Үй иесінің жазбасы

                                domovoj_rect_0a2a0091431c694e3acb332963b95d23.jpeg

Бұл жазбаны оқып қорықпаңыз. Жай ылғи бізді ешкім бақылап тұрған жоқ-ау деген сәтте жағымсыз әрекеттер жасаймыз. Елестетіңіз, мүмкін сізді тіршілік иесі бақылап ,күн сайын не істегеніңізді жазып жүреді.

12 шілде

Жаңа дәптер арнадым. Тоңазытқыштың ішінде жазып отырмын. Ол түннің бір уағында шұжық жеп отыр, байғұс мені ішкім көрмеді деп ойлайды. Содан болар, бөгде адамдарға «Диета ұстап жүрмін!» деп бөсетіні.

14 шілде

Сан түрлі газет-журналға жазылған. Елдің бәрін тамсандырып үйге әкеледі. Бетін ашып оқыса, мұрнымды кесіп берейін. Ары кетсе, қоқысқа тастар алдын суретін бір шолып шығады. Диван алдында мәнсіз шоу тамашалап отыр. Теледидарға қарап менің ішім пысып кетті. Өзі қалай шыдап көріп отырғанына таңым бар.  Торт жеп отырысы жаман емес. Ертең құрбысы келсе, қанша диета ұстағанмен азбайтындығын айтып зәрезап етеді.

17 шілде

 Таңертең басын жуып кебуін күтпестен сыртқа шығып кеткен. Нақұрыс, жатыр енді «басым ауырды» деп зарлап. Себепті сырттан іздейтінін қайтерсің? Біреу сыртқа сүйреп ап шыққандай.

18 шілде.

Жер бетінде осы ғана жұмыс іститін шығар. Жүйкеме тиіп бітті. Қоқысын тау қып үйіп, барлық жерді бықытады да жүреді. Шыдай алмай реттеп қойсам, шошынады. Өз салақтығынан қорықпаса да, тазалықтан қорқатыны күлкілі әлі аянышты. Кешке құрбысына қоңырау шалып, жаңа зат алған таныстарын күндеп өсектейді. Бұл шіркінді күніге сырттаай бақылап жүрмесем, аңқау басым әлемде бұдан өткен мінсіз адам жоқ екен деп ойлар ем.

20 шілде

Менің пәтеріме көшіп келгелі ата-анасымен  хабарласпаған еді. Ешкімі жоқ деп ойлағам. Бүгін ата-анасы келді. Құрбысы Таняны жек көрсе де күліп қарсы алатын неме бір қабағы ашылмай отырды. Өз күшімен қоғамға қосылғандай әкіреңдеп қауқарсыз екі қартты қуып шықты. Қонақтарды жек көрсем де бетін жас жуып, кемсеңдеп кетіп бара жатқан қарттарды көріп алғаш рет жаман сезімде болдым.

28 шілде

Өткенде ұнатпай қалғалы бері оны түрлі әдістермен қорқытуға көштім. Түрлі бақсы-балгерлерді үйге әкеле бастады. Бір балшы картаны жайып жіберіп , «бұл үйде бір қызды зорлап өлтірген. Соның рухы тыныштық таппай жатыр» деп қалтасын үптеп кетті. Ішек-сілем қатып шкафтың ішіне отырдым.

4 тамыз

Түнгі тықырым, ыдыстарды сындыруым әбден мезі еткен секілді.  Оның жылағанын көріп жаным байыз тапты. Бақытсыз балалығын, қазіргі кездегі сәтсіздіктерін айтқанда жұбатқым-ақ келді. Мені көрсе шошыр деп аптығымды бастым. Шынында, оның жанын түсінетін ешкім жоқ еді. Мен де оның ебедеейсіз әрекеттерін қызық көретінмін. Бүгінгі оның сезімін көзбен көріп біртүрлі қуыстанып қалдым. Ол лтым құрымағанда менің бар екенімді сезіп, қабылдай алса екен.

20 қыркүйек

Мен оны шексіз жақсы көремін. Кейінгі кезде ата-анасына ақша салып жіберетін болды. Жымиып әлдекіммен телефонда тілдеседі. Әйтеуір оның бақытты жүзін көргенде мен де шаттанамын. Олпы-солпы жүргеніне үйреніп қалған екенмін. Сағаттап айна алдында тұрғаны, әсемденіп сыртқа шыққанын қызғанатын болып алдым. Шашып кеткен заттарынн жинап қоямын. Ол да алғысын білдіріп, асүй үстеліне түрлі тәттілер әкеп қояды

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Иесіз шаңырақ (мистикалық әңгіме)
  • Үй иесінің жазбасы
  • Көріпкел «ұлыңды шайтан түрткен» деді
  • Шебердің хикаясы
  • Қарғыс жайлы не білеміз?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика