Бату қалай хан сайланды?

Oinet.kz 23-09-2019 1291

1-16-752x440.jpg

Жошы хан дүниеден өткеннен кейін, Шыңғыс қаған үлкен ұлының ұлысына басшы тағайындау мақсатында кеңес өткізеді. Оған Жошы ханның ұлдары шақырылады. Шыңғыс қаған билерін орындарына жайғастырып болғаннан кейін Жошының ең қабілетті ұлы Бату, тізесін бүгіп, сөз алып, былай дейді: "Әкеміз дүниеден өткеннен кейін, мен, ағам Орда Еженге: "сен маған әкемдейсің, әкеміздің орнына хан бол" дедім, ал ол болса, бас тартты, себебін білмей соны сізге жеткізу үшін келдім". Сонда, Шыңғыс қаған: "Бату, Жосыққа (Ясса) сай айтып тұр, сен неге келіспедің?",- деп Еженнен сұрайды. Сонда Ежен тізесін бүгіп, атасы қағанға: "Иә, хан ием. Батудан жасым үлкен екені рас, алайда әкеміз оны қатты жақсы көріп, еркелетіп өсірді. Осы күнге дейін оған бой ұсынып келдім, ал ол маған бойұсынбады. Ендігі, мен, хан болсам, оған бұрынғыдай бойұсынбайтын боламын, сол себепті арамызда араздық туады. Бұл сіздің көңіліңізден шықпасы анық, сол себепті де, мен хандықтан бас тарттым. Ендігі хан Бату болсын, мен оның билігін көтере аламын",- деген екен. Бұл сөздерді естіген Шыңғыстың көзіне жас келді. Немерелерінің мұндай берекесіне разы болып, оларға мақтау айтты. Артынша: "Бүгін билеріммен кеңесейін, ертең таңда жауабын беремін",- деп жауап берді. Таң атысымен Шыңғыс қаған, немерелерін шақырып, Жосыққа сәйкес, Бату ханға ұлыстың оң қанатын беріп, Еділдің бойына орналастырды, ал Еженге ұлыстың сол қанатын беріп, Сырдарияның бойына орналастырды. Сөйтіп, Шыңғыс қаған, Батуды әке орнына лайықты деп таныды.

Дереккөз: Өтеміс Қажы "Шыңғыснама", 1550 жыл

Мұхтар Тайжан қазақ тілі мен әдебиеті оқулығын сынға алды
Кенесарының баласын сынауы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу