Бурабайда суретке түспек болған астаналық әйел таудан құлап мерт болды

Oinet.kz 12-06-2023 1532

Бурабайдағы Бөлектау тауында суретке түспек болған әйел мерт болды. Ол құлап кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Астаналық әйелдің қаза болғанын Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлады. Дерекке сүйенсек, оқиға 11 маусым күні болған. Ол отбасымен қайғылы оқиғадан бір күн бұрын Бурабайға демалуға келіпті. Бірақ Бөлектау тауының төбесіне шығып, суретке түспек болғанда құлап кеткен. 

"Бөлектау тауының шолу алаңына көтерілу кезінде әйел суретке түспек болған, алайда ол 15 метр биіктіктен құлап, тасқа соғылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, - делінген полиция хабарламасында. 

Осы жағдайға байланысты полиция жергілікті тұрғындар мен қонақтарға қауіпсіздік шараларына жіті мән беруді және сақ болуды ескертіп отыр. 

«Бұл – мүлдем масқара жағдай»: Президент Абай облысындағы жолдардың жедел жөнделуін сынға алды
Абай облысындағы өрт қашан сөндіріледі? - ТЖМ жаңа басшысы болжам жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу