Балаларға арналған қу түлкі ойыны

Oinet.kz 01-07-2019 1490

Ойнаушылар бір-бірінен бір қадам қашықтықта шеңбер жасап тұрады. 

Тәрбиеші бәрінің көз жұмуларын сұрайды. 

Балалар көздерін жұмады, ал тәрбиеші шеңберді айналып (балалардың  артымен) шығады да, ойнаушылардың біреуін түртіп қалады да,сол  балақу түлкі болып саналады. Тәрбиеші содан соң балаларға көздерін аштырады да, жан-жақтарына ұқыпты қарауды, кімнің осылардың ішінде қу түлкі екендігін білдіріп қояр дейді. 

Ойнаушылар (аздаған саябыр дауыспен) үш рет дауыстап, алдымен жайлап, содан соң даусын көтеріп: «Қу түлкі, сен қайдасың?» деп сұрайды. Бұл кезде бәрі бір-біріне қарайды. Ойнаушылардың бәрі (оның ішінде қу түлкі де) үшінші рет сұрайды. 

«Қу түлкі сен қайдасың?» деп сұрағанда қу түлкі шеңбердің ортасына тез шығып, қолын жоғары көтеріп: «Мен мұндамын!» деп дауыстайды. Ойнаушылардың бәрі алаң бойына жүгіріп жүреді, ал түлкі оларды ұстайды ұсталған, яғни түлкі кімге қолын тигізсе, сол шетке шығады. 

Мұнан кейін түлкі ек-үш баланы ұстаған соң, тәрбиеші «Шеңберге» деп дауыстайды. Балалар қайтадан шеңбер жасап тұрады да, ойын қайталанады.

Қойшы мен табын ойыны
Тышқан ұстаушы ойыны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу