Қабдеш Жұмаділов: «Радио мен тележурналистер қате сөйлейді»

Oinet.kz 11-12-2019 1264

Қазір Ғабеңнің, Ғабит Мүсіреповтің әдебиеттегі орны үңірейіп тұр. Бұрын қолына қалам ұстаған жазушы "Мынаны Ғабең оқыса ұят қой!" деп әр сөзіне жауапкершілікпен қарайтын. Со кісінің қаһарына ілініп кетпейін деп айбынушы еді. Ығушы еді. Былайша айтқанда — қорқатын. Қазір ығатын да адам қалмады, қорқа қоятын да ешкім жоқ. Қаламына не іліксе, соны сүйкей беретін болды.

image.png

Әсіресе, радио мен тележурналистер бүлдіріп барады. Қате сөйлейді. Оларды мың-миллион адам тыңдайды ғой. Жақсылық жұқпауы мүмкін, қателіктер мен кемшіліктер күйедей жұғады. Басқаны үйренбесе де соны үйренеді. Мысалы, қазір "жұмыс жасайды, қызмет жасайды" деген сөз шықты. Жұмысты жасамайды, істейді! Жұмыс істейді. Журналистер "істейді" деген сөзден қашады. "Іс" деген сөзден шыққан сөз ғой. Оның несі ерсі? Абай ылғи "қылып" деп сөйлейді. Онда тұрған не бар?

Сөз қадірін білетін аузы дуалы ағаларымыз өмірден өтіп кетті. Ал, біздің аузымыздың дуасы жоқ па қайдам, әлде оны елеп-ескергісі келмей ме, айтсаң қастық ойлап отырғандай көреді.

2003 жыл.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Мырзабек Дүйсенов. Күнделігінен
Тұрсын Жұртбай. Мұхтар Әуезов туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу