Қойшы мен табын ойыны

Oinet.kz 01-07-2019 1596

koishi-tabin-oyni.jpg

Алаңның бір жағында гимнастикалық орындықтың немесе текшеленген жіңішке тақтайшаның көмегімен қой қора қоршалады.Ойнаушылардың ішінен қойшы таңдалып алынады. 

Қалғандары – қойлар. Қойшының көзін байлайды. Ол қой қорадан қашық емес жерде тұрады да: «Қойшы,қойшы, маған қанша қадам бересің?» деп сұрайды.Қойшы әрқашан қандай болса да (10-ға дейін) бір санды айтады. Қой сондай санға сәйкес келетін қадамды санайды да тоқтайды.Барлық қой тарап кеткен кезде қойшы: «Менің табыным қайда?» деп сұрайды Барлық қой: «Мә-мә-мә..,» деп дауыстайды. Содан соң үндемей қалады. Қойшы оларды іздей  бастайды. Олардың тек даусы шығады да, ал қойлар өз орындарында тұрады. 

Қойшы орнынан тұрып, біреуін түртіп: «Қойым, қойым, сен кімсің?» дейді. Ал қой «Мә мә мә» деп жауап қайтарады. Қойшы оның, кім екенін шешуі керек. 

Егер қойшы қателессе барлық қойлар маңырайды да, олардың біреуі қойшыны қой қораға қарай алып барады  ал өзі орнына қайта оралады. Қойшы: «Менің табыным қайда?» деп қайтадан сұрайды, ұсталған қойды ол танығанша, ойын жүргізіле береді. Содан кейін ол байланған көзін шешеді де, қой болып шыға келеді, ал қой қойшы болады.

Доп ұстау және Жүгіріп өту ойыны
Балаларға арналған қу түлкі ойыны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу