Қария қандай болу керек?

Oinet.kz 11-12-2019 2331

Күндердің бір күнінде:

- Қартқа не жарасады?-деп немересіне сауал тастаған екен бір қария.

- Ата, қартқа сақал мен ағарған шаш жарасады,-депті немересі.

ата-әже.jpg

Сонда атасы терең ойланып отырып:

- Жоқ, балам! Сақал текеде де болады. Қартқа төрде отыру жарасады, не өсиет айту жарасады. Өмірде есектің ақырғаны қалса, қарттың өнегелі өсиеті қалады. Қартты сыйлаған Қыдырға жолығады, сыйламаған қыңырға жолығады. Елін ұмытқан есек болады, ағайынын ұмытқан кесел болады. Үйде ақылшы қартың болса-озасың, ақымақ болсаң -тозасың,- деп өзі жауап берген екен дейді.

Әбілда Аймақтың өлеңі
«Қарттар үйіндегі» былықтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу