Герольд Бельгер неміс пе, қазақ па?

Oinet.kz 12-12-2019 1282

Герольд Бельгердің күнделігінен:

Ахметовті қабылдаған Назарбаев оның миын түзеген болды. Тәуелсіз елдің президенті мен премьер-министрі — екеуі де қазақ — көп алдында орысша сөйлеседі. 

image.png

Біртүрлі оғаш, анайы көрініс, ұят. Мұндай төменшіктеу жер жүзіндегі басқа бірде-бір елде жоқ екенін неге ойламайды екен, шіркіндер? Осындай бола ма? Әлде, бұлары ұлтаралық татулық сақтаудың нышаны ма? Қазақ еліндегі қай ұлт пен ұлыс өкілдері оларға неге өз тілдерінде сөйлесесіңдер дей қояр екен? Намыс кәне? Әлемдегі қай мемлекетті алсаң да көпұлтты, тіпті, баз бірі Қазақстанды жолда қалдырады емес пе? Мәселен, Германияда қазір кемі 6 млн түріктер бар. Қытай, кәріс, жапон, қазақтар да бықып жүр. Әне, немісше білмесе, әлгілердің бірде-бірі онда жер басып жүре алмайды. Қайда да ел мен жер иелерінің үстем болуы табиғи құбылыс. Және заңды. Қазақтарға не болған? Жалтақ па, сорлы ма? Қазақтардың ондайға жүректері дауаламайтыны қызық. Бүкіл халық басшыларға қарайды. Өз-өзіңді тұқырта берме. Қарсылық жоқ, өзгелермен санас, сыйла, бірақ, жөні болады. Сен өзіңді сыйламасаң, сені де ешкім сыйламайды. Оян, қазақ! Бұл сөздерді айтып отырған мен, Бельгер, неміс десең неміс, қазақ десең қазақ!

08.10.13 ж.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Өлеңімді соқыр, ақсақ, шолақ қол қылыпты»
Дихан Қамзабекұлы. Смағұл Сәдуақасұлы туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу