Абай Құнанбайұлы. Болды да партия

Oinet.kz 28-08-2019 1010

Болды да партия, 

Ел іші жарылды.

Әуремін мен тыя,

Дауың мен шарынды.


Құрбыдай хош тұттым

Жасың мен кәрінді.

Жоқтамай, ұмыттым,

Ақыл мен нәріңді.


Ортаға көп салдым

Өзімде барымды.

Япырым-ау, неңді алдым,

Сау қоймай арымды?


Ойымнан ой бөліп,

Қозғадың тамырды.

Көңілге тік келіп,

Кетірдің сабырды.


Өсекке салмаңдар

Ойымды, жарымды.

Өлшеуге алмаңдар,

Ойым бек тарылды.


Ұрыңнан асырдың

Сұм тілді қарынды.

Жасырдым, жасырдым,

Енді айттым зарымды

Абай Құнанбайұлы. Бақа мен өгіз (И. А. Крыловтан)
Абай Құнанбайұлы. Буынсыз тілің..
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу