды. Содан кейін жалаушаны орындыққа қояды, бір жаққа қарай шегініп жүріп, өзінің орнына келеді. Тапсырманы келесі бала орындайды. Нұсқау.Егер бірнеше рет қайталанғаннан кейін бұл тапсырма балаларға өте жеңіл болып көрінсе, олар оны тез де сенімен орындайды, сондықтан жаттығуды күрделірек етіп өткізген жөн: еденге параллель етіп 4-6 таяқша немесе бірнеше құрсау тастап, балаларға олардан аттап өту ұсынылады. 

            Мені қуып жетіңдер ойыны 

Балаларбөлменің бір жағында немесе алаңда орындықтарда немесе скамейкаларда отырады. «Мені қуып жетіңдер»,-дейді тәрбиеші және алаңның қарама-қарсы жағына қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешіні ұстап алғысы келіп, оның артынан жүгіреді. Балалар тәрбиешіні қуып жеткенде, ол тоқтап қалады да, «Жүгіріңдер, жүгіріңдер, қуып жетемін»,-дейді. Балалар өз орындарына жүгіріп барады. Нұсқау.Ойынды басында балалардың өз тобымен өткізген тиімді, содан кейін ойнайтындардың санын 10-12-ге дейін көбейтуге болады. Тәрбиеші балалардың жанынан жылдам жүгіріп кетпеуі тиіс. Балалар тәрбиешіні Балалар тәрбиешіні қуып жеткенде, жақсы жүгіретінің айтып оларды мадақтап қойған жөн. 

            Торғайлар мен автомобиль 

Балалар бөлменің немесе аланның бір жағында тұрған орындықтарға не скамеикаларға отырады. Бұлар – ұяларында отырған торғайлар.  Аланның қарама –қарсы жағында тәрбиеші автомобильді бейнелер тұрады. Тәрбиешінің: «Жол жүріп ұшып кеттік, торғайлар», —  деген сөзіне балалар аланның бойымен жүгіреді. Қолдарын, құстардың қанаттарын қақаны  сияқты екі жағынан бұлғайды. Тәрбиеші біраз уақыт өтккенен кейін: «Байқаңдар, автомабиль келе жатыр, ұшыңдар, торғайлар өз ұяларына»  дейді. Автомабиль гараждан шығып торғайлр жаққа бара жатады. Торғайлар ұяларына ұшып барып қонады. (орындықтарға отырады). Автомабиль гаражға қайтадан қайтып келеді.          Нұсқаулар. Басында ойынға балалардың шағын тобы (10 -12 ), содан кейін бүкіл топ қатыстырылады. Тәрбиеші торғайлардың қалай ұшатынын олардың дәндерді қалай шоқитынын алдын –ала көрмсетеді. Балалар торғайларға еліктеп отырып, бұл әрекеттің бәрін орындайды. Содан кейін ойынға автомабиль рольін көрсетуге болады. Мұны тәрбиешінің өзі орындайды. Тек біраз қайталаулардан соң, ол оны белсенді балаға тапсырады. Автомабиль өте қатты жүрмейді. Сөйтіп ол бүкіл құстарға өз ұяларына жетуге мүмкіндік береді. 

            Маған қарай жүгіріңдер ойыны          

Балалар аланның бір жағына қойылған орындықтарға отырады. Тәрбиеші қарама –қарсы жағында тұр. Ол: «маған қарай жүгіріңдер.Бәрі – бәрін  де маған қарай жүгіріңдер!» — дейді. Балалар барлығында құшақтағысы келгендей құшағын кең жайып өздерін жылы ұшырай қарсы алып тұрұған  тәрбиешіге қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешінің жанына жиналып болған соң, ол аланның басқа жағына барып, тағы да: «Маған қарай жүгіріңдер!» — дейді. Ойын 4 – 5 рет қайталанады. «Үйге қарай жүгіріңдер!»- деген сөзіне балалар орындықтарға қарай жүгіреді, отырады және дем алады. Ойынның  ережесі бойыша тәрбиешіге қарай « маған қарай жүгіріңдер!» — деген сөзден кейін ғана жүгіруге  болады. Итеріспеуге, бір –біріне бөгет жасауға болады. 

Нұсқау: Ойнағысы келгендерді шағын 2 топқа бөлуге болады. Әзірше бір топ ойнайды. Басқасы қарап отырады. Сосын олар рөлдерін ауыстыралды. Алғашында балалар кез –келген орындықты иемденуіне болады. Бірте – бірте олар өз орындарын табуға үйренеді. Ойынды қайталағанда  орындықтарды  бөлменің әр шетіне орналастыруға болады.

Сюжетті рольді ойын «Аурухана»
Қимылды ойындар (балабақшаға арналған)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу